Шетел мемлекеттеріндегі мүлік салығының ерекшеліктері


Дипломдық жұмыстың мақсаты



бет4/19
Дата11.12.2023
өлшемі136,36 Kb.
#136990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Дипломдық жұмыстың мақсаты – мүліктік салықты алу мен төлеу механизмін талдау және оның бюджет пайдасын қалыптастырудағы рөлі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері – аталған мақсатты жүзеге асыру үшін мүлікке салынатын салық салудың заңнамалық базамен және теориялық әдебиетпен танысу, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша мүлікке салынатын салық басқармасының жұмысын талдау, Қазақстан Республикасының мүлік салығын жетілдіру, бақылау және жалтарудың алдын алу шаралары.
Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауда, бюджет кірісін қалыптастыру көзі ретінде мүліктік салықты салудың теориялық негіздері, екінші тарауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдерін талдау және үшінші тарауда Қазақстан Республикасы бойынша мүлікке салынатын салықтардың мәселелері және жетілдіру жолдары қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде отандық және шет елдік ғалым–экономистердің еңбектері, Қазақстан Республикасның статистика агенттігінің ақпараты, Солтүстік Қазақстан облысының Салық департаментінің мәліметтері, Ақжар ауданының салық басқармасының ақпараттары қолданылды. Жұмыс барысында тізбектік қойылымдар, статистикалық тізбек, тағыда сол сияқты басқада экономикалық зерттеу әдістері қолданылды.
1 Бюджет кірісін қалыптастыру көзі ретінде мүліктік салықты салудың теориялық негіздері

1.1 Салық ұғымының экономикалық мәні және Қазақстан Республика сының жергілікті бюджетті толтырудағы мүліктік салықтың орны мен маңызы
Көптеген салық түрлерінің, амалдарының, жинау тәсілдерінің жиынтығы елдің салық жүйесін құрайды. Салық жүйесі елмен бірге пайда болып, бірге дамыды.
Тура да, жанама да салықтар көп жылдар бұрын, біздің эрамызға дейін пайда болды. Олардың пайда болуы мемлекеттің пайда болу кезінде алғашқы қоғамдық қажеттіліктермен байланысты [1, 14 б.].
Салық салу тәсілдерінің даму процесінде үш ірі кезеңді бөліп көрсетуге болады. Алғашқы кезеңде ежелгі дәуірден бастап орта ғасыр басына дейін мемлекет салықтарды анықтайтын және жинайтын қаржылық аппаратқа ие болмады. Ол тек қажет ақша қаражаттарының жалпы сомасын белгілеп, салық жинауды қоғамға (общинаға) тапсырды.
Екінші кезеңде ( 16-19ғ.ғ. басы ) мемлекеттік мекемелер жүйесі пайда болып, мемлекет функциялардың бір бөлігін өзіне алады. Ол салық салуды қатаң шеңберге қоймай, салық жинау процесін қадағалап, салық салу квотасын орнатады. Салық жинаушылардың рөлі әлі де зор.
Соңғы, қазіргі үшінші кезеңде – мемлекет салықты орнату және жинау функцияларының рөлін толық қатаң қадағалауда.
Мүлік салығының тарихына көз жүгіртіп өтсек, император Август Октавиан (б.э.д.63-14ж.ж.) барлық провинцияларда салық салуды қадағалайтын қаржы мекемелерін құрып, азаматтардың мүлік жағдайын тіркеу жүргізілді. Декларацияның негізі қаланып, салық төлеудің қатаң мерзімі қаланады
Еуропадағы орта ғасырлық салық шаруашылығының қазіргі дамып жатқан елдердің сол шаруашылығымен ұқсастығын анықтау өте оңай. Дамудың қай сатысында тұрғанын анықтау үшін, елдің тек салық жүйесімен танысу жеткілікті. Егер екіден үш немесе одан да жоғары салықтық түсімдер тұтыну тауарларына және мүліктік салықтар үлесіне келсе, онда бұл жерде біз өндіріс жағынан әлсіз, нашар дамыған елді қарастырып отырмыз. Жоғары айтылғаннан келесі қорытынды жасауға болады: әлсіз, нашар дамыған экономикасы бар ел негізінен жанама салық салуға мәжбүр болады, ал тура салық салу жоғары білімді халқы, дамыған экономикасы бар елдерге тән [2, 43 б.].
Адам тарихында бірде бір мемлекет салықсыз өмір сүре алмаған. Салықтар, оларды ертеде «подати» деп атаған, әскери өніммен және өндірудің ең ежелгі тәсілдері болып келеді деп белгілеуге болады.
Вашингтондағы АҚШ-тың (Америка Құрама Штаттары) салық мекемелерінің ғимаратының бірінің сыртындағы жазу еске түсіреді: «Салықтар - өркениетті қоғамның бағасы». Американдықтар да біз сияқты салықтарды төлеуді жақсы көрмейді. Әрбіреуі өздігімен: «Өркениетті қоғамның бағасын басқа біреу төлесін. Халық көп және егер мен төлемесем не мемлекетте не өркениетте әсіресе құлдырамайды» деп санайды.
Сондықтан да мемлекет әрбіреуіміз бөлек төлеуден салықты алуды көп мүдделілі болғандықтан, қатал салықтық міндеттерді құруға мәжбүр және олардың атқарылмауы аз дегенде мемлекеттік мәжбүрлердің қатал түрлерімен әрі кетсе тумаған салық төлеушіні қылмыстық іске тартуға дейін жетеді. Бенжамин Франклин америкалық мемлекеттендірудің «негіздеуші – аталарының» бір афоризімінде: «Өмірде екі нәрсе сөзсіз: өлім мен салықтар» деп айтылған. Салықтар барлығын да тиымсыздандырады. Және олар туралы көп айтылды [3, 24 б.].
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Салықтардың ашық түрде болуы Адам Смиттің атауы бойынша салық мемлекеттің құқық түрінде көлемі мен төлеу мерзімі белгіленген жүктемесі. Жалпы қоғамның мүддесі үшін мемлекеттің өмір сүруі үшін мемлекеттің салық жинау құқы туындайды, яғни салықтар - заңмен негізделген, ашық түрдегі мемлекеттік алым.
Сондықтан Адам Смиттің ойынша «Салық – төлеушілер үшін құлдықтың емес, бостандықтың белгісі» деп жазған.
Адам Смит принциптері, салық саясатының «аксиомаларына» айналған олардың өздерінде болатындардан басқасы жай және белгілі болғандығының арқасында ешқандай басқа да түсініктер керек емес. Жаңа уақыт кезеңіне сәйкес бүгінгі таңда бұл принциптер кеңейтілген және толықтырылған.
Салық салудың қазіргі таңдағы принциптері манадай:

  1. Салық ставкасының мөлшері салық төлеушінің мүмкіншіліктерін есепке ала отырып белгіленуі керек, яғни табыс көлеміне сәйкес. Табыстан алынатын салық прогресивті болуы тиіс.

  2. Табысқа салық салу біртекті сипатта болуы үшін барлық күш салынуы қажет. Табыстың немесе капиталдың бірнеше салық салынуы мүмкін емес.

  3. Салық төлеудің міндеттілігі. Салық жүйесі салық төлеушінің оны төлеудің бас тартуына мүмкіншілікіті қалдырмауы керек.

  4. Салық төлеудің жүйесі мен процедурасы салық төлеушілерге жайлы түсінікті және ыңғайлы болу керек және де салық жинайтын мекемелерге экономды болуы тиіс.

  5. Салық жүйесі өзгеріп жатқан қоғамдық-саяси мұқтаждықтарға жеңіл бейімделуі және икемді болуы керек.

  6. Салық жүйесі жалпы ішкі өнімді қайта бөлуді қамтамасыз ету керек және мемлекеттік саясаттың тиімді құралы болуы тиіс.

Салықтың мәселелері өте қиын және қарама-қайшылықты болып келеді. Салық төлемінің заңдық құқығы мен мүддесін толық әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін салық жүйесіне енгізілген идеалдылықты бүгінгі кезде айтуға әлі ерте [4, 13 б.].
Салық экономикалық категория ретінде және өзінің қалыптасуы барысында мынадай үш қызметті атқарады.
Салықтың ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі, бұл - қазыналық. Мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық төлеушілерге нормативтік құқықтық актілер негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен төлеу мерзімін белгілейді. Салықтардың қазыналық қызметі - түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Салықтың қазыналық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Қорыта айтқанда, мемлекеттің бюджет саясаты жүзеге асырылады.
Салықтың келесі қызметтерінің бірі — бақылау (реттеу). Мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады (салық жеңілдіктері жасалады, салық ставкаларын төмендетеді). Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады. Кез келген қызмет түріне бақылау жасау қажет. Ал енді салық түсімдеріне бақылау өте қажет екені даусыз. Мемлекет бюджеттің кірісі мен шығысын есептейді, соған сәйкес өз қызметін атқарады.
Салықтардың бақылау қызметінің арқасында салық жүйесінің тиімділігі бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлеріне бақылау қамтамасыз етіледі.
Салықтың келесі атқаратын қызметтерінің бірі — қайта бөлу. Бюджетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақтысында жұмсалуына қадағалау жасайды [5, 18 б.].
Салық қызметінің міндеті - бюджеттің табыс бөлігінің орындалуына жауап беретін бірден бір мемлекеттік орган .
Салық — бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық түсімдеріне «қайдан келеді және қайда кетеді» жөнінде бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қорытындысы ретінде бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.
Салықтың мақсаты - мемлекет әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу.
Қазақстан Республикасында нақты Кодекспен белгіленген салық және бюджетке түсетін міндетті төлемдер қызмет жасайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясында салықтар мен бірге «алымдар» сияқты басқа да түрлерді еске алады.
Екіншіден, салықтың белгісі төлемсіз және баламасызып келеді; алым қатысты баламалы төлем болып келеді – алымды төлеп субъект мемлекетпен бір құқық немесе рұқсат алады.
Үшіншіден, салықты төлеу себебі бойынша мемлекетпен қарым-қатынасқа түскен тұлғалар төлеу субъектісіне мәжбүрлеу сипаттамасын алып жүреді: алымдарды төлеу себебі бойынша тұлғалардың мемлекетпен қарым-қатынасқа түсуі оған ерікті сипатта болады, өйткені алымды төлеу жайымен мемлекетке жолығудың өзі ерікті болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 35 бабында ескерілген «басқа да міндетті төлемдерге» «баж» да жатады.
Мемлекеттік баж – бұл міндетті төлем, заңды мағынасы бар әрекеттер үшін алынатын немесе өкілеттіліктермен оған мемлекеттік органдармен және мамандық тұлғалармен құжаттарды беру үшін төлетулер.
Салық өлшемі болып төлеушінің төлеу қабілеті есептеледі. Баж – бұл міндетті төлемдердің ең ежелгі түрі. Бұл оларды төлеудің төлеушіге ыңғайлығымен немесе бажды төлеуден бас тартуға өте қиын (мысалы, жол бажы), немесе оны төлеуге өзі мүдделі, өйткені белгілі-бір мемлекеттік жағдайды пайдаланады. Сонымен баж салыққа қарағанда қатысты баламалы сипаттта болады, ол оларды алымдармен жақындастырылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін салық реформасының үш кезеңі өтті.
Салық реформасының бірінші кезеңі (1992 жылдан бастап 1995 жылдың маусымына дейін) [ 6 ].
Республикада салықтардың 40 түрі атқарылды:

  1. жалпы мемлекеттік салықтар;

  2. жалпы міндетті жергілікті салықтар;

  3. жергілікті салықтар.

Салықтық реформалардың екінші кезеңі (1995 жылдың маусымынан бастап 2001 жылға дейін)
Осы кезеңде салықтар 11-ге дейін қысқартылды. Олар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлінді. 1996 жылы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңында 30 шақты өзгерістер енгізілді.
Салықтар мен жинақтар саны 18 түрге дейін көбейді.
Салықтық реформаның үшінші кезеңі (2001 жылдан бастап ).
Салықтық жоба болып Жаңа Салық Кодексі тағайындалды. Ол үш бөлімнен тұрады: жалпы бөлім, ерекше бөлім, салықтық әкімшілеу.
Салық реформасының үшінші кезеңінде (2001 жыл 12 маусым) Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді [ 7 ].
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық кодексінен, сондай-ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер – Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
Салық кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында Салық кодексінің нормалары қолданылады. Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салынады.
Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады, сонымен бірге жеке тұлғалар және заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қолданады.
Салық кодексіне жаңа салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енуі мүмкін.
Үшінші кезеңнің негізгі міндеті болып бюджетке қатысы бар мемлекеттік органдардың, фискалдық органдардың және салық төлеушілердің арасындағы құқықтық аспектілерді жақсарту.
Жаңа Салық Кодекстің құрылымы үш үлкен бөлімнен тұрады:

  1. Жалпы

  2. Ерекше

  3. Салық әкімшілігін жүргізу

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 10 түрі бар. 2005 жылы акциз салығын қосымша ретінде «экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы» қосылды.
Салықтың түрлері:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құн салығы.
4. Акциздер.
4-1. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.
6. Әлеуметтiк салық.
7. Жер салығы.
8. Көлiк құралдары салығы.
9. Мүлiк салығы.
2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2008ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді)
10. Ойын бизнесі салығы [ 8 ].
Алым дегеніміз – белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
Сонымен қатар алымның 13 түрі болды. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Төлемақы – белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.
Төлемақының 9 түрі бар. 2007 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді.
Кедендік төлемдер

  1. Кеден бажы.

  2. Кедендік жинақтар.

  3. Ақылар.

  4. Жинақтар.

Салық кодексі бойынша Қазақстан Республикасы салық жүйесінде 10 салық, 13 алым және 9 төлем түрлері қарастырылған заңда аталған салықтар мен төлемдерден басқа да төлемдер түрлерін жасауды ешбір органының салық төлеушіден тасып кетуге құқы жоқ. Себебі ол салық туралы заңды белгіленбеген, көрсетілмеген.
Сонымен, салықтар көптеген елдерде әр түрлі аталғанымен, кейде оларға салық салу және алыну жолдары ұқсас болып келеді. Салық төлеуші ретінде салық төлеу жауапкершілігі жүктелген занды және жеке тұлғалар танылса, ал салық салу объектілері болып салық төлеушінің есепті кезенде алған табыстары, тауарлары, мүліктері, көлік кұралдары, пайдасы және тағы да басқалар табылады. Салық ақшалай және заттай тұрде әділеттілік, тендік және тұрақтылық тәрізді салық салу принқиптері негізінде құрылған салық ставкаларын қолдану арқылы алынады. Салық ставкалары тұрақты немесе пайыз түрінде тағайындалады. Пайыздық ставкалар үйлесімді, үдемелі және кемімелі болып бөлінеді. Ал салық жеңілдіктері сол мемлекеттің қазыналық саясатының бағыттары мен бағдарламаларын ескере отырып жүзеге асырылады.
Бұл тарауда тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың мүлік салығын белек-бөлек қарастырамыз.
Мүлік салығы - Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі. Мүлік салығы жергілікті салық болып табылады. Мүліктің жіктелуі 1-ші суретте көрсетілген.

Бағалы қағаздар

Антиквариат

Валюталық құндылықтар

Сурет 1 Мүліктің жіктелуі
Төменде көрсетілгендер мүлік салығын төлеушілер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар.
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер.
3) заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері.
4) Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мүлік салығы бойынша жеңілдіктер.
Мүлік салығын төлеушілерге бірнеше салық жеңілдіктері қарастырылған. Мәселен:
Қазақстан Республикасының 1999 жылы шілдедегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мүлік салығын төлеуден босатылады:
1) мемлекеттік мекемелер және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлік бойынша коммерциялық емес ұйымдар;
2) өндірістік мақсатта және әлеуметтік салада пайдаланылатын мүлік бойынша - Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікгі қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақылесі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншігі болып табылатын және олардың қаражаты есебінен салынған өндірістік кәсіпорындар, Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Қазақ Республикалық ұйымы;

  • қызметінің негізгі түрі ғылым және кітапхана қызметін көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;

  • ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;

  • қызметінің негізгі түрі театр, ойын-сауық және концерттік шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнінде, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында, спорт саласында қызметтер көрсету болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;

