Шетел әдебиеті


Гомер өмірі туралы деректер, оның эпостары, ондағы негізгі оқиғалар туралы жазыңыз



бет5/14
Дата02.02.2023
өлшемі69,35 Kb.
#64713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
шетел (20)

9. Гомер өмірі туралы деректер, оның эпостары, ондағы негізгі оқиғалар туралы жазыңыз.
Гомер - Ежелгі Грекияның аты аңызға айналған ақыны. Гомердің Отаны атануға «жеті қала» (Смирин, Хиос, Колффон, Саламин, Ролос, Аргос, Афины) таласқан. Қазіргі Хиос қаласында Гомердің отырған тасы сақталған.
Илиада,одиссея Гомер эпостары.Екі поэманың сюжеті Троя соғысы туралы аңыздар циклынан алынған. Троя соғысы деп гректердің Троя немесе Илион қаласына жорығы аталған. «Илиаданың» аты Илион қаласының атынан шыққан (гректер Трояны солай атаған). Аңыз бойынша Троя бекзадасы Парис өзін жақсы қарсы алған қонақжай патша Менелайдың сұлу әйелі Еленаны және көптеген қазынасын ұрлап кетеді. Ашуланған Менелай ағасы Агамемнонмен барлық грек аймақтарынан жорыққа әскер жинап, Трояға аттанады. Грек жасағы Агамемнонның басшылығымен Трояны қоршап, он жылға дейін қалаға кіре алмайды. Тек айлакер батыр Одиссейдің арқасында гректер ағаш ат жасап, соның ішіне тығылып, Трояға кіреді. Трояны өртейді, Еленаны Менелайға қайтарады. Бірақ грек батырларының отанына қайтуы қайғылы болады: біреулері жолдан қаза табады.Трояны ұзаққа созылған қоршаудың сәтсіз болуы мен шығынға ұшырауы жауынгерлердің рухын түсереді. Оларды жігерлендіру үшін көсемдері халық жиналысын шақырды. Троя қаласы түбінде ұрыс қайта басталады. Гректердің ішіндегі ең таңдаулы жауынгер құдіретті «желаяқ» Ахилл (Ахиллес) болатын. Троялықтардың ең күшті де батылы Гектор еді. «Илиадада» сол екеуінің арасындағы жекпе-жек пен Гектордың өлімі суреттеледі. Ұрыс үстінде Ахиллдің досы Патрокл қаза табады. «Илиада» Патрокл мен Гектордың жерлеуін суреттеумен аяқталады. . Гомердің «Одиссея» атты екінші поэмасының тақырыбы – Троя соғысынан қайтып келе жатқан Итака аралының патшасы Одиссейдің басынан кешкен шытырман оқиғалары. «Одиссеяның» негізгі сюжеті – «күйеудің оралуы». Аңыздарда осындай сюжет көп кездеседі: күйеуі ұзақ таңғажайып саяхаттан үйіне келгенде, оның әйелі басқа біреуге күйеуге шығайын деп тұрған жерінде, тойдың бей-берекетін шығарады. Гомердің поэмасында Одиссейдің жоғында оның сенімді әйелі Пенелопаға көптеген батырлар құда түседі, сол себептен оның ұлы Телемах шыдай алмай әкесін іздеуге кетеді.
Бұл жерде поэмаға екінші сюжет қосылады: «әкесін іздеген ұл» туралы. Бұл сюжет бойынша әкесінің жоғында туған ұлы оны іздеуге кетеді ; әкесі мен ұлы кездеседі, бірақ бір бірін танымай, ұрыс бастайды. Бір варианттарында бұл сюжет қайғымен - әкесінің немесе ұлының өлімімен аяқталады. Басқа варианттарда екеуінің татуласуымен бітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет