Шұғаның белгісі


Жақып (улы түрде жымиып). Батыр, батыр... Жұлқынба, батыр... Ойды-қырды бүлдіріп болып ең, енді тыншығарсың. Есенгелді



бет6/25
Дата15.02.2023
өлшемі450 Kb.
#68147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Жақып (улы түрде жымиып). Батыр, батыр... Жұлқынба, батыр... Ойды-қырды бүлдіріп болып ең, енді тыншығарсың.


Есенгелді. Тарт тілінді, бейбіт елді қан қақсатқан «қара талақ!» Сенің қолың шығар деп ойлап ем езім де... Ашық майданда мылтықтың қарауылына іліксең, сөйлесер ем! Ұмытпаңдар алдап түсіріп тұрғандарыңды! Кездесерміз әліде!..


Жақып. Сен қайтадан соғыс комиссары болғанда кездесе жатармыз, әзіріне мен соғыс комиссарымын... Әкетіңдер! Жабындар қол-аяғын кісендеп!.. (Айналып жұртқа қарап.) Ақымақ! Қазан бұзар!.. Бұған төңкеріс неге керек десейші.


Есенгелді (бұлқынып). Кездесерсің әлі де! Бір большевиктің орнына жүзіңді, ана ақсақалдарың мен мына сайқалдарыңды жалпақ табанға таптармыз әлі!..


Жақып (ақырып). Әкетіңдер тезірек! (Әкетеді. Дауыс бірсыпыраға шейін естіледі.)


Шоңмұрын (күлімдеп). Үлкен олжа!


Айбала. Несін айтасыз, құдай сәтін берер.


Жақып (отырып). Бұл – біздің келісіміміздің олжасы. Ол жаның бұл жағы Ақаңның есіне де келмеген шығар. Жақсы болсын, жаман болсын, бұл езіміздің талантқа байланысты... Ақаң мен Әлібаевтың қай большевиктің алдында керісіп отырғанын құдай білсін... (Күрсініп.) Керісіп отыр ма, әлде түрмеге тығып жіберді ме?.. (Үй ішін кезіп жүреді.)


Шоңмұрын. Үлкен тапқыштық, үлкен талант! (Күліңкіреп.) Екеуіміздің осы айланы тапқанымыздың өзі тарихта неғып қалмас екен!


Жақып. Ие, сенің түсіне қалғаныңды мен басынан-ақ сезгем... Бірақ үлкен бір қате өткен... (Басын шайқап, таңдайын қағады.)


Шоңмұрын. Қандай қате?


Жақып. Егер күн бұрын әзірлеген болсақ... Оралда да, Семейде де, Қызылжарда да, Омбыда да осындай келісім жасап жіберіп, қала-қалалардың бәріне әскерімізбен кіріп алып, барлық қалада бір түнде перевород жасап жіберген болсақ!.. Әй, қандай ойран болар еді, ә!..


Шоңмұрын. Сонда, большевиктерді бір түнде бітіріп, ертеңіне қазақ автономиясын жариялайтын екеміз-ау, ә?.. (Бұ да таңдайын қағып.) Неғып еске түспеді екен?.. (Телефон шылдырлайды.)


Жақып. Кім? Қартаймысың? Қолға алынды дейсің бе?.. Е?.. Екеуі де ме?.. Өлген қайысысы?.. Мәулен? Әкелмей-ақ қой, түрмеге жөнелт! Аяқ-қолын кісендет! Есенгелдіге қостырма, бөлек-бөлек... Ә? Кембай батыр?.. Қойшы-ау?!. Қап!.. (Телефонды қойып.) Есенгелдінің екі жолдасы да ұсталыпты. Біреуі өліпті...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет