Шетел мемлекеттеріндегі мүлік салығының ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдерін талдау



бет7/19
Дата11.12.2023
өлшемі136,36 Kb.
#136990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
ргр2

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдерін талдау


2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түсетін салықтық түсімдерді талдау

Меншік салығының түсімін талдау арқылы жалпы басқа да салықтармен толықтай тереңірек зерттеп көрейік.


Келесі 2 кестеден Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне салықтардан түсетін түсімдердің 2006-2008 жылдар аралығындағы өсу қарқыны, төмендеуі көрсетіледі.

Кесте 2


Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетке түсетін салықтардың 2006-2008 жылдар аралығындағы динамикасын талдау [14 ]
(мың теңге)

Төлемдердің атауы

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Өсу қарқыны, төмендеуі %

2007 ж
/
2006 ж

2008 ж /
2007 ж

2008 ж /
2006 ж

Жалпы табыстар, соның ішінде:

2 337 001 543

2 903 176 322

2 419 551 811

124,23

83,34

103,53

Салықтық түсімдер

2 209 102 439

2 647 211 783

2 275 870 134

119,83

85,97

103,02

Корпорациялық табыс салығы

776 608 699

847 315 749

780 917 083

109,10

92,16

100,55

Жеке табыс салығы

165 032 938

238 124 645

158 918 074

144,29

66,74

96,29

Әлеуметтік салық

236 568 928

301 116 574

261 213 429

127,28

86,75

110,42

Меншікке салық

65 246 886

71 485 115

68 901 383

109,56

96,39

105,6

Қосылған құн салығы

489 572 090

571 414 628

496 883 371

116,71

86,96

101,49

Акциздер

47 434 529

60 364 029

57 731 593

127,26

95,64

121,71

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық

301 037 517

390 516 824

328 739 122

129,72

84,18

109,20

Слық тексеру нәтиж. және салық қызметі органдары лауазымды адамдардың әрекетіне шағым жасау

6 091 722

10 491 063

7 612 276

172,21

72,56

124,96

Халықаралық сауда-саттық және ішкі операциялар салығы

109 886 838

140 851 722

101 979 446

128,18

72,40

92,80

Басқа да салықтар

20 967

56 538

39 785

269,65

70,37

189,75

Резидент еместердің табыстарына салық

11 601 325

15 474 896

12 934 572

133,39

83,58

111,50

Жоғарыдағы тұрған кестені талдай келе, біздің алдымызда 2006-2008 жылдар аралығындағы жалпы табыстың өсу қарқыны көрсетілген.
2007 жылды 2006 жылмен салыстырғандағы жалпы табыстардың өсу қарқыны 24,23%-ке өсті, яғни 2007 жылы 2 903 176 322 мың теңге құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 82 550 268 мың теңгеге өсті.
2008 жылды 2007 жылмен салыстырғандағы жалпы табыстардың өсу қарқыны 16,66%-ке төмендеді, яғни 2008 жылы 2 419 551 811 мың теңге құраса, 2007 жылы 2 903 176 322 мың теңге болды, осы екеуінің айырма барысында 227 659 972 мың теңге кеміді.
Салықтық түсімдердің 2006 жылғы салықтық түсімі 2209102439 мың теңгені құрады, 2007 жылды 2006 жылмен салыстыратын болсақ, өсу қарқыны 19,83%-ке немесе 438 109 344 мың теңгеге өскен, яғни 2007 жылы 2 647 211783 мың теңгені құрады. Ал, 2008 жыл мен 2007 жыл аралығын қарастырсақ, онда керісінше жағдай көрініс табады, яғни 14,03%-ке немесе 371 341 649 мың теңгеге төмендеген.
Осы кестедегі салықтарға көз жүгіртіп өтетін болсақ, корпорациялық табыс салығы бойынша алдыңғы екі жылда 9,10%-ке өсті, яғни 70 707 050 мың теңге құрады. Ал, 2008 жылды 2007 жылмен салыстырған жағдайда 7,84%-ке немесе 66 398 666 мың теңгеге төмендеген.
Одан кейінгісі жеке табыс салығы, онда 2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 44,29%-ке немесе 73 091 707 мың теңгеге жоғарлаған, ал 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда жағдай керісінше өрбиді, яғни 33,26%-ке немесе 79 206 571 мың теңгеге төмендеді.
Әлеуметтік салық бойынша 2007 жылмен 2006 жылды салыстырғанда 27,28%-ке , яғни 64 547 646 мың теңгеге өскен, ал 2008 жыл мен 2007 жылды алғанда 13,25%-ке немесе 39 903 145 мың теңгеге төмендеген.
Меншік салығының өсу қарқынына келетін болсақ, 2007 жылды 2006 жылмен қарастырған жағдайда 9,56%-ке, яғни 6 238 229 мың теңгеге өсті, ал 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда 3,61%-ке немесе 2583732 мың теңгеге төмендеген және 2008 жылды 2006 жылмен қарастырғанда 5,6%-ке, яғни ақшалай сомада 3654497 мың теңгеге өскен.
Қосылған құн салығы бойынша 2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 16,71%-ке , яғни 81842538 мың теңгеге өскен, ал 2008 жыл мен 2007 жылды алғанда 13,04%-ке немесе 74531257 мың теңгеге төмендеген.
Акциздер салығы бойынша 2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 27,26%-ке , яғни 12929500 мың теңгеге өскен, ал 2008 жыл мен 2007 жылды алғанда 4,36%-ке немесе 2632436 мың теңгеге төмендеген.
Жер қойнауын пайдаланушылар салығы бойынша 2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 29,72%-ке , яғни 261985893 мың теңгеге өскен, ал 2008 жыл мен 2007 жылды алғанда 15,82%-ке немесе 61777702 мың теңгеге төмендеген.
Халықаралық сауда саттық және ішкі операциялар салығы бойынша 2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 28,18%-ке , яғни 30964884 мың теңгеге өскен, ал 2008 жыл мен 2007 жылды алғанда 27,64%-ке немесе 38872276 мың теңгеге төмендеген.
Резидент еместердің табыстарына салық бойынша 2007 жылды 2006 жылмен салыстырғанда 33,39%-ке , яғни 3873571 мың теңгеге өскен, ал 2008 жыл мен 2007 жылды алғанда 16,42%-ке немесе 2540324 мың теңгеге төмендеген.
Берілген кестеге қарап мынадай қорытынды жасауға болады: жалпы айтқанда өткен жылдары экономикалық және салықтық түсімдердің өсуі байқалса, ал 2008 жылы салықтық түсімдер азайған, осыған дағдарыс өз септігін тигізді.
Келесі 3 және 4 кестелерден мемлекеттік бюджетіне салықтардан түсетін түсімдердің 2006-2008 жылдар аралығындағы үлес салмағы көрсетіледі.

Кесте 3


Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетке түсетін 2006-2008 жылдар аралығындағы салықтық түсімдердің үлес салмағының өзгерістері [14]
(мың теңге)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет