«Шетелдіктердің еңбек жағдайын Қазақстанда құқықтық реттеу»


Шетелдік жұмысшылармен жеке еңбек шартының өзге де заңды мәселелері



бет16/18
Дата06.01.2022
өлшемі131,11 Kb.
#12789
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ДР 21 05 2019

3.4 Шетелдік жұмысшылармен жеке еңбек шартының өзге де заңды мәселелері
Шетелдік жұмысшылармен жеке еңбек шарттарының өзге де заңды мәселелері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі. Еңбек шарты еңбек қатынастарының туындаудың бір негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 19-бабы 1-тармағына сәйкес, қызметкер мен жұмыс беруші еңбек қатынастарының негізгі субъектілері болып табылады.

Шетелдік заңды тұлға жасалған жеке еңбек шарты жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін орындайды.

Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.

Еңбек шартын жасау кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігі қамтамасыз етіледі. Бұзылу фактісі анықталған жағдайда жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген жауапкершілікке тартылады.

ҚР ЕК-нің 26-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға не шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын алғанға дейiн, сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары беретін рұқсатты алғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен; 5) тармақшасына сәйкес, білім беру ұйымынан оқу нысаны көрсетілген немесе қабылдайтын ұйымнан кәсіптік даярлаудан және (немесе) тағылымдамадан өтуі туралы анықтамаларды және білім алу мақсатында болуға арналған рұқсатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдік студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен; 6) тармақшасына сәйкес, отбасына қосылу мақсатында Қазақстан Республикасына келуге және онда болуға арналған рұқсатты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын, Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрғанын растайтын құжатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берілмейді.

ҚР ЕК-нің 29-бабымен еңбек шартының мерзімдері реттелген. Аталған баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, еңбек шарты шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға жергілікті атқарушы орган берген рұқсаттардың не ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген рұқсаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.



Еңбек шартын жасау үшін шетелдік жұмысшылар тарапынан келесі құжаттар талап етіледі:

 1) жеке куәлiгi немесе паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiгi) қажет.

2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

3) тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);

5) әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін);

6) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін);

7) тұрғылықты не уақытша тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

8) кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесі және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасқан кезде соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама қажет.

ҚР ЕК-нің 58-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайтарып алған кезде еңбек шарты тараптардың еркінен тыс тоқтатылады.

Сондай-ақ 61-баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес,  белгіленген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алмай немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып тастауларды сақтамай, шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарты жасалған жағдайда еңбек шартын жасау талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет