Оқушыға мінездеме
Алматы қаласы №101 – мектеп гимназиясының 1 «а» сынып Жумабеков Амир Мухитович 2015 жылдың 30-шы шілдесінде дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы 2-ші бала. Анасы: Акашева Зарина Жумабековна мектепте бастауыш сыныпта мұғалім болып жұмыс істейді.
Амирдың мінезі ақкөңіл, жайдары. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Айтқанын екі еткізбейді. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы бар, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Басқа оқушылардың көңілі қалмасын деп, үнемі айтқандарына келісіп отырады. Кейбір уақыттарда басқаның айтқанын орындаймын деп, өзі де кінәлі болып қалатын жағдайлар болып тұрады.
Бастауыш сыныптан жаңа келген Амир 5 сыныпқа тез бейімделіп кетті. Солай бола тұра, сабаққа дайындалмай келу сияқты жағдайлармен қатар, басқа оқушылармен ортақ тіл табысу, мұғалімдер алдындағы қорқыныш сияқты жағдаяттар болып тұрады. Мектеп өміріне белсенді араласады.
Амир мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, компьютерлік ойындар ойнағанды жақсы көреді. Анасына үй шаруасына көмектеседі. Әпке-қарындастарына қамқор болып жүреді. Амирдың мақсаты –тезірек мектеп бітіріп, жақсы маман болу.
Қорытындылай келе айтарым, Жумабеков Амир алға қойған мақсатына жетіп қана қоймай, Елінің дамуына жағдай туғызатынына сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, сыныптастары сенім артады. Амирдың білікті маман иесі атанып, Отанының мақтанышы болатынына сенімдімін.
- Іс тәжірибе бойынша есеп
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.Н.Ә.Назарбаев Әрбір елдің болашағы, қазіргі жастардың қолында, яғни білімді жастардың қолында. Мен Василова Дияра 01.09.2022-10.12.2022 жж. аралығында өткізген1-курстағы педагогикалық іс-тәжірибемді Алматы қаласындағы 101- мектеп – гимназияда өткіздім. Іс-тәжірибе кезінде мен 1-«A» сыныбының сынып жетекшісі болып бекітілдім. Илиенва Сахинур мектептегі іс-тәжірибе жетекшім болып бекітілді. 1-«A» сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.1-«A» сыныбының оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын өткіздім. 2- желтоқсан күні өзім жетекшілік еткен сыныпқа «Ұстаз жолы-дара жол!»тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіздім. Ағылшын тілінің қызықты жерлерін, ережелерін, сөздерімен танысып, практика жасадық. Бұл практика өте қызықты , мен және оқушыларым үшін өте пайдалы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |