Шеткері мотонейронның зақымдану симптомдары


Еріннің ұлғая қабынуы (макрохейлит - macrocheilitis)



бет25/45
Дата26.12.2023
өлшемі145,55 Kb.
#143912
түріТопик
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
неврология эталон полный-2

Еріннің ұлғая қабынуы (макрохейлит - macrocheilitis) – еріннің ұзақ уақыт домбығуынан, көлемінің ұлғаюымен сипатталатын ауру.Аурудың себебі әлі анықталмаған, көптеген авторлар оны адамның конституциялық және тұқым қуалаушылық ерекшелктерімен, инфекциялы-аллергиялық факторлармен байланыстырады. Соңғы болжамның дәлелі ретінде бұл науқастарда микробты аллергендермен аллергиялық сынамалардың оң болу жағдайларын келтіруге болады. Біраз авторлар Мелькерсон-Розенталь синдромын ангионевроздарға жатқызады. Бұл ауру кез-келген жастағы адамдарда соның ішінде әйелдерде жиірек кездеседі. Ағымы ұзақ жылға (4-20 жылға) созылуы мүмкін. Ауру кенеттен басталады. Бірнеше сағат ішінде бір немесе екін ерін домбығып, еріндер жиегі сыртқа айналып, пілдің тұмсығына ұқсап, және тістерден алшақтайды. Науқастың бет әлпеті құланға ұқсайды, ауызды жабу, сөйлеу, ас қабылдау қиындайды. Домбыққан еріндер бозғылт немесе іркілегн-қызыл түсті болады. Сипап байқағанда ерін тіндері тығыздау эластикалық консистенциялы және қаттырақ батырып басқанда саусақ ізі қалмайды. Ерін қатты домбыққанда терісі мен кілегей қабығы қатты созылғандықтан жұқарып жылтырап тұрады. Ерін домбығуы бір немесе бірнеше айға созылып барып басылып, қайта қайталануы мүмкін. Кейде домбығу көрші аймақтарға да (екі ұртқа, мұрын аймағына, тілге, таңдайға) жайылады.
Бет нервісінің салдануы – Мелькерсон-Розенталь синдромының екінші белгісі болып табылады және ол басқа симптомдардан ертерек дамуы мүмкін. Салдану алдында ауыз ішінде әртүрлі патологиялық сезімдер, сілекей бөлінуінің бұзылуы, бет аймағында невралогияға және невритке тән ауру сезімдері, бас сақинасына ұқсас бастың қатты ауруы орын алуы мүмкін. Бет нервісінің салдануы бір жақты дамиды және жарақаттанған нерв жағындағы көз саңылауы кеңеіп, езу төмен салбырап, бет аймағының сезімталдығы жойылып, мимикалық еттердің тонусы өзгереді. Көпшілік жағдайда бет нервісінің жартылай салдануы (парез) байқалады, вегетативтік сезімталдық және моторикалық қызметтері жартылай сақталады.Көпшілік науқастарда салданған бет нервісінің қызметі қалпына келеді, ал кеде салдану қайталанады немесе салдану үрдісі тұрақты сипат алуы мүмкін.Аурудың үшінші белгісі – қатпарлы тіл. Қарап байқағанда мұндай тілдің аздап домбыққаны, көлемінің үлкейгені, үстіндегі терең сайлар оған қатпарлы көрініс беретіні байқалады және бұл симптом барлық науқастарда кездеспеуі де мүмкін. Емі. Емдеу шараларын жүргізер алдында науқасты толық клиника-зертханалық тексеруден өткізіп, организміндегі созылмалы инфекция көздерін анықтауға тырысу керек. Консервативтік емдеу гистаминге қарсы, кортикостероидты және безгекке қарсы дәрілерді, антибиотиктерді тағайындауды қарастырады. Емдеу курсын 2-3 айда бір қайталап отырады. Бактериялық аллергия анықталған болса, микробты аллергендермен десенсибилизациялау әдісін қолданып емдейді.
Жергілікті емдеу шаралары кортикостероидты жақпаларды пайдалануды, гепаринмен электрофорездеу әдісін қолдануды қажет етеді. Кортикостероидты жақпаларды ультрадыбыстың көмегімен енгізу, Дарсанвализациялау әдістері де жақсы нәтиже береді. Консервативтік ем нәтижесіз болған жағдайда косметикалық хирургиялық емдеу әдісін қолданады. Ұлғайған еріндерге кортикостероидты жақпалар ультра дыбыстың көмегімен сіңірілді (күніне бір рет, барлығы 10 сеанс). Сонымен қатар бұлышқ етке лидаза егілді (күніне бір рет, барлығы – 15 сеанс). Тұрақты ылғалдану әсерінен домбығу ошағындағы нервтік элементтердің қозғыштығының төмендеудігін ескере отырып, Дарсанвализацияла әдісін қолдануды қолайлы деп таптық (барлығы 10-15 сеанс 5 минөттен жүргізілді).Тиімді және жоспарлы жүргізілген емдеу шаралары бір курстан соң-ақ жақсы нәтиже берді.

  1. Орталық жүйке жүйесінің қабыну аурулары: менингит - анықтамасы, этиологиясы, клиникалық көрінісі.

Менингит -ми мен жулыннын жумсак кабыктарынын кабынуы. Бул аурудын коздыргышын 1887 ж А.Вейксельбаум наукас адамнын жулын суйыктырынан тапкан. Пішіні буршак таріздес, косарланып орналасады. Коздырышы граммтеріс диплококк, менингококк. Менингиттін коздырғышы тыныс алу, жөтелу кезінде ауа аркылы таралады.
Коздырғышы граммтеріс кофе дәні тәрізді диплококк. Химиялык, физикалык факторларга сезімтал, бөлме температурасында бірнеше сагатта, ал хлорамин ерітіндісі әсерінен 2-3 мин.ішінде жойылады.
Осылайша кенсірікке тускен менингококк жұлынға, кан айналым жуйесіне еніп кетеді. Осы наукаска шалдыккан адам менингитті таратудын бірден-бір козі болып табылады. Орталык жуйке жуйесінін жукпалы ауруларынын ішіндегі аса кауіптісі осы менингит. Букіл дуниежузінде осы наукаска душар болгандардын 20 пайызы кайтыс болады.
Тургындардын тыгыз орналасуы, тазалык сактамау, тумау жане баска да кеселдер, ауруды тарататын ошактын болуы сиякты факторлар осы аурудын тууына себепші.
Ауру коздыратын микроағзалардын турлеріне жане аурудын, дамуына карай:
- Бактериялы:
-Вирусты;
-Мерезді деп ажыратылады
Аурудын, даму сипатына карай:
- Жедел
- Созылмалы
Закымдалу себептері бойынша: біріншілік, екіншілік, Біріншілік менингит деп диагноз койылады,егерде алгашкы инфекция ошағы табылмаса. Екіншілік менингитте инфекция ошағы болады.Ірінді менингит кезінде - бактериалды закымдалу байкалады.Менингит оз алдына жеке ауру болуы, сондай-ак кейбір жаракаттардын, ірінді аурулардын, курт ауруы, тумау, іш сузегі, коптеген жукпалы аурулардын аскынуынан да болуы мумкін.
Жедел менингит ірінді және ірінсіз туріне ортак кездесетін ауру белгісін менингиальдык синдром деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет