Мәтіндерге тілдік талдау әдісі. Мәтіндерге тілдік талдау әдісі көркем шығарма тілін талдағанда, сөздік жұмыс, мәтінмен жұмыс істегенде қолданылады. Ол мәтіннің сөздік құрамын анықтауда сөз мағыналарын,сөздердің қолдану мақсатын ашу, талдаудан тұрады.Талдаулардың оқушының логикалық ойлауын талдау қабілетін дамытуға жетелейді.
Грамматикалық талдау әдісі. Грамматиканы оқығанда оқушылар біріншіден грамматикалық құбылыстарды табады. Сөйлем мүшелері, жеке морфемалар, олардың нақты белгілеріне қарай түр-түрге, мақсатына сәйкес бөлік, толық грамматикалық сипаттама береді, Жұмыстың бұл түрінде оқушының өздігінен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістерінің бірі, сипаты, түрі, мақсаты жаңынан алуан түрлі жаттығулар жүйесі болады. Оқушылар жаттығулар орындағанда тілге белсенді байқау жүргізеді, тілдік фактілерге талдау жасайды, қорытындылайлы, жинақтайды.
Тест әдісі. Қазіргі кезде ағылшын сабағында негізінен қолданылатын әдісгердің бірі - тест әдісі. Тест оқушылардың оқыған тақырыбын, игерген білімдері мен білім дағдаларын тексеру, бағалау, өткенді бекіту, қайталау сабағында пайданылады.Тест оқушылардың ойлау белсенділігін, қабылдау, ой қорыту мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.
Оқуға қойылатын негізгі талаптары. Ағылшын тілінде тән дыбыстарды дұрыс оқуға байланысты мәтіндегі сөз, сөйлемдерді орфоэпиялық нормада айтуға жаттықтыру үшін арнайы жаттығу жұмыстры жүргізіледі. Мәтінді оқытудан бұрын оның құрамында кездесетін жаңа сөздер түсіндіріледі.
Оқушылар мәтінді рөлге бөліп, оқумен, аударумен ғана шектелмей, оның мазмұнын ағылшынша айтуға жаттығады. Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар осы талапқа сай ойластырылып, оқушыларматін мазмұнын түсініп оқуға жүйесі түрде айтуға талаптанады. Бұл мақсатқа жету үшін оқушының сөздік қоры мол грамматикалық тұлғаларды меңгеру дәрежесі ойдағыдай болумен қатар, оны байланыстырып,сөйлей білуі қажет.
Оқушылар мәтінді оқып, оның мазмұнын айтып беру үшін ар мәтінді дұрыс мәнерлеп түсініп оқуы,сұрақтарға дұрыс жауап беруі жетекші сұрақтарға жауап беріп,тыныс белгісіне дауыс ырғағын келтіріп оқуы, мәтінді әр сөзге,сөйлемдерге дауыс екпінін дұрыс түсіруі керек. Мәтінді екі тілге аудара білуі маңызды. Әр мәтін сайын жаңа сөздердің,сөз тіркестерінің, мақалдардың, нақыл сөздердің сөздігін жасап отыруы жерек. Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу сөйлемдердің логикалық екпінге ие сөзді, логикелық паузаны, дауыс ырғағын білуге үйретеді. Оқушы мәтінді оқыған кезде алдына мақсат қоюы керек.Оларды шығарма кейіпкерлерін өз атынан әңгімелеуге үйретудің де маңызы зор. Шығарманың рухани кейіпкерлерінің сезім сырларына баға бере отырып, оған тыңдаушы назарын аударта білуі қажет.Автор сөзініңттөл сөздің дауыс ырғағын сақтай отырып, төл сөздерді жалғас әуенмен оқуы тиіс.
Диалогтарды рөлге бөліп оқып, диалогты, мәтінді авторлық баяндау, суреттеулерге оқуға жетілдіру, жатгықтыру да оқуға қойылатын негізгі талаптарға жатады.
Ал психологиялық қиындық шынайы қиындыққа қарағанда жиірек кездеседі. Оқушы мұндай жағдайда көбінесе үнсіз қалады.Яғни:
- Оқушы өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралды таба алынғандықтан үндемейді.
- оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылғандықтан үндемейді.
- өз білім дәрежесінің төмен екендігін көрсеткісі келмегендіктен
үндемейді.
Мұндай жағдайда оқушыны сөйлету үшін оған қысым көрсетпей, оған сөйлеу үшін ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, оқушыны өз әрекетерін тыңдай білуге үйрету керек.
«Интерактивті әдістер» оқушылардың шет тілін оқуда өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын тәсілдер, ал «интерактивті оқытуды» өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған оқыту деп айта аламыз.
Оқушы оқушымен, топпен, ұжыммен, мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру. Сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігі күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары арқылы ауысып отырады. Мысалы: сабақтың басында сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық, бекіту кезінде топтық форманы немесе жеке топтық жумысты қолданамын. Топтарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың бір-бірімен білім алмасуын, жеке тұлғасын дамытуға ықпал жасауына көңіл бөлемін.
Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, сауатты жазуға үйрету, қазақ халқының
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен, жұмыс - сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
1. Дыбыстармен жұмыс;
2. Сөздіктермен жұмыс;
3. Сөздік қорларын жетілдіру;
4. Тіл дамыту;
5.Ережемен жұмыс;
Қазіргі буынғы ағылшын тілі оқулықтарында оқушының еркін сөйлеуше үйретуде, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында қолдануына дағдыландыруда соңғы әдістемелер қолданылған. Оқыту тәсілдері әртүрлі, негізінен оқушы күнделікті тіршіліктегі ситуацияларда қолданылатын ағылшын тілін үйренуде.Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Әр сабақтың алдында «берілген тақырып ,туралы оқушы не біледі?» деген мақсатпен «сұрақ - жауап», «талқылау», «ой алмасу», сияқты тапсырмалар үнемі беріліп отырылады. Лексикалық және грамматикалық материалда басты көңіл бөлінетіні сөйлеу және оқу.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатын көздеген республика білім беру жүйесі қазіргі кезде көптеген реформалар жүргізуде. Осы реформаларға сәйкес республика мектептерінің оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып жатыр.
Жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың модульдік, деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан оқу мен жазу, электрондық оқыту, жобалап оқыту оқушыларды дамыта отырып оқытуға негізделген технологиялардың негізгі қағидалары балаға ізгілік тұрғыдан қарау; баланың танымдық күшін қалыптастыру, және дамыту; оның өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуі болып табылады. негізінде ағылшын тілін оқыту процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған.
Тілдік материалдар қазіргі өмір шындығынан алынған және оқу процесінде әбден шыңдалып, өңделген тілдік материалдар. Сондықтан бұл материалдардан күнделікті тіршіліктегі жағдаяттарда қолданылатын ағылшын тілін үйретуге болады.
Басты көңіл бөлінетін нәрсе - сөйлеу және оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді.
Сөйлеу мен оқу әрекеттері арқылы дұрыс нәтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлеп, тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу үшін мынадай: ұжымдық жұмыс, жекелей жұмыс, жұптық жұмыс, топпен жұмыс оқыту тәсілдерін қолдануға болады.
Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін мынандай: сұрақ – жауап талқысы, салыстыра отырып әңгімелесу, проблемалық сұрақтарды талдау, мәтін не әңгіме бойынша өҙ ойын-ортаға салу, ой алмасу, шарт қою, диалог түрінде сөйлеудегі ойды көрсете білу, пайымдау, логикалық ой тұжырымын дамыта отырып сөйлеу, түйіндеу, дәлелдеу, жоспарлау арқылы сөйлеу, ситуацияға байланысты сөйлеу, ойындар арқылы сөйлеу, сұраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты сөйлеудің түрлерін қолданамын; әрі бұлар менің сөйлеуді үйретудегі бағыттарым болады.
Оқу. Мәтін негізгі қарым-қатынас құралы. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді, соны анықтау бір, мақсат болса, екінші мақсат өз білімі деңгейінде ойын айтқызып мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру. Бұл жұмысты бүкіл топ болып немесе 3- 4 оқушы бірігіп және жұптасып тапқылауға болады.
Мәтінді оқыған соң оқушы ұғымын тексеруге арналған «Тrue or False» жаттығуын қолдануға болады, «What is your opinion?» «What do you think about…?» сұрақтарын қою арқылы оқушылардың мәтіндегі мәселе бойынша өз ойын ортаға салып, пікірін айтуға, еркін сөйлеуге үйретіледі. Оқушыны еркін сөйлеуге төсілдіру үшін сөздерді қайталату, оларды еркін де дұрыс қолдана білуге үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға үйрету де басты назарда болу керек.
Бұдан басқа да мәтін оқығанға дейінгі, оқығаннан кейінгі әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолданып балалардың сөйлеу қабілеттерін дамытуға болады.
Тыңдап - айту. Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Қазір біз тілді меңгертуде шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспаларды, видеофильмдерді қолданып, оқушылар үшін ағылшын тілінде жүретін телебағдармаларды көруді ұсынамыз. Сонымен қатар, тағы да айта кететін жайт - ағылшын тілді мемлекеттерден келетін еріктілермен шет тілінде әңгіме-дүкен құру да оқушылардың тілін дамытуға үлкен әсерін тигізеді.
Тағы бір көңіл аудара кететін жағдай интеракгивті әдіс тәсілдің маңызды көрсеткіштері деп оның тәрбиелік жағын да айта кеткен жөн. Топпен жұмыс істеу білім алушылардың бірін - бірі тануына, тыңдау мен пікір алысу мәдениетінің қалыптасуында да өз әсерін тигізеді.
Қорыта айтқанда, интерактивті тәсілдің ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушыларға оқытылып отырған тілдің практикалық тұрғыдан қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың шетел тілін оқып үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар оқушылар әрекетін белсендіру, оқу материалдарын, оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады. Интерактивтік әдістің дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында; оқытушының рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, студенттердің білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісі - мүшелеріннің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде т.б. Интарактивтік әдіс - күрделі құрылымды тәсіл және біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр тәрбиеленуші өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында сдбғақ» лайық жағдайлар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |