Шеткері мотонейронның зақымдану симптомдары


Чарлин синдромы - этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі және диагностикасы мен емі



бет44/45
Дата26.12.2023
өлшемі145,55 Kb.
#143912
түріТопик
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
неврология эталон полный-2

38. Чарлин синдромы - этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі және диагностикасы мен емі.
Мұрын-кірпік жүйкесінін невралгиясы (Чарлин синдромы)
Клиникасы және диагностикасы. Ауру көз алмасында, қас астында, мұрыннын бір жағында катты ауырсынумен сипатталады. Ауырсыну түнде басталады және мынандай айқын вегетативті симптомдармен өтеді: көзден жас ағу, мұрын куысынын шырыш қабатынын ісінуі, мұрыннан сұйык бөліндінін бөлінуі. Көздің алдынғы бөлігінде кератоконьюктивит түрінде өзгерістер болуы мумкін. Мұрынкірпік жүйкесінін невралгиясьнын ерекшелігі аурудын жас кезде басталуы (орташа 38 жас), өзіндік таралуы және ауырсыну синдромынын ұзағырак созылуы (бір тәулік және одан да жоғары), аурудын клиникалык белгілерінін тұрактылығы, ауырсыну қарқындылығынын этиологиялык факторлардан тәуелділігі, ұстама кезінде көз қарашығынын тоникалык реакциясы, триггерлік аймактын болмауы. Ауру жиі мұрынмаңы куысындағы кабыну өзгерістерімен жүреді. Ұстама кезінде мұрын қуыснын алдынғы бөлігін 5% 5 мл кокаин ерітіндісіне 5 тамшы 0 1 % адреналин ерітіндісін қос жаккан кезде ауырсыну жазылады. Ауырсыну ұзақ ремиссиямен өтеді (2-3 жыл).
Емдеуі. Мұрынкірпіктік жүйке зақымданған кезде коньюктивальды капшыққа 1-2 тамшы 0 25 % дикаин ерітіндісін енгізеді (бұл кезде ауру 2-3 мин соң басылады, ал ауырсынуды басу эффектісін кушейту үшін - 0 1 % адреналин ерітіндісін колданады. В 12 витамині де терапиялык эффект керсетеді (1000мкг нан булшыкетке, курсы 10 иньекция). Мұрынкірпіктік жүйкенін инфекциялык зақымдану кезінде антибиотиктер мен сульфаниламидтер қолданылады. Физиотерапиялык заттардан ең эффективтісі диадинамо-электрофорез, қасүсті аймағына қолданады (курсы 10-12 процедура). Үштік жүйке жүйесінін зақымдануында гипертаниялық аурумен сәйкес атеросклерозбен зардап шегетін прозопалгиясы бар наукастарды емдеуді тамыр ауруларын жалпы қабылданған жоба бойынша жүргізеді.
39. Шизофрения. Шизофренияның кататониялық формасы жайында сипаттама беріңіз.
Шизофрения — этиологиясы анықталмаған, созылмалы ағымға бейім, науқас тұлғасының типті өзгерістерімен және әлеуметтік адаптация және еңбекке қабілеттіліктің тұрақты бұзылыстарына алып келетін әр түрлі айқындылық дәрежесіндегі өзге психикалық бұзылыстармен көрінетін психикалық ауру. Бұл ауру кезінде науқастар тұйықталады, әлеуметтік қатынастарын жоғалтады, эмоциялық реакциялардың кедейленуі бақыланады. Сонымен қатар, түйсік, қабылдау, ойлау, қозғалыстық-еріктік сфераның әр түрлі дәрежедегі бұзылыстары анықталады.
Кататоникалық шизофренияда науқас қозғалмай, қимылсыз, мелшиіп қалады. Ал, кейде керісінше кенет күйзеліп жылап, не қатты күліп мағынасыз сөйлейді.
Катониялық формасы айтарлықтай сирек кездеседі (1-3%). Люцидті кататония синдромы көрінісінде басты орын алады. Қозғалыстық бұзылыстар ступор немесе қозу түрінде болады. Кататониялық ступор – науқастың ұзақ уақыт шаршау сезімінсіз, жиі ыңғайсыз қалыпты сақтайтынымен ерекшеленеді (мысалы, жастықтың үстінде басын көтеріп жатады «ауалы жастық симптомы», басын жаялықпен бүркеп алады «капюшон симптомы», құрсақтағы қалыпты алады). Бұлшықеттер тонусының күрт жоғарылауымен науқастарды қандай да бір қалыпқа келтіруге болады (каталепсия- балауыздық иілгіштік). Жиі примитивті рефлекстер тежеусізденеді (ұстап алу, тұмсық симптомы). Негативизм – инструкцияларды орындамау немесе қарсы әрекет жасау және мутизм – айтқан сөзді түсіну, бірақ сөйлеудің болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет