Шетел әдебиеті


Ежелгі Мысыр жазбалары, танылуы, сақталуы, тақырыптары. Пирамида текстері, оның негізгі мазмұны жайлы сипаттыңыз



бет8/14
Дата02.02.2023
өлшемі69,35 Kb.
#64713
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
шетел (20)

14. Ежелгі Мысыр жазбалары, танылуы, сақталуы, тақырыптары. Пирамида текстері, оның негізгі мазмұны жайлы сипаттыңыз.
Ежелгі Мысыр өнерінің тарихы 4 мың жылдан астам уақытты қамтиды. Сол себепті Мысыр өнері үлкен қызығушылық туғызады. Өйткені адамзат тарихындағы бірінші таптық қоғам өнердің дамуын анықтаумен қатар, Мысыр құлиеленуші қоғамының өміріндегі өзгерістерді толығымен зерттеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, ежелгі Мысыр өнері тарихы мынандай кезеңдерге бөлінеді:
1. Династиялыққа дейінгі кезең немесе Ерте патшалық (б.з.д 4 м.ж.)
2. Ежелгі патшалық (б.з.д 3200-2400 жж.)
3. Орта патшалық (б.з.д XXI — XIX ғг. басы)
4. Жаңа патшалық (б.з.д XVI — XII ғғ.)
5. Кейінгі уақыт (б.з.д XI ғ. — 332 жж.) — эллинизм мәдениетіне көшу кезеңі.
Ежелгі Мысырда рулық құрылыс ыдырағаннан кейін үлкен өзендер бойында пайда болған құлиеленуші мемлекеттердің арасында Мысыр өркениеті бірінші болып, дамыған әкімшілігі орталықтандырылған ұлы державаға айналады. Ендігі жерде, Мысыр мемлекетінің жоғарғы өкіметі халықтың сана-сезіміне сіңіруге тиісті, біржолата белгіленген түсініктер мен сенімдердің болуын талап етті. Осыған орай, бұл жерде мемлекет басшыларың яғни перғауындарды — құдай деп санайтын ұстанымдарды қабылдады. Демек, соншама құдіретті билеушілер яғни перғауындар құдай санатында болса, олар өлмеу керек, осыдан барып өлген адам тіріледі деген діни түсінік пайда болады. Осының салдарынан бүкіл өнер, оның ішінде сәулет, мүсін, кескіндеме, әдебиет, мифология осы діни көзқараспен тікелей байланыста болады. Яғни, өнер о дүниелік өмірге арналады. Тақырыптардың барлығы дерлік, діни-мифологиялық жанр теңірегінде тарқатылады. Бірақ, сонымен қатар, туындыларда халықтың өмірі, тыныс-тіршілігі, кәсібі мен тұрмысы және батырлардың ерлігі сипатталатын бейнелеу өнеріндегі көріністер де өз үлесін алады. Мәселен, мысырлықтар алғашқы қауым адамдары тәрізді діни көзқарастарын тотемизммен байланыстырады. Бірақ мұнда құдайларды тек қана жануарлар бейнесінде ғана көрсетпей, антропоморфтық образдар түрінде сомдайды, яғни жартылай жануар, жартылай адам — таңғажайып екі бейненің қосындысын көреміз. Мысырлықтар Күнді ең басты, ең құдіретті көркем құдайымыз деп санады. Оны Амон-Ра құдайы деп атап, ол сұңқар басты адам бейнесінде бейнеленеді. Ақыл мен есеп құдайын Тот деп атап, оның денесі адам, басын ибис құсының басымен бейнелейді. Өлгендердің құдайы Анубис — ит немесе қорқау қасқыр басты жауынгер бейнесінде мүсінделеді. Аңыз бойынша ең бірінші мумияны Анубис жасаған деп айтылады. Қасиетті жануарлардың ішінде Көкқұтан құсы Бену, Күн құдайы Амон-Раның жанын сақтаушы деп саналса, бұқа Апис бейнесі құнарлылық пен жемістіліктің белгісі ретінде қабылданады. Перғауындарды Күн құдайы балалары деп есептеді. Сондықтан күн символикасы барлық жерде бейнеленеді. Күн құдайы немесе жарық дүние құдайының екінші атауы Гор-суңқар деп аталады. Мифология бойынша, оның әкесі Осирис табиғат құнарлылығы құдайы, бір кездегі Мысыр патшасы болып, мысырлықтарды жер өңдеп, бақтар салуға үйретіпті-мыс. Өзінің бауыры Сеттің қолынан қаза болады. Сет — зұлымдық құдайы болып есептеледі. Осиристің баласы Гор, Сетті жекпе-жекке шақырып, оны жеңіп шығады. Аңыз желісі бойынша, Гор өзінің бір көзін әкесіне беріп, оны тірілтіп алады-мыс.Сондықтан, көздің бейнесі де Күн бейнесі тәрізді киелілік символьі рөтінде көп жерлерде бейнеленеді. Бірақ, тірілген Осирис жарық дүниеге қайтып оралмай, о дүниенің патшасы болып қала береді. Оның мұрагері Гор — жарық дүниенің патшасы болады. Бұл жерде Ежелгі Египет перғауындары өздерінің өмірлерінің үлгісін осы мифологияға сәйкестендіруге ұмтылуы туралы айтады. Сөйтіп, ендігі жерде перғауындарға мәңгі өмір қамтамасыз ету үшін олардың мүрдесін сақтап, тірлікте керек болған нәрсенің бәрімен қамтамасыз ету қажеттілігі туады. Енді, өлген перғауындардың мүрдесін бальзамдап мумияға айналдырып, оның денесіне ұқсас статуясын жасайды және сонымен бірге қызметшілерінің статуясын жасап, бірге жерлейді. Оларды «Ушебти» деп атаған. Айта кететіні, басқа Шығыс елдерінде, мысалға ежелгі Вавилонда бай, атақты адам қайтыс болса, онымен бірге оның әйелің қызметшілерің малдарын бірге өлтіріп жерлейтін өте қатыгез рәсім болған. Осыған қарағанда, Мысыр дінінде адам өміріне қиянат жасау рәсімдері болмаған деген тұжырымға келуге болады. Сол сияқты, Ежелгі Мысырда сәулетші мен мүсіншіні «санх» деп атаған. Ол «өмірді қайта жасаушы» деген мағынаны білдірген. Өлген адамның бейнесін жасай отырып, тіршіліктің өзін қайта жасайды деген түсінік болған. Ежелгі Мысырда адамның «ка» деп аталған екінші жаны өзінің иесін табу қажет болған сондықтан адамның мүсіні өзіне ұқсас болуы міндетті шарттардың бірі болды. Осыған орай, портреттік пластиканың жоғары деңгейде дамуы өз-өзінен түсінікті. Ғасырдан-ғасырға. ұрпақтан-ұрпаққа еш өзгеріссіз беріліп, мыңдаған жылдар бойы ұстанып келген діни көзқарастар, салт-дәстүрлер, канондардың (қатал қағида-ережелер) салдарынан Ежелгі Мысыр мәдениеті баяу дамыды десе болады. Бірталай ғасырлар бойы Мысыр өнерінде көбінесе бейнелеу өнерінің жетік әдістері мен мәнері, құралдары таңдалып алынып отырған. Шеберлер, күрделі де, айбынды адам кескінін канондар шегінде тамаша бейнелеуімен, мифологиялық көріністердің байлығын әсерлеп береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет