57
қолдану, білімді жалпылау және жүйелеу, оқу процесін
педагогикалық басқару тәсілдері;
3) оқыту тәсілдері мен әдістері:
қолданылған әдістер
жүйесі, олардың үйлесімділігі, материалдық мазмұнына,
сабақ түріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі,
оқыту және тәрбиелеу мақсаттарының орындалуына
қолданылған әдістердің сәйкестігі, сабаққа қойылатын
негізгі талаптардың орындалуы (тәрбиелік, дидактикалық,
психологиялық,
санитарлық-гигиеналық),
көрнекі
құралдарды пайдаланудың қажеттілігі; оқушылардың
өзбетінше
танымдық
және
шығармашылық
белсенділіктерін
арттыру
жолдары;
оқушылардың
қисынды ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту; өздік
жұмыстардың түрлері мен алатын орны; ұғыну процесін
басқару үшін кері байланыс орнату тәсілдері, өз-өзін
бақылау
әдістерін
қалыптастыру;
оқушыларға
тапсырмаларды өз ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне
қарай
жекешелеп беру; оқушылардың білімін бағалау; үй
тапсырмасының көлемі;
4) оқушылардың іс-әрекеттері: оқытылатын материалды
белсенді шығармашылық ұғыну үшін оларды қызықтыру,
ынталандыру және тәртіп сақтаулары;
5)
мұғалімнің
іс-әрекеттері:
жұмыс
кезіндегі
педагогикалық ұстамы, сарын, стиль, байқаушылық,
тапқырлық,
тіл
мәдениеті,
мұғалімнің
оқушылар
алдындағы беделі;
6) сабақ қорытындысы, тұжырымдар мен ұсыныстар.
Мақсатқа жетуі, жоспардың орындалуы,
оқытудың
белсенді түрлері мен әдістерін қолдануы, оқушылардың
ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыру, білімнің көлемі
мен сапасы, сабақтың тәрбиелік, оқыту, дамыту мәндері,
басқа мұғалімдердің тәжірибесіне
енгізуге болатын
жаңалықтар. Оқушылар тәжірибелік дағды алатын
58
сабақтарды талдау үшін жоғарыда айтылғандарға қоса
келесі жағдайлар ескерілуі қажет:
- берілген жұмысты орындау үшін оқушылардың жұмыс
орнының дайындығы (қажетті жабдықтармен қамтамасыз
етілуі);
- кіріспе нұсқаулықтың сапасы және толықтығы, оны
оқушылардың қабылдауы. Оқушылардың теориядан алған
біліміне сүйену;
- мұғалімнің сабақтағы іс-әрекеті (нұсқауды талдау,
тәжірибені өткізу тәртібі мен жүйелілігінің нұсқауға сай
келуі, тәжірибелік
әдістерге жаттығулар орындау, нақты
бұйымдар жасау, оқушылардың орындалатын жұмысты
түсініп орындауы, өмір қауіпсіздігінің сақталуы, өз пәніне
байланысты
оқушылармен
жеке
жұмыс
істеу,
қорытындылау және т.б.);
- оқушылардың іс-әрекеттері (белсенділігі, тәртіп және
жұмысты орындау жүйелілігі жөніндегі нұсқаудың
сақталуы, өмір қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы және
т.б.);
- мұғалімнің қорытындылау нұсқаулығы,
оқушы өз
бетінше орындаған жұмыстар, қателіктерді көре білуі,
олардың себебі, олардың алдын алу және жөндеу.
жолдары.
Кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдық
мағынасын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік жағын да
көрсету қажет, өйткені болашақ маман бойында келесі
қасиеттерді тәрбиелеу керек:
жұмыста ұқыпты болу,
нақтылық, жылдамдық, жұмыс орнындағы жинақтық,
жабдықтарға жанашырлық.
Сабақты талдаудың бұл үлгісін толығымен немесе
жартылай, түрін өзгертіп те қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: