98
тиіс. Ахмет Жұбанов: «Әр халықтың
ана тілі - білімнің
кілті» дейді. Ал ұлы жазушымыз М.Әуезов: «Бұл дәуірде
өз тілін, әдебиетін білмеген адам интеллегент емес» деген
пікір айтса, академик-жазушымыз Ғ.Мүсірепов осы ойды:
«Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары
ғана аяққа басады» деп одан әрі тереңдетеді.
Мағжан Жұбаевтың мына өлеңі дәл айтылғандай:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір
белгі боп
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың!
Қорытынды сөз
Сара жолды салып кеткен зиялы бабалар: «Тіліңнің
көсегесін көгерт, қазақ!» дегендей, болашақ ұрпақ, біз ана
тіліміздің көркеюіне өз үлесімізді қосуымыз керек.
Тілдің құдіреті, адам өміріндегі
маңызы туралы жас
ұрпаққа талай ақын-жазушылардың шығармалары белгілі.
Сондықтан, әрбір адам елінің болашағы үшін тіл
дәрежесінің көтерілуіне өз үлесін қосу керек деген ойымды
мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Анамның тілі – ардақтым менің,
Ойлантар әркез тағдырың сенің.
Арманым – алда дамытып тілді,
Азамат болсам көркейтер елін.
Талғамы, ойы жоғары халық.
Келеді өрлеп жаңа жол салып.
Заманмен бірге,
айбынды тілім,
Мәртебең биік болары анық!
Достарыңызбен бөлісу: