7. Ежелгі Үнді эпостары туралы, «Махабхарата» жырының негізгі оқиғалары мен кейіпкерлерін, жырдағы тартысты, оның шешімін айтып беріңіз. «Махабхарата» дастанында он тайпа билік үшін күреседі. Олардан кейінірек екі тайпа қалыптасады. Біреуі кауравтар, ал екіншісі пандавтар деп аталады. Екеуінің арасында билік үшін күрес басталды. Кауравтарды Ганг өзенінің солтүстік жағындағы, ал пандавтарды Ганг өзенінің оңтүстік жағындағы тайпалар қолдады. Екі жақтың арасындағы соғыс он сегіз күнге созылды. Бірде-бір жақ, келесіде екінші жақ жеңіске жетіп жатты. Тіпті құдайлар да соғысқа араласты. Олардың өзі қай жаққа жеңісті берерін білмеді. Біресе бір жаққа, біресе екінші жаққа көмектесті. Ақыры пандавтар жеңіске жетті. Олардың патшалары таққа отырып, ұзақ жылдар бейбіт билік етті.
Он сегіз кітаптан тұратын «Махабхарата» дастаны бойынша осылайша аяқталады. Онда Үндістанның Ганг өзені бойындағы алғашқы мемлекеттердің құрылу кезіндегі оқиғалар шындығы да көрініс тапқан.
“Рамаяна”[1] — үндінің көне эпосы, қасиетті кітабы.Оқиға Рама мен Ситаның ғашықтығы негізінде өрбиді. Одан әрі Сита сұлуды Равана патшаның ұрлауы, оны жұбайы Раманың іздеуі, қолды болған әйелін қайта қабылдаған Раманы халқының сөгуі, Ситаны орманға қуып жіберуі баяндалады. Рама Вишну аталатын Жаратушының жебірейілі, ол жерге Равана патша орнатқан әділетсіздікті жою үшін жіберілген. Жырда қайғы сарыны басым, кейіпкерлер бейнелері табиғат құбылыстарымен салыстырылып отырады: Сита — найзағай, Равана — вулкан, қара түсті піл, қою қара бұлт, т.б.«Махабхаратаға» қарағанда «Рамаянаның» әңгімесінде руханилық жағы өзгеше келеді: жартылай жабайы қаһармандық ахуал нәзік сезімталдықпен алмастырылады, атақ-даңққа деген құмарлық ұнамды бекзаттық пен адамгершілікке, таза¬лық¬қа ұмтылған, жоғары міндет пафосы махаббат пен сенімділік пафосына жол береді.
8. Мифтік шығармашылық және мифология. Грек,рим, үнді, қытай, мысыр мифтерінен мысал келтіріңіз, олардың зерттелуі, көркемсөз өнеріндегі орны туралы айтып беріңіз. Миф» сөзі гректікі, ол «аңыз», «әфсана» деген мағына береді.Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады.Құдайлар да мансапқор, қатал, кекшіл келеді-міс. Құдайлар біреуді бай әрі шонжар, енді біреуді кедей, тағы біреуді құл етіп жаратқан. Кімде-кім құдайлар орнатқан тәртіпке қарсы шықса, ол адам құдайлардың қаһары мен аяусыз жазаға ұшырайды-мыс.Бұлт айдаушы»Зевстің еркімен жаңбыр жауады немесе қуаңшылық болады.Зевстің әйелі Гера – неке, ана мен баланың қамқоршысы. Артемида – аңшылық құдайы, Аполлон – өнер, жарық құдайы, Афродита – сұлулық, махаббат құдайы, Арес – соғыс құдайы, Афина – қалалардың қамқоршысы,Фемида – заңдарды сақтаушы құдай, , өлім құдайы – Танат, ұйқы құдайы – Гипнос,т.б..
Қытай мифологиясында барлық кейіпкерлер жануарлармен тығыз байланысты. Барлық құдайлар мен жындар мінез-құлық белгілі бір тіршілік иелерімен анықталады.Айдаһар жердің төрт элементінің – оттың, судың, жердің және ауаның күшін білдіреді деп саналады. Ежелгі заманнан бері айдаһар адамдардың игілігі үшін қызмет етеді, сондықтан оның тұрмыстық заттар мен интерьердегі бейнесі үйге әл-ауқат әкеледі және байлық пен өркендеудің жиналуына ықпал етеді деп сенген.Мысырлықтар басты құдайларының ішінен ерлі зайыпты Осирис пен Исидаға ерекше мән берген. Осиристі мысырлықтарға әртүрлі кәсіптерді, дәрігерлікті үйреткені,қалалар мен үйлерді қалай салуды, астық пен жүзім өсіруді көрсеткені үшін
құрметтеген. Исида өнімділік құдайы болды. Әйелдер бала туған кезде содан көмек сұрап жалбарынған.Үндістанда мынадай миф бар, құдайлар патшасы Брахма Ғаламды жаратқан, содан кейін рух күші арқылы ұлдарын дүниеге әкелген.Римдіктер өз үйлерін көптеген тылсым рухтар күзетеді деп сенген.Олардың бірі, пенаттар, әртүрлі үй жабдықтары мен қоймаларды күзеткен; тағы басқалары, ларлар, барлық үй шаруашылығына бас көз болған.