Шетел әдебиеті


Мүліктік жəне əлеуметтік жіктелудің ұлғаюы



бет10/14
Дата02.02.2023
өлшемі69,35 Kb.
#64713
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
шетел (20)

Мүліктік жəне əлеуметтік жіктелудің ұлғаюы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Шаруашылықтыңқолөнердіңсауданың дамуы, басқыншылық соғыстар құлдық пен мүліктік жіктелудің одан əрі ұлғаюын тудырды. Соғыс жорықтары мен сауда кездерінде қолға түскен əртүрлі байлықтар: малдарқұлдар, əшекей бұйымдары, жер жəне басқа да олжалар халық арасында бірдей, тең бөлінбеген. Түскен олжа мен байлықтың басым көпшілігі перғауынның жəне құлиеленуші ақсүйактердің қолдарына жиналды. Сонымен бірге құлиеленуші шонжарлар патша сыйлықтарының арқасында байи түскен. Перғауындарға жақын əкімдер құнарлы ірі қоныстарға ие болған. Қарапайым халықтың жағдайы күннен-күнге төмендей бастаған. Көпшілігі соғыс жорықтарынан мүгедек болып оралған, сондықтан олар ешбір еңбекке жарамсыз болды. Соның нəтижесінде кедейшілік пен қайыршылық жағдайда өмір сүрді. Бұл мүліктік жəне əлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне əсер еткен. Яғни ежелгі Египетте бай жəне кедей адамдар тобы бөлінді. Ежелгі Египеттегі еңбекшілерге құлдар, қолөнершілер жəне тау-кен жұмысшылары жатты.
Шонжарлар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ежелгі Египетте шонжарлар тобына сарай қызметкерлері, қазылар, əкімдер, жазғыштар, сақшылар мен шабармандар жатты Шонжарлар патшаның туыстары, достары болды. Сондықтан оларға перғауын əртүрлі сый-сияпаттар жасады. Шонжарлар үлкен де əсем үйлерде тұрып, жақсы тамақтанды. Музыканттар мен сұлу мүсінді бишілер шонжарлардың көңілін көтеру үшін би билеп, əн салатын болған. Олар үйдегі барлық жұмыстарды бұлжытпай орындайтын қызметшілер ұстаған. Соынмен бірге құлдар шонжарларды жаяу жүрмеу үшін арнаулы зəмбілдерге салып, көтеріп жүретін. Шонжарларға көзі тірісінде-ақ тастан мазар тұрғызылған.
Көрші елдерге тонаушылық жəне басқыншылық жорықтар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ежелгі Египеттің жорықары басқыншылық соғыс бағытында жүргізілді. Египет перғауындары өз биліктерін күшейтуге, өз иелігіндегі жерлерді кеңейтіп, шикізат шығатын жаңа жерлерді басып алуға, сөйтіп, байлығын молайтуға күш салып отырды. Сонымен бірге ірі сауда жолдарына билік етуді жəне сыртқы сауданың бұдан əрі өркендеуіне жол ашуды мақсат етті. Египет əскерінің негізгі бөлігі жаяу жауынгерлер болды. Атты əскерлер арасынан екі дөңгелекті арбамен жүретін жауынгерлер ерекше көзге түсетін.
Б.з.б. 1500 жылдар шамасында III Тутмос перғауын өз əскерлерімен Алдыңғы Азияға аттанды. Осы жорықтардың нəтижесінде Египет əскерлері зор жеңіске жеткен. Бұл басқыншылық жорықтар Египеттің Азиядағы ықпалын, беделін күшейтті. Жаулау жорықтары нəтижесінде ВавилонАссирия жəне Хетт патшалары Египетке алым төлеп отырды. Перғауын II "Рамзес" билік еткен б.з.б. XIV ғасырдың ақыры - XIII ғасырдың орта шенінде ежелгі Египет едəуір қуатты елге айналды. II Рамзес хеттерге Кадеш қаласы түбінде ойсырата соққы беріпПалестина мен Сирияның оңтүстігін басып алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет