3 Қазақстан Республикасы бойынша мүлікке салынатын салықтардың мәселелері және жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының мүлік салығын жетілдіру жолдары
мен мәселелері............................................................................................... 51
3.2 Мүлік салығын бақылауды жетілдіру мен салықты төлеуден
жалтарудың алдын алу шаралары................................................................ 55
Қорытынды.................................................................................................. 58
Пайдалынған әдебиеттер тізімі................................................................ 61
Қосымшалар
Кіріспе
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Салықты дамыту және талдау негізінде мүлік салығы тек қана жергілікті бюджет кірісінің негізгі баптарын құрайды.
Қазақстанның нарықтық қатынасқа өту кезеңінде салық мемлекет экономикасының дамуына әсер етуші басты құрал екені айқын. Бүгінгі күнде өзін-өзі басқару органдары үшін әр түрлі қаражат көзі болып халықтан алынатын салық ерекше орын алады. Мүліктен алынатын салық, салық қатынастары – қаржылық қатынастың органикалық бөлігі екені айқын. Ол ұлттық салт – дәстүрлермен және қоғамдық психология шекарасы кертартпа байланыста болады. Бюджет пен тұрғындар арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру, салықтың фискалдық және реттеуші қызметін ойдағыдай үйлестіруге мүмкіндік береді. Халықтың мүлкін салықтық реттеудегі оптимизация проблемасы маңызды мәселеге айналды. Бұл мәселені тезірек шешуден экономикалық реформа жетістігі, экономикалық дағдарыстың ұзаққа созылуы, тұрғындардың әлеуметтік қалпына байланысты болады. Бірақта прогрессивті салықтар өзінше қазынаға көптеп түсуіне кепіл бермейді. Осындай жағдай бізді қатты толғандырып, бізді салық кемшіліктерін және оның артықшылықтарын жан-жақты және тереңдеп оқуға міндеттейді.
Экономикалық мәні жағынан салық салу тетігі қандай да болмасын экономика жүйесінің ең күрделісі болып табылады. Салық салу процессі мемлекеттік реттеудің ең маңызды әдісі болуы себепті, оның нәтижелілігіне әлеуметтік – экономикалық саясаттың сәтті іске асуы көп тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |