Шұғаның белгісі


Шоңмұрын. Болмады, болмады! Ендігі жұмыс жастығымызды ала жығылу да! (Кәртай кіреді.) Кәртай



бет23/25
Дата15.02.2023
өлшемі450 Kb.
#68147
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Б.Майлин Шығармалар жинағы

    Бұл бет үшін навигация:
  • Жақып
Шоңмұрын. Болмады, болмады! Ендігі жұмыс жастығымызды ала жығылу да! (Кәртай кіреді.)


Кәртай (честь беріп). Әкелдім бәрін де.

Сахнаның түпкі қабырғасына дәке ұсталған, ар жағынан фанер ұстаған. Дәл осы кезде фанер алынып, сахнаның сыртына жарық беріледі. Байлаулы, кісендеулі, үсті-бастары қан 20 шақты адам көрінеді; қарсы алдында мылтығын көздеп тұрған 20 шақты солдат. Есенгелді, Таран, Мәмбет, Сәдендер бар.




Жақып. Шоңмұрын, үкіміңді оқы! (Бәрі далаға шығады. Үй бос. Сыртқы жарық күшейеді.)


Шоңмұрын (сырттан бұлар ішке көрініп тұрады). «Алашорда» үкіметінің соғыс трибуналы, ел бүлдіргіш жауыз большевиктердің ісін қарап, мынадай қаулы қылады: Таран большевик, үкіметке қарсы көтеріліс жасаған, ел тонаған, орыс жұмыскері – атылсын! Есенгелді – қазақ большевик, уездік военком, 16-жылы патшаға қарсы көтеріліс жасап, одан кейін «Алашордаға» қарсы көтерілген, бұзық, ұры – атылсын! Сәден – қазақ, большевик, Есенгелдінің жолдасы, бұл да ұры – атылсын! Мәмбет – учитель, қазақ, большевик, патша заманында талай бұзақылықтар істеген, штраф тартқан, жер аударылған, сәбден бастығы... (Оқ төбелерінен зулағанда Жақып, Шоңмұрындар ылғи бұғып қалысады.) Байлардың мүлкін талаттырған – атылсын! Бұлардың жолдастары – Иван, Тасқара, Шарапи, Мамұл, Ғабиди... – бәріде атылсын!


Жақып. Соғыс трибуналының үкімін бекітем, үкім орындалсын!


Кәртай. Солдаттар!.. Көздеңдер большевиктерді. (Төбесінен оқ зулап, Жақыптар бұғып, біріне-бірі тығылады)


Мәмбет (тұтқындар арасынан). Құзғындар! Енді екі минут кешіксеңдер, біздің орнымызда сендер тұрар едіңдер!.. Атыңдар, атыңдар! Төңкеріс құрбаны болсақ, арман жоқ!.. бірақ мынау төбелеріңде ойнаған оқ, біздің оғымыз екенін ұмытпаңдар!.. Мына гүрсілді есітіп тонқаңдап қашып бара жатқандарыңды көріп, қазір қаланы большевик алатынын біліп өлген бізде түк арман жоқ!.. Бізді большевиктер көмеді! Атыңдар, жауыздар, атыңдар! Атыңдар!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет