Шет тілі сабағының құрылымы және оны ұйымдастыру жолдары


Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар



бет2/7
Дата19.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#95076
1   2   3   4   5   6   7
Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар.

1)Сабақтың мақсатқа бағытталғандығы
2)Сабақтың маңыздылығы
3)Оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру көбінде сөйлеу қабілеттерін тәрбиелеу, дамытуда
4)Сабақтың мотивациялық жағынан қамтамасыз етілуі
5)Сабақтың ғылымға бағытталғандығы. Бұнда сабақтың басқа да ғылым салаларымен және басқа пәндермен байланысты, ақпараттық құралдардың қолданылуы
Шетел тілі сабақтарына мынадай талаптар қойылады:
1) сабақ бастарда оқушылар сабақта жұмыс істеу тәртібін сақтайтын болуы керек: оқушылардың сабаққа даярлығын, кітап, дәптер, сөздік, күнделіктер партаның үстінде болуын тексеру:
2) оқушыларды шетел тіліне ынтықтыру мақсатымен фонетикалық жаттығулар орындап, шағын тақпақ, өлеңдерді күйтабақтан, магнитофоннан тыңдау, оларды қайталау;
3)оқушыларға сабақтың мақсатын айқын ашып көрсету;
4)қажетті кезеңдерде әрқашан тақтаны дұрыс пайдалана білу;
5)жаңа сабақ өткізер алдында өткенді қайталау, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында ұқсастыққа сүйеніп, қарама-қарсылық принциптерін пайдалану;
6) лексикалық, грамматикалық жаңа материалды түсіндіру, соңынан пысықтауға арналған жаттығуларды орындау;
7) жаттығуларды біртіндеп қиындата түсуді ескеру;
8) оқушыларға орындалатын жаттығулардың алдын ала орындау шарты мен мақсатын түсіндіру;
9)жаттығуды орындаған кезде оқушылардың белсенділігін арттыра алатын жұмыс тәсілдерін пайдалану; жаппай және жұптар бойынша жұмыс жүргізу, жарыс ұйымдастыру, бұл істе хорды, әнді, ойындарды пайдалану,көрнекілік және техникалық құралдарды қолдану;
10) қоңырау соғылмастан бұрын үй тапсырмасын түсіндіру, оны күнделікке жаздыру;
11)сабақтың соңында оқушылардың білімін, тілдік дағдылары мен сөйлеу іскерліктерін бағалап, сабаққа қорытынды жасау;
12) сабақты қалыпты қарқынмен, айқын мұқаммен, ұстаздық өнегелілікпен жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет