Шеткері мотонейронның зақымдану симптомдары



бет31/45
Дата26.12.2023
өлшемі145,55 Kb.
#143912
түріТопик
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
неврология эталон полный-2

клиникалык көріністері. Энцефалиттер симптоматикасы коздырушы сипатына және патологиялык процестін орналасуна тәуелді әр турлі болуы мумкін. Сонымен бірге, осы топ ауруларынын жалпы клиникалык симптомдары бар. Продромалды кезен, барлык инфекциялык ауруларга тән, бірнеше
сағаттан бірнеше кунге дейін созылады жане дене температурасынын көтерілумен, жогары тыныс алу жолдарынын немесе асказан-ішек трактіснін закымдануы симптомдарымен болады (инфекциялык ауру синдромы).
Жалпы милык симптомдарга бастын ауруы, әдетте мандай және коз аумағында, құсу, жарыктан корку сиякты симптомдар жатады. Енжарлыктан,
ұйкышылдыктан есін жогалтуы мумкін. Мидын закымдауынын ошактык
симптомдары патологиялык процестің орналасуна байланысты болады.
Олар функциянын тусу (аяк-кол парезі, афазия және т.б.) және улкен жарты шардын кыртысын тітіркену (эпилептикалык талмалар) симптомдарымен көріну мумкін.

  1. Шизофрения. Шизофренияның параноидты формасы жайында сипаттама беріңіз.

Шизофренияның бұл формасыныщ дамуында параноялы, параноидты, парафренді сандырак сатылары және соңғы жағдай сатысы ажыратылады. Бұл аталған динамика схемалы, өйткені параноидты шизофрения дамуы осы сатылардың кез келгенінде аякталуы мүмкін. Шизофренияның бұл формасының екі нұскасын ажыратамыз: сандырактык және галлюцианаторлы. Бұл варианттардың негізгі айырмашылыктары параноидты сандырак сатысында псевдогаллюцианаторлы синдромның айкындылык дәрежесіне тәуелді. Параноидты шизофренияның сандырактык нұскасы дамуының бастапкы кезеңінде өзіне тән ерекшеліктерімен паранояльды жағдай пайда болады. Ол, ереже бойынша, жоғары жүйелілік дәрежесімен ерекшеленеді. Параноидты кезеңде — Кандинский-Клерамбо синдромының дамуы алдында кыска уакыттык жедел пайда болатын үрейлі-сескенгіш күй бакыланады: наукастар козу жағдайында, коркыныш сезінеді, өздерімен не болып жатканын түсіне алмайды. Содан соң козу жағдайы басылып, Кандинский-Клерамбо синдромы дамиды. Кейде өз динамикасында Кандинский-Клерамбо синдромы «оң әсер» сипатын алады: наукастардың айтуынша ол әсер жағымды, оларға канағат, ләззат сезімін туғызу үшін жасалып жатыр дейді. Үрейлі-сескенгіштік түріндегі козу эпизоды жоғалады, көңіл-күйі жиі көтеріңкі болады. Уакыт өте инвертирленген психотикалык автоматизм деп аталатын жаңа жағдай пайда болуы мүмкін. Наукастар кенеттен өздерінің өзгелерге әсер ете алатын күштерінің бар екендігіне «көздері жетеді». Инвертирленген психикалык автоматизмнің пайда болуы парафренді жағдайға ауысу сатысының дамығанын көрсетеді. Парафренді сатыда наукастарда экспансивті, псевдогаллюцианаторлы және конфабуляторлы парафрения дамуы мүмкін және парафренияның бір формасының екіншісіне ауысуы мүмкін. Соңғы жағдай сөз үзілісімен, неологизмдермен сипатталады, аурулардың сөздерінде бұрынғы парафренді сандырактан үзінділер жиі байкалады, кататониялык кұбылыстар да байкалуы мүмкін. Параноидты шизофренияның сандырақтық нұсқасымен салыстырғанда галлюцинаторлы нусқасында параноялы сандырақтың жоғары дәрежелі жүйесі жоқ. Парафренді жағдайға өту аздап өзгеше болады. Жалған галлюцинациялар сипаты параноидты сандырақ сатысында-ақ өзгереді және оның нәтижесі ретінде жалған галлюцинаторлы парафрения дамиды. Экспансивті парафрения да тән емес. Жалған галлюцианаторлы парафрения көрінісінде бертін келе шизофазия құбылысы пайда болады және қорытынды ретінде соңғы жағдай дамиды. Параноидты шизофренияның галлюцианаторлы вариантының болжамы нашар және дәрілік терапияның тиімділігі төмен.

  1. Шизофрения. Шизофренияның гебефрениялық формасы жайында сипаттама беріңіз.

Жеткіншек жаста пайда болады, катерлі ағыммен сипатталады. Аурудың алғашкы белгілерінің пайда болуынан оның түпкілікті дамуына дейін 2 -3 жыл өтеді. Бұл наукастарда бірінші кезекге негативті бұзылыстар пайда болады, одан кейін ғана позитивті бұзылыстар косылады. Позитивті өзгерістер психопатологиялык синдромдардың полиморфизмімен ерекшеленеді. Ядролы шизофренияның болжамын нашарлататын факторларға оның терапияға аса резистенттілігі де жатады. Энергетикалык потенциалдың төмендеуі ең алдымен, үлгерім нашарлауымен, сабакта өнімділіктің төмендеуімен, кейде үй тапсырмаларына жұмсалатын уакыттың ұзаруымен көрінеді. Мұндай наукастар кейін келе кластар калдырады, оки алмағандыктан мектепті тастап кетеді. Энергетикалык потенциал төмендеуі жиі метафизикалык интоксикация жағдайымен бірге жүреді: наукастар глобальды философияны, ғылыми проблемаларды (тұрмыс мәні, тіршілікгің шығу тегі және т.б.) зерттеумен айналысады, бірак бұл еңбектері олардың арнайы білімінің болмауына және наукастар өнімділігінің күрт төмендеуіне байланысты ешкашан нәтиже бермейді. Наукастар бұл зерттеулерге көп уакыттарын жұмсайды. Эмоциялык дефициттің дамуы ең алдымен ата-анасына деген катынастың бұзылуымен, жиі тітіркенгіштік пен агрессивтілікке бейімділік көріністерімен эмоционалды салкындыктың пайда болуымен көрінеді. Кейіннен наукастарда өз тұлғасына немкұрайлылык пайда болады: олар күтінбейді, жуынбайды, ештеңе істемейді және т.б Ядролық шизофренияның гебефрениялық нұсқасының дамуы энергетикалық потенциалдың төмендеуі немесе эмоциялық дефициттің пайда болуынан басталады. Ары қарай аталған өзгерістер фонында сандырақтық галлюцинаторлы күйзелістермен, жүріс-тұрыс бұзылыстарымен, полиморфизммен және симптоматиканың қарапайымдылығымен сипатталатын жедел психотикалық күй дамиды. Одан кейін ол рудиментарлы кататониялық, сандырақтық және галлюцинаторлы құбылыстармен соңғы жағдайға ауысады. Кататониялық симптом жиі алаңғасар жүріс-тұрыспен көрініс береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет