Уықтар – Гүлдана
Бұл жөнiнде ел бiледi,
Қайыспайтын уықтар,
Шаңырақ пен керегенi,
Қалай олар жуықтар
Ұстастырып тұрмаса,
Байқап өзiн көрсеңдер,
Тұтастырып тұрмаса,
Мықтысы осы дерсiңдер
Шаңырақ – киiз үйдiң күмбездi төбесiн құрайтын ең
жоғарғы бөлшегi. Қазақ ұл-қызына бата бергенде
«Шаңырағың биiк болсын» деуi осыдан шыққан.
Сонымен қатар шаңырақ берекенi, бiрлiктi де бiлдiредi.
Бата-тiлек бергенде, «Шаңырағың шайқалмасын»,- деп
жатады. Бұл отбасы тату – тәттi, бiрлікшiл болсын деген
сөз.
Серiк
Елiм бақыт санайды,
Ақ отаудан жалын ап,
Таңы атса арайлы.
116
Өсiп жатса жамырап,
Өсiп-өнген халқымыз,
Сол отауды құрайтын.
Ақ ордадан тарайды.
Биiк тұрған шаңырақ.
Ақ ордамыз – ақ отау,
Ұнаған соң үлгiсi
Елiмiзге бақ отау.
Мақұлдады ел, кiсi.
Ырза болса Қаратау,
Елтаңбасы – Шаңырақ,
Басын иген Алатау.
Болды елiмнiң белгiсi.
Киiз үй және оның жасаулары.
«Сағанақты кереге»,
«Шаңырақ» бiреу,
Шаңыраққа сексен «Уық» болар тiреу.
«Алты қанат» ақ боз үй дейсiң мұны,
Сұраса сынап бiреу – мiреу
Буынып, «белдеу, арқан», «басқұрына»,
Жабылар «төрт туырлық» қапсырыла
Төрт бауырлы «түндiк» сонсоң орын тебер,
Киiз үй күмбезiне бастырыла.
«Жалаң ши», «ораулы ши», «үзiк», «желбеу»,
Бұларды қызыл, жасыл бояу молдау.
Жел соқса, дауыл соқса, шайқалмасқа,
«Желбауға» жүк байлайды сәл ауырлау.
Ең алғаш «күлдiруiштен» сығалар таң,
Басында –керегенiң «адалбақан».
Төрдегi «текеметте» малдас құрып,
Ертегi аңыздарды айтар атаң.
Iргеден маңдай төсеп еспе желге
Қымыз iш, қарыз қалмас еш денеңде.
«Кесе қап», «аяқ қап», «әбдiре», «сандық» -
117
Болмаған арттық мүлiк көшпелi елде.
Сықырлауық кереге шеңберiне басқұр арқылы тартылып,
кереге бауымен байланады. Есiк табалдырық пен
маңдайшадан, қос босағадан, жарма беттен тұрады.
Шаңырақтан кейiнгi ерекше қастерленетiн киiз үйдiң
бөлшегi – босаға. Жаңа қосылған жас жұбайларға «Қос
босағаң берiк болсын» немесе, балаларға: «босағаны
керме, босағаға бақытсыздық орнайды» деп ырымдап
жатуында үлкен мән – мағына бар. Босағаны киелi,
қасиеттi деп санағандықты бiлдiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |