1.2 Қазақстан Республикасының мүлік салығын есептеу мен төлеу механизімінің әдістемесі 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың негізгі өндірістік және өндірістік емес қорларының құнына 0,5 пайыз ставка бойынша мүлік салығы салынған еді.
2008 жылы салық кодекісіне сәйкес заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің мүлік салығына өзгерістер енгізілді, ол 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі:
- заңды тұлғалар мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 1,5 пайыз ставка бойынша;
- оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар мүлік салығын салық салу объекгілерінің орташа жылдық құнына 0,5 пайыз ставка бойынша есептейді.
- төменде аталған заңды тұлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдық құнынан 0,1 пайыз ставка бойынша мүлік салығын есептейді:
1) діни бірлестіктерді қоспағанда, коммерқиялық емес ұйымдар;
2) әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
3) негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын ұйымдар;
4) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функқияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;
5) мемлекеттік меншікке жататын және мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар;
6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер — заңды тұлғалардың жерін суару үшін пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыс объектілері бойынша заңды тұлғалар.
Салық жеңілдіктері берілген заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілерінен орташа жылдық құнынан 1,5 пайыз ставка бойынша мүлік салығын есептеледі және төленеді.
Заңды және жеке кәсіпкерлер үшін салықты есептеу мен төлеу тәртібі.
Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салық төлеу тәртібіне кейінірек тоқталып өтеміз.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі.
Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгіленген салык салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Салыктың ағымдағы төлемдерінің сомаларын салық төлеуші салық кезеңіндегі мынадай мерзімнен кешіктірмей тең үлестермен енгізеді [ 9 ]
25 ақпанда;
25 мамырда;
25 тамызда;
25 қарашада.
Салық төлеушінің құрылу күнінен (салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру күнінен) кейінгі кезекті мерзім уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары жаңадан құрылған салық төлеушілер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген салық сомасын ағымдағы салық кезеңі үшін декларақияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он күннен кешіктірмей төлейді.
Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу объектілері бойьшша мүлік салығының ағымдағы төлемдері салық салу объектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен 25 ақпанда, 25 мамырда, 25 тамызда, 25 қарашада төленеді, бұл ретте салық салу объектілерін сатып алған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салық кезеңі ішінде есептен шығарылған салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер шығарылған салық салу объектілерінің есептен шығарылған салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
Салық кезеңінің ішінде мүлікке салынатын салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелер өзгерген кезде мүлік салығының ағымдағы төлемдері мүлік салығы төленетін алдағы мерзімдер бойынша тең үлестермен салық міндеттемелерінің өзгерген сомасына түзетіледі.
Салық төлеуші салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он күннен кешікгірілмейтін мерзімде түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын телейді.
Жеке кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын үй-жайлар бойынша мүлік салығында көзделген тәртппен есептеледі және төленеді.
Мүлік салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі — күнтізбелік жыл болып саналады.
Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары үшін салық кезеңі салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезіне дейін белгіленеді.
Заңды және жеке кәсіпкерлер үшін мүлік салығы бойынша салық есептілігі негізінде салық төлеушілер (ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) салык салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын және декларация табыс етуге міндетті.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мүлік салығы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібіне арнайы тоқталамыз.
Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салык салу объектілері бойынша салық есептілігін жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен табыс етеді.
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер сомасының есебін салық органдарына тіркеу есебіне қойылған айдан кейінгі айдың 15-сінен кешіктірмей табыс етеді.
Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебін объектілерді пайдалануға немесе жалға берген айдан кейінгі айдың 15-сінен кешіктірмей табыс етеді.
Салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есебі салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 карашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Ал жеке тұлғалар үшін «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп салық ставкаларын төмендегі кесте бойынша төлеуді бұйырды. (Кесте1) Жеке тұлғалардың меншiгінде төмендегідей объектiлер болған жағдайда салық салынады:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi - қоныстану (пайдалану) кезiнен бастап жеке тұлғалардың мүлкiне салық салу объектiсi болып табылады.
Осы аталған обектілерге салық кодекісіне бекітілген салықтық ставкалар қолданылады:
Кесте 1
Жеке тұлғалардың мүлкіне объектілерінің құнына қарай салынатын салық ставкалары [ 9 ]
1) 1 000 000 теңгеге дейін
қоса алғанда
салық салу объектілері құнының
0,05 проценті;
2) 1 000 000 теңгеден жоғары
- 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеудi салық кезеңiнiң 1 тамызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы, салық төлеушiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.
Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.
Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi.
Жаңадан құрылған салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеу олардың құрылу жылынан кейiнгi салық жылында жүргiзiледi.
Салық салу объектiсi жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактiсiн растап уәкiлеттi орган беретiн құжаттар болған жағдайда салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi [10, 97 б.].
Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқықтары берiлген жағдайда салық сомасы мүлiкке меншiк құқықтарын iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi [11, 367 б.].
Меншiк құқығын берген тұлға салық салу объектiсiн iс жүзiнде иелену кезеңi үшiн төленуге жататын салық сомасын меншiк құқықтарын мемлекеттiк тiркеу кезiне дейiн немесе тiркеу кезiнде бюджетке енгiзуге тиiс. Бұл орайда бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншiк құқығын берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге мүлiк салығының есептелген сомасы туралы салық органдары жiберетiн хабарламада оның меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең iшiнде есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Салықтың жылдық сомасын салық салынатын объектiге меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеу кезiнде тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) бюджетке енгiзуi мүмкiн. Аталған салық сомалары кейiннен қайталап төленбейдi.
Жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде (бастапқы тiркеудi қоспағанда) Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген орган салық салу объектiлерiнiң құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңiнде есептелген салық сомасы негiзге алына отырып төленедi.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі – күнтізбелік жыл болып табылады.