2.2 ЖАЗУДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Ағылшын тілін үйретудегі ең қиын процестің бірі - оқушыны оқуға үйрету. Себебі ағылшын тілінде 26 әріп 146 әріптік белгі бар. Егер ағылшын тілі алфавитін қазақ тілінің алфавитімен салыстырсақ ұқсас әріптер К, М, Т, ал қалғандары G, H, J, R, S, W, Z, әріптері мүлдем жоқ..Ал қалған әріптер А.С.Н,О,Ф,У,Х, екі тілге де ортақ. Бірақ оқылуы әр түрлі.Оқуға үйрету тілдің әліпбиіндегі әріптерді ауыстырудан басталады. Ал ағылшын тілін үйретуде тілдің әріптер жүйесімен бірге дыбыстық жүйесінде қатар үйрену керек. Сөздің дыбыстық белгіленуі транскрипция арқылы беріледі. Оқушылар дыбыстардың ашық, үнді , дауыссыз , дауысты , екенін және дыбыстың буынның түрінде оқылу ерекшеліктерін білу қажет. Ағылшын тілінде оқытуда оқудың барлық ережесіне үйрету мүмкін емес, дегенмен кейбір ерекшіліктерін есте сақтау абзал.
Оқу процесін жеңілдету үшін жаңа сөздерді , сөз тіркестерін , фразаларды алдын-ала оқыту қажет.
Үйрету әдістері
І. Оқыту әріпті сөзді және графеманы таныстырудан басталады. Бұл үшін карточкаларды қолдану ыңғайлы,
II.Ереже бойынша оқылмайтын сөзді жеке таныстыру:
Eg-lake, plane,have, Mike
III. Сөздердің сыңарын таңдап алу:
Eg - does - goes, people - pupil, form - from, come - some, though - thuough
Оқуды үйретуде! нетімі орын алатын транскрипцияны үйретуге байланысты.
Ішінен оқуда негізгі орын көруге, көзді пайдалануға беріледі, Ішінен оқыған кезде лексикалық,грамматикалық және айтуға дағдылары дамытылады.
Оқудың түрлі қызметі болады:
1) жүйелеу, жинақтау
2) танымдылық
3) қарым-қатынас
Ондағы негізгі мақсат-ағышын тілін оқыту арқылы оқушының өнегелік және эстетикалық жағынан әр жақты дамыған, саяси идеялық жағынан танымды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Бүкіл оқыту барысында қатынастық бағыт бере отырып, ағылшын тілінен алған білімін іс жүзінде жоғары оқу орындарында, еңбек ету барысында пайдалануға дағдыландырады. Алайда , ағылшын тілін үйрету күрделі, ол-қатынастық функционалды бағытта болуы тиіс. Қай тілдің болмасын механизмін үйрену үшін мынадай екі жағдайды білу қажет:
1. Сол тілдің жүйесі қалай құрылған?
2. Оны тәжірибелік жағынан қалай меңгеру керек?
Демек, ағылшын тілінің құрылысын және оны тәжірибелік жағынан меңгеру оқу процесінде бірте-бірте қатынастық ұйымдастыру тиімді деп айтуға болады. Өйткені, қатынастық тәсіл оқу процесінің барлық жағын қамтиды:
- сабақ әдістерін таңдау, оны. жүргізу әдістері, жолдары, сабақ мазмұнының тәрбиелік жане білімдік меңгерудегі дағдысы мен қабілеті т.б.
Әр түрлі қатынастық мақсатта оқыту ағылшын тілін тәжірибелік жағынан меңгерумен ықпал жасаумен қатар оны үйренуге деген қызығушылығын арттырады.
Оқытудың нәтижесі әдістерге тәуелді болады. Оқыту әдісі оқушыға білім, те беру және оның қоғамдық мәнісін дамыту міндеттерінен шығатын оқу материалын, теориалық және тәжірибелік меңгеру формасы.
Оқыту әдісіне қойылатын талаптар:
Оқыту әдісінің нақтылығы,ғылымилығы, жүйелігі, қол жетімділігі, айқындылығы,нәтижелілігі.
Қазіргі кезде педегогикада оқыту әдістерін үш топқа бөліп қарастырып жүр:
1) сөздік
2) көрнекілік
3) тәрбиелік-тәжірибелік әдістер
Оқытудың сөздік әдістерінің тобы мұғалімнің сөзіне сүйенеді. Сөздік әдістердің тобына баяндау,әңгіме,түсіндіру,арнайы матінмен кітап оқу және магнитафондық жазбамен, өз бетімен жүмыс жатады. Көрнекілік әдістер сөздік әңгімесімен тығыз байланысты. Себебі кез келген көрнекі құрал түсіндіреді, талданады. Оқытудың тәжірибелік әдістеріне оқушының киімі Мен дағдыларын - қалыптастыру және жетілдіру процестеріне байланысты әдістер жатады. Ағылшын тілі пәніне тән оқытудың басты әдістері мыналар:
- әңгіме әдісі ағылшын тілі сабағында кеңінен қолданылуы тиіс. Оны кез келген сабақта қолдануға болады. Сондықтан ол мазмұны жағынан сан алуан болады.Әңгіме әдісі оқыту материялын оқушының жеке өмір тәжірибесімен байланыстыруға үлкен мүмкіндік береді. Оқытуда әңгіме екі түрлі пайданылады;
- сұрақ-жауап негізіндегі әңгіме және эвристикалық жаңалық ойлап табу жолындағы әңгіме. Катехизикалық әнгіме оқушының білімін тексеру , бекіту, оқылған мәтіндерді талдау жұмыстары үшін қолданыады.Ал,энристикалық әңгіме жаңа қағидалар мен қорытындыларға әкелу бағытында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |