Одонтогенды нейропатия Этиологиясы. Ауру тістер мен олардың түбірлерін жұлу, өткізгіш анестезия, сондай-ақ тамыр каналына енген толтырғыш материалдар кезінде альвеола нервтерінің жарақаттануының асқынуы ретінде дамиды. Бұл жақтар мен жақ сүйектеріндегі қабыну процестерінде де пайда болады.
Клиникалық көрініс. Үнемі ауырсыну, кейде күшейеді; тістерде, қызыл иектерде, тілдің жартысында, бет терісінде сезімталыдықтың төмендеу сезімі. Зақымдалған жүйке аймағында тістердің электроқозғыштығының төмендеуі, трофикалық бұзылулардың пайда болуы (қан кету, қызыл иектің босаңсуы, ауыз қуысының шырышты қабығының эпителийінің десквамациясы).
Емдеу. Аурудың себебін, жергілікті қабыну процесін жою. Қабынуға қарсы препараттарды қолдану, димексидті зардап шеккен аймаққа сумен тең бөліктерде қолдану, физиотерапия.
Дентальды плексалгия Бет невралгиясынын ішінде ауыз қуысы аурулары және тісжақ жүйесіндегі патологиялық процесстермен байланысты аурулар ерекше орын алады. Онын ішінде жоғарғы және төменгі жақ аймағындағы ауырсыну синдромын атауға болады.
Этиологиясы және патогенезі. Одонтогенді дентальды плексалгиянын туындауынын негізгі себебі: альвеолит, пульпит, периодонтит, пломбирлеу материальнын тіс түбіріне түсуі, одонтогенді киста және сапасыз дайындалған протездер. Ауырсыну синдромынын туындау механизмі толғымен түсінікті емес. Негізінен тіс қосылыстарынын вегетативті құрылымдары закымдалады, сырткы ортанын әртурлі факторынын әсері кезінде аутоиммунды механизм бойынша. Невралгиялык синдромдардын туындауына тіс жұлу кезінде нервтердін жаракаты да себеп болады. Сондыктан стоматолог тіс жұлу кезінде өте ұқыпты болуы керек және альвеолиттін алдын алу жолдарын қарастыруы керек.
Клиникасы және диагностикасы. Ауыру закымданған тіс косылыстары аймағында парестетикалык компонентпен катты ауырумен басталады. Уакыт оте ауырсыну устама түрінде күшееді және 30 минуттан бірнеше сағатка созылады, кей кезде одан да көп уақытқа. Ауырсыну кризі уакытында алғашкы ауырсыну пайда болған беттін жартысынын тері жабындысында гиперемия туындайды. Тістің кызыл жиегі мен теріде катты күйдіру сезімі байкалады, тіс жиегінін, тістін және бет ұшынын гиперестезиясы аныкталады. Наукастардын кейбіреуінде ауырсыну сау жаққа беріледі. Ауырсыну кризі кезінде ауырсыну алғашқыда закымданған қосылыс аймагында жергілікті туындайды, ал содан соң жактың альвеолярлы өсіндісін, тістін кызыл етін, тісті камтиды. Әдетте бірнеше минуттан соң көзге, мандайга, мұрынға таралады.
Ауырсыну жылдар бойы созылуы мүмкін. Жиі дентальды плексальгия үштік жүйке невралгиясы ретінде диагностикаланады. Бірақта дентальды плексальгия кезіндегі ауырсыну невралгиялық түрінен біршама ерекшеленеді: айқын пароксизмальдык жоқ, триггерлік аймақ болмайды. Ауру сипаты тұрақты, біртіндеп кушеюмен. Невралгия кезінде сезімталдыктын шамалы бұзылады. Дентальдык плексальгия үшін тістін қалыпты электроқозғыштығы кезінде закымданған қосылыс аймағында гиперестезия тән.
Емдеуі. Дентальды плексальгиянын емдеуі комплексті болуы керек және стоматологиялык емдеуден, ауыз куысын санациялаудан басталуы қажет. Медикаментоздык препараттардан анальгетиктер, нейролептикалык заттар, транквилизаторлар, В тобынын витаминдері, жергілікті - жансыздандырғыш майлар қолданылады. Наркотикалық емес анальгетиктардан ацетилсалицил кышқылын 0, 5 гр нан тәулігіне 3-4 рет, новоцефалгин немесе асфен күніне 1 таблеткадан 2-3 рет; амидопирин күніне 0,25 - 0 5 г 2-3 рет; анальгин 0, 5г күніне 2-3рет; баралгин 1 таблеткадан 2-4 рет қолданылады. Анальгетиктардын оң эффектісін нейролептиктер мен транквилизаторларды қолдану күшейтеді: аминазин куніне 0,025 г 2-3 рет тамактан сон, триоксазин 0,3 г 2-3 рет және т.б. Ұлпа алмасуына жаксы әсер ететін заттарды да бір уакыта колданады. Сонымен қатар перифериялық М - холинореактивтік жүйе аймағында жаксы әсері бар заттарды колданады: атропин тобынын алкалоидтары. Сонғысынын ішінде -беллоид және беллатаминал. Медикаментозды емдеуді физиотерапиялык емдеумен жалғастырады, ауызішілік әдістеме бойынша жоғаргы немесе төменгі жак аймағына.