Ежелгі патшалық әдебиеті Осыдан жүз жылдан астам бұрын Каирдан алыс емес жерде белгілі француз мысыртанушысы Г.Масперо5 және 6шы әулеттердің бес перғауыны пирамидаларындағы ішкі ғимарат қабырғаларына сызылған жазуларды ашты.Ғылымда ол «Пирамида мәтіндері» атауымен бекітілді.Неміс ғалымы К.Зетеның айтуы бойынша мысырлықтар өлгеннің әруағына арналған әдеби шығарманы да бірге жерлеген, солардың бірі «Пирамида мәтіндері болды.Пирамида мәтіндеріндері» өлген перғауынға құдайлар қоғамында мәңгілік өмірге кепіл болуы тиіс болды. Мысыр діні мен «Пирамида мәтіндері» жайлы мынадай қорытындыға келеуге болады: ең бастысы - қарапайым адамның мәңгілік өмір сүруге талпынысының бейнесі, сол кездегі адам¬-дардың мәңгі жасайтын құдайларға ұқсап, ажалды жеңуге деген аңғырт сенімі. Мысыр¬лық¬тар өмірді сүйгені соншалық, жерде өмір сүре отырып, Б.А.Тураевтың айтуынша «ажалға қарамастан өлмеуге» дайындалған. Орта патшалық кезеңіндегі мысыр әдебиетін классикалық деп атау қабылданған. діни көзқарас негізіндегі әдеби құндылығымен ерекшеленетін шығармалар болды. Мәселен, құдайларға арналған әнұрандарды айта кетсек, Нілдің құдайы әнұрандары, Осириске және т.б. құдайларға арналған. «Неферти болжамдары». Снофру әулетінің перғауыны өз сарайында көңілсіз болған¬дық-тан, оны серігітетін данышпан табуға бұйырады. Олар Нефертиді ертіп келеді, ол пер¬ғауын-нан өткенді немесе келешекті білгісі келе ма деп сұрайды. Патша келешегін білгісі келеді. Неферти алдағы қорқыныштарды жориды: Ніл құрғап, құрылыққа айналғанда аштық белең алады, елді жалпылай бүлік басады, адамдар бір-бірін жек көріп, қауіптенеді, шығыс¬тан көшпелі азиалықтар келіп халықты қанай бастайды және т.б. Бірақ оңтүстіктен, яғни Жоғарғы Мысырдан Амени мысырлықтарды құтқарып, таққа отырады. Қайратты әрі әділ қолбасшы елде тәртіп орнатады, азиаттық басып алушыларды қуады, ел қалпына келеді.
6. «Мың бір түн” ертегісі – орта ғасыр араб әдебиетінің бүкіл әлемге әсер еткен жазба мұрасы, кітаптың композициялық, тақырыптық, көркемдік ерекшеліктерін мысалмен атап шығыңыз. Мың бір түн – араб әдебиетінің орта ғасырдағы классикалық шығармасы.Мың Бір Түн” белгілі бір қаламгердің шығармасы емес, араб-парсы, үнді халықтарының әр кезеңде туындаған ауыз әдебиеті үлгілері. Мазмұны:Әйелінің опасыздығына тап болған Шаһзаман оны өлтіріп, қайғысын ағасы шахиншах Шаһриярмен бөлісуге барады. Алайда патшаның әйелі де оның көзіне шөп салып жүргенін білген ағайындылар оны да өлтіреді.
Содан бері әйелдің бәрі опасыз деп ойлаған Шаһрияр күн сайын пәк қызды алып, келесі күні таң ата басын шауып өлтіреді. Осылайша үш жүл өтеді. Алайда бұл сұмдық тәртіп патша уәзірінің дана қызы Шаһризадаға келгенде бұзылады. Түн сайын ол патшаға ертегі айтып, ең қызық жерінде әңгімесін тоқтатып, келесі түні жалғастыратынын айтады.
Күнде таңертең патша: «Бұл түні әңгіменің соңын естіп, Шаһризаданы келесі күні өлтіре аламын» деп ойлады. Сөйтіп, бұл бір мың бір түнге дейін жалғасады. Олар өткеннен кейін Шаһризада патшаға осы уақытта туған үш ұлын әкеліп, олардың атынан патшадан оны өлтірмеуге өтінді, оған Шахрияр әйелін балалары туғаннан бұрын кешіргенін айтады.Мың бір хикаяны әсерлі жеткізген ақылды қыз өмірі үшін күресіп, патшаның жауыздық әрекеттерін хикая-мысалдармен астарлай көрсетеді, қатыгездіктен бойын аулақ салуға үндейді. Соңында ол өлімнен қорықпайтынын мәлімдейді. Шығарма билеушілерінің озбырлығын әшкерелеу, жаман әдеттерден тыйылуға шақыру мақсатында туған.ертегілерден үндінің Синдбад, түркі¬лердің Али Баба, Хатун, парсылардың Шаһризада, Диназад, Шаһзаман, Бахрам, Рүстем секілді есімдерін оқимыз.