Оқушылар атақты адамдардың туған күндері немесе өздерінің сыныптарындағы оқушылардың туған күндерін айту арқылы тілдік дағдыларын ары қарай дамыта түседі. Фонетикалық жаттығуларды орындау кезінде көптеген әдіс-тәсілдер қолданылды. Соның ішінде магнитофоннан тыңдау, өлеңдер айту, тақпақ, мақал-мәтелдер айту. Есмағанбетова Гүлмира сабақ өткізгенде мақал-мәтелдер мен тақпақтарды айтқызды. Онда ол тақпақты тақтаға жазып, бірінші баяндауыштарды өшіріп, екінші бастауыштарды өшіріп, содан кейін сөйлемнің басқа тұрлаусыз мүшелерін өшіру арқылы жаттатқызды. әрбір сөйлем мүшесін өшіргеннен кейін оқушыларға хормен қайталатып айтқызып отырды. Бұл әдіс-тәсілді қолдану арқылы оқушылардың қысқа мерзім ішінде еске сақтау қабілетін дамытады. Екіншіден- қызықты, үшіншіден- уақытыт үнемдейді.
Жаңа тақырыпты түсіндіру, мәтінді, қайталау сабақтарын өткізу кезінде ойын түрінде өткізіп тұрған тиімді. Оқушылардың қызығушылығын жоғалтып алмас үшін ойын тәсілдерін қолданған жөн. Бұл кезде оқушылардың қызығушылығы жоғары болады. Ойынды қолдану әсерлі болып келеді. З.Р.Шайзатованың пайымдауынша, ойын көбінде оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерінің дамуы олардың өздігінен жұмыс істеу белсенділіктеріне тікелей байланысты.