3) Қазақстанның Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері;
4) жалпы пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарын және олардағы жол құрылыстарын жедел басқаруға құқығы бар ұйымдар;
5) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органымен жасалған келісім шартқа сәйкес салық төлеушілер 5 жылға дейінгі кезеңге мүлік салығын төлеуден босатылуы мүмкін;
6) түзеу мекемелері, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары;
7) мектепке дейінгі балалар мекемелері, орта, арнаулы орта және жоғары білім саласында медициналық көмек (косметалогиялық қызмет көрсетуді қоспағанда) және білім беру қызметін көрсетуге байланысты жұмысты қызметтің осы түрлерін жургізуге құқық беретін тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асыратын ұйымдар, осындай қызметтен алынатын табысы жылдық жиынтық табыс көлемінің кем дегенде 50 пайызын кұраған жағдайда;
8) "Байқоңыр" кешені объектілерінің мүлкі негізінде құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Байқоңыр" кешені объектісі болып табылатьш мүлік бойынша.
Меншік құқығында салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Мүлік салығын төлейтін жеке тұлғаларға да салық жеңілдіктері берілген. Атап айтқанда:
1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығынан мүлік құнының 1000 ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде салық салынбайтын ең төменгі деңгей:
- Кеңестер Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілген адамдарға, «Халық Қаһарманы» атағына ие болғандар, ІІІ дәрежелі Даңқ ордені, «Отан»орденімен наградталған адамдар;
- «Алтын алқа» және «Ардақты ана» атағына ие болған көп балалы аналар;
- І және ІІ топ мүгедектер;
- жеке тұратын зейнеткерлер;
Бүгінгі таңда мүлік салығын төлеуден босатылатын жеке тұлғалар:
- мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту (оқу) кезеңінде;
- меншік құқығындағы барлық салық салу обьектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіш шегінде (2009 жылы АЕК – 1273 теңге):
- Кеңес Одағының Батырлары;
- Социалистік Еңбек Ерлері;
- «Халық қаһарманы» атағын алғандар, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар;
- «Ардақты ана» атағын алғандар және «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;
- жеке тұратын зейнеткерлер;
Меншік құқығындағы барлық салық салу обьектілерінің жалпы құқынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш шегінде (2009 жылы АЕК – 1273 теңге):
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар;
- І және ІІ топтағы мүгедектер.
Осы аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу обьектілері бойынша мүлік салығынан мұндай жеңілдік түрі қолданылмайды [ 9 ].
Қазіргі уақытта мүлік салығын төлеуден босатылатын заңды және жеке кәсіпкерлер:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер. Салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын белгіленген қажеттілік нормативтерінен артық төлеушілер мүлікке салынатын салықты осында белгіленген тәртіппен төлейді;
- салық салу салық режимінің екінші үлгісі бойьшша жүзеге асырылатын жер койнауын пайдаланушылар;
- мемлекеттік мекемелер;
- уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
- діни бірлестіктер.
Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары пайдалануға немесе жалға берілген мүліктері бойынша салық төлеуден босатылмайды.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі болып табылады:
- негізгі құралдар (оның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектілер);
- материалдық емес активтер.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі зандарына сәйкес бухгалтерлік есепте белгіленген материалдық емес объектілер материалдық емес активтер болып табылады.
Мына аталғандар салық салу объектілеріне жатпайды:
- жер;
- көлік құралдары;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған негізгі құралдар;
- жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары:

    1. бұрылу белдеуі;

    2. жолдардың конструкциялық элементтері;

    3. жол жағдайы мен оны абаттандыру;

    4. көпірлер;

    5. өткерме жолдар;

    6. жол тарамдары;

    7. тоннельдер;

    8. қорғаныш галереялары;

    9. жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;

    10. суды бұрып жіберетін және су өткізгіш құрылыстар;

    11. жол бойындағы орман алаптары;

    12. желілік өндірістік кешендер, үйлер мен ғимараттар, тұрғын үйлер;

- инвестициялық салық преференцияларында белгіленген тәртіппен инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға жаңадан енгізілетін негізгі кұралдар;
- қайта тұрғызылатын ғимараттар мен құрылыстар түріндегі аяқталмаған құрылыс объектілері, сондай-ақ көрсетілген объектілерде монтаждауды талап ететін жабдықтар.
Бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.
Салық салу объекгілерінің орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеннен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің қалдық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде анықталады.
Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының салық салу объектілері бойынша салық базасы пайдалануға немесе жалға берілген осы салық салу объектілерінің үлесін негізге ала отырып анықталады.
Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады. Жеке тұлғалардың меншiгінде төмендегідей объектiлер болған жағдайда салық салынады:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi - қоныстану (пайдалану) кезiнен бастап жеке тұлғалардың мүлкiне салық салу объектiсi болып табылады.
Мүлік салығын төлейтін жеке тұлғаларға да салық жеңілдіктері берілген . Атап айтқанда:
1) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мерзiмдi қызметтен өту (оқу) кезеңiнде;
2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың айлық есептік көрсеткiш шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер.
3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;
4) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салынатын объектілер бойынша дара кәсіпкерлер.
Жоғарыда аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салықты төменде белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет