Шет тілін оқыту әдістемесі шет тілін оқыту орындарында оқыту үшін қолданылетын ғылыми негізделген теория



бет8/8
Дата13.06.2022
өлшемі83,97 Kb.
#36787
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
курсовой жұмыссссссс

ҚОРЫТЫНДЫ
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлға аралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Оқушы білімді дайын күйінде оқытушы түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірдің тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығарғармашылық тапсырмаларды орындау арқылы әр түрлі жаттығулар жасауы тиіс. Осылай оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасады. Біздің қоғам дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер иятерактивті деп аталады. Бұл әдістерді қолдану жеңіл емес, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Интерактивті әдістер оқытушының оқытуды қандай шеберлікпен ұйымдастырғанынан болады. «Интерактивті әдістер» білімалушылардың шет тілін өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын тәсілдер, ал «интерактивті оқытуды» өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған оқыту деп түсінуге болады. Интерактивті әдістердің мәні - әрбір оқушының оқушымен өзара белсенді байланыста болып, оқытушымен бірлесіп отырып, компьютермен жұмыс жасап, оқу танымдық нәтижеге жетуі. Бұл әдістер барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптасуға бірден-бір әсер етеді. Оқытушы мен оқушы бірлесіп оқи отырып, субьект ретінде болады. Оқытушының рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы, оқушылардың ынта ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенуіне негізделген. Олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Шет тілі сабағының тартымды да түсінікті болуы оқытушының шеберлігі мен ізденімпаздығына байланысты. Жалпы интерактивті әдістер арқылы оқытудың басты мақсаты – білімалушылардың білімін жетілдіру үшін қолайлы орта орнату. Яғни, өзара қарым-қатынас арқылы өз пікірлерін ортаға салу, өзін еркін сезіну, басқалардың көзқарасымен санасу, сұрақ-жауап арқылы білімін бекіту, сонымен бірге тілдік қорын бекітуге мүмкіндік жасалады. Шет тілінде интерактивті оқыту әдістерінің жоғарыда айтылғандардан басқа да бірқатар жетістіктерін атап өтуге болады. Мәселені:
- ақпаратты терең меңгеруге мүмкіндік береді;
- тыңдаку дағдысын қалыптастырады;
- қарым-қатынасқа түсуге, сол арқылы әлеуметтік тәжірбие жинақтауға мүмкіндік береді; Шет тілі сабағын оқытуда жиі қолданатын пікір-талас, дөңгелек үстел, рөлдік ойындар, диалог құру т.б. әдістер жоғары белсенділікті дамыту әдістерінің қатарына жатады. Бұл әдістерді қолдану барысында үйретушіде, үйренушіде белсенді қарым-қатынаықа түседі. Интерактивті әдіс барлық студенттердің пікірін бірдей ескереді, онда айтылған барлық пікір маңызды болып табылады. Интерактивті әдісті қолданатын оқытушылардың айтуы бойынша, тек қана ақпарат беріліп, оны талқыға салмай бірден жаттығуға көшетін топтарда оқытушылардың сөзі студент есінде нашар сақталады. Сонымен қатар олардың ойынша мұндай жағдайларда балаларға көбіне құнды ресурстарды, яғни, топтарының идеяларын пайдалануға мүмкіндік берілмейді. Интерактивті әдіс оқыту процесінде студенттерді бірігіп белгілі бір; мабелені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініш; бблеенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс студенттерді жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді.
- Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегіне өткізеді.
- Білімалушы өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті
қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін арттырады.
- Білімалушының жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық,
шығармашылық қабілетін оятады.
- Топтағы білімалушылармен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық,топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді.
- Ойлауды белсендіреді.
-Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді.
-Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады.
Әрине мұндай тәсілді қолдануда кездесетін қиындықтар да жоқ емес. Себебі әр оқушының ойлау қабілеті, жылдамдығы, білім деңгейі, ақпаратты меңгеруі бірдей жағдайда емес. Осыдан келіп оқушының алдында шынайы және психологиялық қиындықтар туындайды. Шынайы қиындық:
- берілген тапсырма дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда.
- жүріп жатқан әңгіме студентке қызық емес болса.
- әңгімені тыңдамағандықтан сөйлей алмаған жағдайда туындайды.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Мектептегі шет тілі // Республикалық әдістемелік журнал //- Алматы,
2012.
2.Мектепте” чи 4 АСТ алық әдістемелік журнал //-- Алматы,
2013
3.Мектептегі шет тілі// Республикалық әдістемелік журнал //- Алматы,
2010. №1(43).
4. http.Bilimdiler.kz/ustaz/agylshyn-tl-sabagynda



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет