КІРІСПЕ Шет тілін оқыту әдістемесі - шет тілін оқыту орындарында оқыту үшін қолданылетын ғылыми негізделген теория.
Әдістеменің негізгі мәселелері мыналар:
1. Шет тілінің оқытудың мақсаттары
2. Шет тілін оқытудың мазмұны
3. Шет тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері
4. Әдістеменің басқа ғылым салаларымен байланысы
5. Оқыту құралдары
6 . Әдістеменің негізгі қағидалары
Әдістеме педагогика ғылымымен, психология, лингвистка ғылымдарымен тығыз байланысты.
Педагогика – жас - ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөніндегі ғылым. Педагогика: ғылымында оқыту және оның әдістері негізгі қағида болып табылады .Шет тілін оқытуды үйрену үшін педагогиканы білу шарт. Педагогиканың: бір саласы дидактика деп аталады. Дидактика мектепте оқытудың негізгі жолдарын зерттейді.
Әдістер - дидактиктердің айтуы бойынша, белгілі бір тақирыпты оқытудың жолдары.
Шет тілін оқыту, математиканы, тарихты оқыту әдістемелері сияқты дидактиканың негізгі қағидаларын қолданады және оны байытады.
Мысалы: «көрсету» принципі тұңғыш рет шет тілін әдістемесінде қолданылды.
Қазір дидактиканың негізгі принциптерінің біріне айналды және басқа да пәндерді оқытуда қолданылады.
Шетел тілін оқыту дегеніміз - оқушыларда, тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысымен біліктілік қалыптастыру. Егер біз дағды мен біліктіліктің психологиялық мәнін түсінбесек, онда біз оларды қалыптастыра алмаймыз.
Шет тілін оқытуда психологияның негізгі қағидаларын сейлеу әрекетіне байланыстыра отырып пайдалану қажет.
Көрнекті психолог Н.И.Жинкин сөйлеу әрекетін зерттей келіп, сөздер мен оларды мидың кинетикалық орталығы арқылы жүзеге асатының айтты. Мұғалім оқушыны тілге үйрету барысында, тыңдау мен сөйлеудің бар мүмкіндіктерін жасау керек. Екінші тілде сөйлеу дегеніміз -- жаңа таңбалы білім алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тілді үйренуге маңызды орын алады.
Шет тілін үйренуде оқушының есте сақтау қабілетінің маңызы зор. Соңдықтан, мұғалім жаңа тақырыпты есте сақтау, есте ұзақ сақтау жолдарын білу керек. Есте сақтау қабілетінде ерікті, еріксіз болады. Бұл проблеманы зерттеген ғалым П.К.Зинченко еріксіз. есте сақтау қабілеті бір нәрсені қайталап жаттағанда емес, керісінше осы нарсе туралы белгілі бір қиындықтарды, мәселелерді талдағанда ғана іске қосылатының айтады. Ол үшін мынадай тажірибе енгізілген. «А» тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тізімі берілген. Ал «Б» тобындағы студенттерге сөздер берілмей, оларға ағылшын тілінде мәтін берілген және сөздермен жұмыстың түрлері мен сұрақтары берілген. Келесі сабақта екі топ студенгтері , бақылау жұмысын жазған, эксперимент «Б» тобы студенттерінің сөздеті есте жақсы сақталғаның көрсетті.