«Шетел тілі: екі шетел тілі» ббб педагогика кафедрасы 2022/2023 оқу жылындағы


Мектептен тыс тәрбиелік жұмыстары



бет6/7
Дата08.02.2023
өлшемі494,75 Kb.
#66175
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Василова Дияра 211 практика

Мектептен тыс тәрбиелік жұмыстары
Мектептен тыс мекемелер жұмысы: Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыратын негізгі орталық база – мектептен тыс мекемелері.Балалармен мектептен тыс жұмыстарды жүргізетін мекемелер мемлекеттік, қоғамдық және жеке болып ұйымдастырылады. Мектептен тыс мекемелер оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыратын, шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыратын қоршаған ортамен таныстыратын, гуманистік және демократиялық тұрғыда қоғамды құруға қатынастыратын әлеуметтік тәрбие институты болып табылады. 
1.Әр оқушының қалыпты дамуына тиімді жағдай жасау;
2.Ғылыми дүние танымын қалыптастыру;
3.Адамгершілік қасиеттерін дамыту;
4.Ұлттық – мәдени дәрежесін көтеру;
5.Өз бетімен білімін көтеруге жағдай жасау;
6.Еңбекке баулу, кәсіби бағдар беру
7.Балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу;
8.Жеке және ұжымдық шығармашылығын дамыту.
Мектептен тыс мекемелердің сабақтары балалардың тұрақты қызығушылығын қалыптастырады және әрқайсысына ұнайтын іспен айналысуына мүмкіндік береді.


Сыныпқа мінездеме
Алматы қаласы №101 – мектеп гимназиясының 1 «а» сынып. Сыныпта 15 оқушы бар. Оның ішінде 8 ұл бала, 7 қыз бала. Сынып жетекшісі Илиева Сахинур . Сыныпта басқа мектептен , ауысып келген оқушылар бар. Мурзаева Айда, Сам орта мектебінен, Багт Шынарай Қалдығараев орта мектебінен, Қуандықұлы Мубарак Ы. Алтынсарин орта мектебінен ауысып келген. Әлеуметтік құрамы орташа, материалды жағынан жеткілікті қамтылған . Сыныптың осылай жан –жақтан жиналғанына қарамастан , сынып оқушылары ұйымшыл , бір—бірімен жақсы араласады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы. Озат оқушылар саны 6 , жақсы оқитын оқушы саны 8, қалған оқушылар орташа. Сынып математика сабағынан көп қиналады, ал ауызша сабақтарға келгенде (әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану) алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады. Мектептегі үйірмелерге қатысады. 3 оқушым ағылшын үйірмесіне қатысады. Ұл балдар спорттық үйірмелерге қатысады. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе топ басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Сынып іші топ –топқа бөліну бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл , бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Сынып оқушылары сыныптан тыс жұмыстарға белсене , бірігіп ұйымдастырып құштарлана қатысады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет