Шы жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір


Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері (АЛЖИР)



бет8/10
Дата23.04.2022
өлшемі186,4 Kb.
#31994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.3 Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері (АЛЖИР)

Енді ГУЛАГ жүйесінің бір бөлігі «Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагеріне» тоқталатын болсақ, лагерьдің тарихына байланысты тарихи деректер өте көп. Жарияланып жатыр, ашылмаған тұстар да өте көп. Кеңес өкіметі орнай салысымен заңдар көптеп шыға бастады. Большевиктер өз саясатын заңдастырып отыруды міндет қойды.

А.Л.Ж.И.Р. (орыс. Акмолинский Лагерь Жён Изменников Родины — Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) — cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.

Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды.

2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен ашылған «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені.

Бүгінде айтулы мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композициядан, сондай-ақ «Еске алу қабырғасынан» құралған. Мұражайдың экспозициялары өзінің материалдық құжаттарымен саяси қуғын тарихын, жазалау институттарының әрекет ету тетіктерін көрсетеді.

Қазіргі уақытта мұражайға келушілер назарына 1905-1916 жылдары қазақ зиялыларының саяси іс-әрекеттері, кеңес өкіметін орнату кезеңі, ұжымдастыру және шаруашылықтың қасіреті, қазақ жеріндегі аштық, 1937-1938 жылдардағы «үлкен террор», Қазақстан аумағындағы ГУЛАГ-тың бөлімшелері, халықтарды Қазақстанға қоныс аудару, 1940-1950 жылдары Қазақстандағы саяси және идеологиялық қуғындар, 1986-шы жылғы желтоқсан оқиғалары жеке-жеке бөлім болып ұсынылып отыр. Бүгінде осы бөлімдерде төрт мыңға тарта жәдігер топтастырылған. Жертөле қабатындағы экспозицияның ортасындағы «Еске алу» азапты күнде де мейірімділікті еске түсіргендей. Үш қабатты мұражайда барлық экспонаттар шеңберлік көрініс бойынша орналастырылып, келушілердің сол бір сұрапыл жылдар тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді.

Лагерьде КСРО мемл. басшыларының, әскери қолбасшылардың әйелдері мен жақын туыстары, Қазақстан басшы қызметкерлерінің әйелдері мен балалары, жақын туыстары жапа шекті. Онда маршал М.Н. Тухачевскийдің қарындасы Е.Н. Тухачевская, А.С. Енукидзенің әйелі мен қызы, С.Сейфуллиннің әйелі Гүлбаһрам, Б.Майлиннің әйелі Күнжамал, Т.Рысқұловтың әйелі Әзиза, С.Қожановтың әйелі Күләндам, С.Меңдешевтің әйелі Рәзия, Т.Жүргеновтың әйелі Дәмеш, Н.Нұрмақовтың әйелі Зүпнұн, С.Аспандияровтың әйелі Рабиға, Майнұр Сарымолдаева, Елизавета Садуақасова, Мария Есқараева, Мәриям Тоғжанова, Әйіш Құлымбетова, Бибіжамал Сырғабекова, Сағадат Таштитова, Шәкітай Тәтімова, Айша Қабылова, Кира Нұрмағамбетова (лагерьде атылды), Жанбике Шанина, Хадиша Мусина, Сақыпжамал Назарова (Зарап Темірбековтың әйелі), Уәзипа Күленова, Мағрипа Рүстемова, Әсма Шоманова, Зағипа Тінәлина, Баршын Қалменова, Мәдина Оразова, Мәрияш Есенгелдина т.б. көптеген қазақ азаматтарының әйелдері, аяулы аналар «жазасын» өтеді. Лагерьге анасымен бірге түскен сәбилер 2 — 3 жасқа жеткен соң аналарынан айырып алынып, балалар үйлерінің «тәрбиесіне» берілді. А. 1950 жылдың басында таратылып, оның тұтқындары басқа лагерьлерге ауыстырылды, жер аударылды, мерзімін өтегендер босатылды. Бірақ 1956 — 57 ж. саяси репрессия құрбандары ақтала бастаған кезге дейін олардың көпшілігі өздерінің бұрынғы тұрған жерлеріне қайтып оралуға құқы болмады. А. туралы тек 20 ғ-дың 80-жылдарының соңында ғана ашық айтылып, жазыла бастады. Ол жөнінде деректі «АЛЖИР» фильмі түсіріп, «Кебенек киген арулар» пьесасы жазылған.

Экспозицияның жеке бір бөлігі «АЛЖИР» тұтқындарының балаларына арналып отырғаны тегіннен тегін емес. Сол жылдардағы тергеушінің кабинеті өзінің сұрқымен адам денесін тітіркендіреді. Шағын жертөлелердегі тұрмыс көрінісі, тұтқынға алынғандардың жеке нәрселері, қуғын-сүргін құрбандары балаларының хаттары көрнекі жерден орын алған.

Жалпы қуғын-сүргін жылдарының алғашқы ескерткіші осыдан жиырма жыл бұрын Малиновка, қазіргі Ақмол ауылындағы құс фабрикасының қарапайым қызметкері Любовь Егоровна Дроботаның тікелей араласуымен жасалған «Қақ айырылған жұлдыз» кешенінен бастау алады.

Сонау 1937 жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагерінде, кейін баршаның ауызында АЛЖИР деп аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейрімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды.

Заңсыз репрессиялардың серігі - мемлекеттің, оның органдарының жэне лауазымды түлғаларының адамдардың қарапайым қүқықтарын жаппай бұзуы. 20 - 50 - жылдардағы кеңес тарихы осыны айқындайды. Репрессивті саясатты жүзеге асыру барысында адамдардың құкьіктарын бұзу жаппай сипат алды, олар кеңес зандық нормалары, нүсқаулары көптеген институттарымен бекітілді, бұл оларға қүқықтық дәйектілік пен заңдасу түрін берді [20].

Заңдар кез-келген қоғамның тарихы бойынша маңызды қүжаттарға жатады, өйткені мемлекеттің қүқықтық негізін қүрайды: ол мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың барлық күнделікті жүмысын бағыттайды жэне реттейді, азаматтар мен үйымдар арасындағы қарым - қатынастарды белгілі бір құқықтық нормаға экеледі. Зандық актілер тарихи деректердің бір түрі болып табылады, олар мемлекеттің қүқықтық нормалары мен бағытын анықтап көрсетеді. Ішкі және сыртқы саясаттағы зерттеу үшін ең негізгі деректердің көзі ретінде бола алады. Заңдардың шығу тегін, мэтІнін, мазмүнын тексеру бізге мемлекеттік машинаның қандай шаралар жүргізгені туралы толық мәлімет бере алады. Тарихи дерек болғандықтан, заңдық актілер тарихи оқиғалардың жемісі екені даусыз. Кеңес өкіметі орнауының бастапқы кезінде «жаулап алу» деген сөз түрғандықтан, оның заңдары осы мақсатты орындаумен айналысты [21].

Заңдық актілер қүқықтық құжат және тарихи дерек ретінде қатал объективті талдауды қажет етеді. Тарихшыға құқықтық күшін жоғалтқан және сақтаған актілермен жүмыс істеуге тура келеді.

Бұл зандарды кеңестік тарихнамада тек қана «демократиялық ұстанымдарға» негізделді деп көрсетті. Басты көрсетілген декреттер, қаулылар, Конституциялар еді. Ал кеңестік тарихнамада революциялық трибуналдық, қылмыстық кодекстер баптары талданды. Себебі олардан мемелекеттің ішкі саясаты анық көрініп тұрды. Өкінішке орай, отандық тарихнамада кеңестік заңдық актілер тарихи дерек ретінде аз зерттелген.

«Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері» туралы үлкен деректер тобына Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қүқықтық статистика және арнайы есеп Басқармасы қүжаттарына сүйеніп шығарылағн «Узницы Алжира» (список женщин -заключенных Акмолинского и других отделений Карлага)» [15] қүжаттар жинақтарын алуға болады. Онда аталған лагерде түтқында болған 5380 әйелдің тізімі берілген. Оның 4546-ы «Отанын сатқандар жанүялары мүшелері» ретінде, қалғандары басқа саяси айыптау арқылы түскен.

Осы тізімдегі қазақ әйелдері туралы мэлімет төмендегідей. Тарихшы А.Р. Кукушкинаның пікірінше, лагерде 93 (2%) қазақ әйел болған [22]. Шьш мәнініде, тізімде 87 қазақ әйелі бар. Бүған себеп, кейбір мұсылман әйелдерін қазақ үлтынан деп есептеп жібермеген. Олардың барлығы КСРО НКВД Ерекше Кеңесінің шешімімен Отанын сатқандар жанұясы мүшелері (ЧСИР) ретінде үсталған. Басқа үлттың өкілдері ішінде контрреволюциялық топтарға қатысқаны, антикеңестік үгіт-насихат жүргізгені, мемлекеттік қүпияны жариялағаны, өндірісті бүзганы, қаскүнемдік әрекеті, т.б. айыптаулар бар. Ал қазақ әйелдері тек қана «халық жаулары» әйелдері болганы үшін жазаланган.

1934 жылы 5 қарашада КСРО ХКК жэне OAK КСРО Ішкі істер халық комиссариаты Ерекше Кеңесі [17] туралы қаулы қабылдады. Онда КСРО Ішкі істер комиссариатына қоғамдық қауіпті деп мойындалатын түлғаларға қолданатын төмендегідей қүқық берілдіеді:

а) НКВД бекіткен тізімдегі жерлерге жария қадағалауға 5 жылға дейін мерзімге жер аудару;

б) КСРО өндіріс орталықтары мен ірі қалалары, астаналарында өмір сүруге


тыйым салып, жария қадағалауға 5 жылға дейін мерзімге жер аудару;

в) 5 жылға дейін мерзімге еңбекпен түзеу лагерлерге тұтқындап жіберу;

г) қоғамдық қауіпті болып табылатын шетелдік бодандарды КСРО-дан жер
аудару.

Міне, осы шараларды қолдану үшін КСРО НКВД төрағалығымен Ерекше Кеңес қүрылады, күрамында:

а) КСРО Ішкі істер Халық комиссарының орынбасары;

б) РСФСР бойынша КСРО Ішкі істер Халық комиссариаты өкілі;

в) Жұмысшы-шаруа милициясы Бас басқармасы бастығы;

г) іс пайда болған территориядағы одақтық республикалар ішкі істер халық


комиссары.

Көріп отырғанымыздай, ерекше Кеңес мүшелері - лауазымды адамдар. Бүл - Кеңес өкіметінің саясатын жоғарьщан күштеп енгізіп отырғанын көрсетеді. Ерекше Кеңес шешімінде эрбір жеке түлғаның еңбекпен түзеу лагеріне түтқындалуы жэне жер аударылуы туралы осы шараларды қолдану негізі көрсетуі, сонымен қатар жер аудару немесе лагерге қамау мерзімі анықталуы міндетті болып табылады.

Ерекше Кеңес әрбір түлғаның жер аударылуы мен түтқындалуына, яғни тағдьфын шешуде үлкен рөл атқарды. Қазақ әйелдерінің барлығы осы Ерекше Кеңеспен сотталды, себебі олар «отанын сатқандар әйелі» деп айыпталды. «Отанын сатқандар эйелдері» 5 жылдан 8 жылға дейін сотталды. Екі жылдан соң, яғни 1939 жылғы 20 тамызда Карлаг басқармасы бұйрық шығарды, онда былай делінген: «...3. 5 жылға дейін сотталған мамандарды ауданда мамандығы бойынша пайдалану керек, ал бес жылдан асса тек қана жалпы қарауылданатын жұмыстарда пайдалану керек». [23].

Әрбір «отанын сатқандар әйеліне» жеке есеп карточкасы жасалды. Онда мынадай сүрақтар қойылған: аты-жөні, тегі, туған жері, жылы, әлеуметтік тегі, ұлты, бодандығы, білімі, бұрынғы партиялығы, тұрғылықты жері, мамандығы, не үшін сотталды, қашан басталды, қашан аяқталды, қашан өзгерді, қашан жэне қай жерден келді жэне т.б.

Әйелдердің түрмедегі жағдайының ауырлығын мүрағат құжаттарынан көруге болады. Мәскеуден ағылған сотталғандарды тиеген вагондар Ақмола лагеріне сыймай жатты. Бүл туралы Карлаг басқармасы тікелей ГУЛАГ-қа хабарлап отырды, осылайша ГУЛАГ-тағылар біліп отырды. Олар сотталғандардың түрмыстық жагдайларын, жылу берілмегендігін және тамақтану жүйесінің нашарлығын жөндеу туралы баянхаттар жолдады. Шын мәнінде, Ақмола арнайы бөлімінің бір аптага берілген тамақ мәзірінің жобасын қарасақ, тек қана таңғы және түскі ас көрсетілген. Олар мынадай: дүйсенбі күнгі таңғы ас – сәбіз қосылған ботқа, түскі ас - етті ши, сәбіз қосылған ботқа; сейсенбі күнгі таңгы ас - бүқтырылған капуста мен ботқа, түскі ас - картоптан жасалған ботқа қосылған бүқтырылған балық, сәбіз қосылған ботқа; сэрсенбі күнгі таңғы ас - үнтақталған картоп, бұқтырылған балық, түскі ас - жоқ, бірақ талап етілген көкөністер берілген; бейсенбі күнгі тағы ас - ашытылған капуста мен ботқа, түскі ас - картоптан жасалған сорпа, пилав; жұма күнгі таңғы ас - картоп, капуста қосылған балық, түскі ас - ботқа; сенбі күнгі таңғы ас - бүқтырылған капуста қосылған ботқа, түскі ас - бүршақтан жасалған сорпа, көкөністен жасалған рагу; жексенбі күнгі таңгы ас - ботқа, түскі ас - балықтан жасалган сорпа, бүқтырылған капуста мен ботқа. Қүжатқа асхана жэне өндіріс меңгерушісі Никитин қол қойған. Ал кешкі тамақ жоқ. Яғни, ауыр жұмысқа салынған адамдарды аш ұстады. Шыныменен, көптеген эйелдер естеліктерінде өздерінің аш жүргендігі туралы жазады. Бүның барлығы сотталган әйелдердің түрмедегі аса ауыр жағдайын көрсетеді.

«Отанын сатқандардың» отбасы мүшелері кімдер еді? Олар кеңестік элитаның, партия және кеңес басшы қызметкерлерінің, халық комиссарларының, көрнекті қайраткерлердің эйелдері еді. Біз тек қана қазақ ұлтынан шыққан қазақ эйелдерін айтып отырмыз, қазақтан шыққан ірі саяси қайраткерлердің басқа үлт өкілдерінен де әйелдері болды. Олардың да күйеулері «ұлтшыл-фашист» деп айыпталган еді. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағат материалдарын пайдалана отырып, әйелдері «Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагерінде» болған кейбір мемлекеттік қайраткерлер тізімін жасадық.

Тізім төмендегідей:

1. Абдулахатова Күлше (5 жыл) - күйеуі: Абдулахатов Садық (1896-1938жж.) Оңтүстік Қазақстан облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі.



  1. Айсарина Мәдина (5 жыл) - күйеуі: Айсарин Әбдірахман (1900-1938 жж.) «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты хатшысы.

  2. Алдабергенова Албусина (3 жыл) - күйеуі: Алдабергенов Жайлау (1900-1938 жж.) Ақсу Рк КП(б)к хатшысы.

  3. Асфендиярова Рабила (5 жыл) - күйеуі: Асфендияров Санжар (1889-1938 жж.) медицина институтының ректоры, ҚАКСР Денсаулық сақтау халық комиссары. КСРО FA қазақ бөлімінің төрағасы.

  4. Байшураева Күлхан (5 жыл) - күйеуі: Байшураев Қазы (1909-1938 жж.). Қазалы МТС директоры.

  5. Баяубаева Бағила (5 жыл) - күйеуі: Баяубаев Хамит (1903-1938). Алматы облысы, Еңбекші қазақ аудандық атқару комитетінің төрагасы.

  6. Берікбаева Маржан (8 жыл) - күйеуі: Берікбаев Таран (1887-1938). Қостанай облысы, Торғай ауаткомның төрағасы.

  7. Жүргенева-Ермекова Дэмеш (8 жыл) - күйеуі: Жүргенов Темірбек (1898-1938). ҚАКСР Халық ағарту комиссары.

  8. Қабылова Айша (5 жыл) - күйеуі: Қабылов Ильяс (1904-1938). БКЩб) Қазөлкелік комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі.

10. Қалменова Баршын (8 жыл) - күйеуі: Қалменов Атлаш (1902-1938) Қаз АКСР жергілікті өндірісінің халық комиссары.

11.Қарлыбаева Ризакия (5 жыл) -күйеуі: Қарлыбаев Абдырай (1900-1938) Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы МТС директоры.

12.Каспақбаева Күләнда (8 жыл) - күйеуі: Қаспақбаев Амантай (1894-1938). Қазақ OAK хатшысы.

ІЗ.Қүлымбетова Айша (8 жыл) - күйеуі: Құлымбетов ¥зақбай (1891-1938).

Қазақ OAK төрағасы.

14.Майжолова - Күленова Уазипа (8 жыл) - күйеуі: Майжолов Мүбарак

(1892-1937) жабдықтаушы.

15.Манаева Шарипа (5 жыл) -күйеуі: Манаев Нүғман (1894-1938)

ҚАКСР Халық Ағарту комиссары.

16.Майлина Күнжамал (5 жыл) - күйеуі: Майлин Бейімбет (1894-1938).

Жазушы «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері.

17.Мамырова Фариза (5 жыл) - күйеуі: Мамыров Мәулетхан (1908-1937) Алматы тау-металлургия институтының оқытушысы.


18.Меңдешова Разия (5 жыл) - күйеуі: Мендешов Сейітқали (1882-1938)ҚАКСР OAK бірінші төрағасы. ҚАКСР Халық Ағарту
комиссары.

19.Мусина Хадиша (8 жыл) - күйеуі: Мусин Айтмүхамед (1889-1938).

Ақтөбе облыстық партия комитетІ бірінші хатшысы.

20.Нүрмақова Зуфнун (8 жыл) - күйеуі: Нүрмақов Нығмет (1895-1937)

БОАК хатшысы орынбасары, БОАК Президиумы ұлт істері

бөлімінің меңгерушісі.

21.0сманова Фатима (8 жыл) - күйеуі: Османов Сәдуақас (1898-1938)

Келес ауаткомы бірінші хатшысы.

22.Рысқүлова-Есенқүлова Әзиза (8 жыл) - күйеуі: Рысқүлов Тұрар ., (1894-1938) РСФСР ХКК төрағасының орынбасары.

23.Сэрсенбаева Фатима (5 жыл) - күйеуі: Сәрсенбаев Сейіт (1900-?)

Еңбекшілер ауаткомы хатшысы.

24.Сырғабекова Бибіжамал (8 жыл) - күйеуі: Сыргабеков Нығметтолла

(1900-1938) ҚАКСР жер халық комиссары.

25.Тэтімова Тақтай (5жыл) - күйеуі: Тәтімов Мұхаметқали (1894-1938)

Қазақстан бойынша БКП(б) ОК жанындағы Пк УКПК мүшесі.

26.Таштитова Сағадат (8 жыл) - күйеуі: Таштитов Қайсар (1904-1938).

ЛЖКО Қазөлкелік комитетінің бірінші хатшыы.

27.Қожанова Гүлжиян (8 жыл) - күйеуі: Қожанов Сүлтанбек (1894-

1938) Орта Азиядағы КСРО жер Халық комиссары уәкілі.

28.Юсупова Шолпан (8 жыл) - күйеуі: Юсупов Нурулла (1902-?)

Алматы қалалық аткомы төрағасы.

29.Баймағанбетова Шахзада (8 жыл) - күйеуі: Баймағанбетов Жанай

(1903-1938) Шығыс Қазақстан облаткомының екінші хатшысы.

Көріп отырғанымыздай, Ақмола лагеріндегі әйелдердің күйеулері әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметте болды.

Мемуарлар, естеліктер - тарихи деректің бір түрі болып табылады. Оны жеке адамдар жазады, эдеби көркем шыгарма болғанымен, мемуарлар, естеліктер белгілі бір дэрежеде тарихи оқиғаларды ашып береді. Бүл деректердің ерекшелігі ресми құжаттарда көрсетілмеген фактілер анықталады. Сондықтан да олар көптеген қызықты деректерді алуға көмектеседі. Басқа күжаттармен салыстырғанда мемуарлар,естеліктер субъективті болып табылады. Өйткені олар жазып отырған адамның ойын білдіреді, оның ішінде автордың жеке пікірі, саяси көзқарасы мен дүниетанымының кеңдігі әсер етеді.

«Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері» туралы көптеген деректер де адамдар ойлары арқылы айтылады. Себебі лагерде болған әйелдер сол жылдардағы өмірлерін еске түсіру арқылы жазып жүр. Мәселен, Е. Гинзбург «Крутой маршрут», Е.Олицкая «Мои воспоминания», Н. Суровцевая, О.Адамова, Х.Волович, А. Войтоловская мемуарлары, Г.Степанова-Ключникова «Казахстанский Алжир». Бұл мемуарлар материалдары улкен дерек көзі болып табылады.

Сонымен катар, А. Солженицын еңбектерін алуға болады. Еңбектері әдеби шығарма. Алайда тарихи деректерді пайдаланғандықтан, дерек көзі ретінде қолдана аламыз. Ол өз көргендері арқылы ГУЛАГ жүйесі түрмелері жағдайын ашып көрсетеді [24]. Ол еңбегінде врач-гинеколог Н.И. Зубовтың сөзін келтіреді, эйелдерге статистикалық жағынан ер адамдардан қамау тез әрі айқын эсер етеді, себебі ең басты мәселе-жанұяны жоғалту болып табылады. Бірақ, А. Солженицын өз еңбегінде әйелдердің түрмедегі жағдайын соншалықты дэрежеде моральдық төмендетеді, кейбір кезеңде оқу мүмкін емес. Шын мэнінде, эйелдерді сондай халге түсірген кім? Кеңес өкіметі, большевиктердің кесімді саясаты - олардың адамдық қасиетін айырылуға мэжбүрледі, намыстарын таптады. Кімдерді деген сүрақ туындайды, ең білімді, зиялы, қоғамның элитасының әйелдерін, оқыған адамдарды. Ал, А. Солженицынге әйелдерді моральдық азғындаған түрпатта көрсету орнына, олардың лагерлік жүйедегі арпалысын ашу керек еді.

Қазақ әйелдері туралы деректі материалдарды жариялаған журналист А. Тасымбеков болып табылады [25]. Армиял Тасымбеков мерзімді басылымдарда көптеген мақалалар жэне «Жан дауысы: АЛЖИР архипелага» атты еңбегін шығарды. Бүл еңбектің құндылығы сонда, А.Тасымбеков соңғылардың бірі болып қалған «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері» түрмесінің эйелдерінен естеліктер жазып алып қалды. Олардың ішінде Күләндәм Қожанова, Дәмеш Жүргенова, Бибіжамал Сырғабекова, Мәдина Оразова, Майқүр Сарымолдаева, Сағадат Таштитова, Сақыпжамал Темірбекова, Уәзипа Күленова, Әсимэ Шоманова, Баршын Кэлменова, Зүпнүн Нұрмақова, Мэриям Есенгелдина, Күнжамал Майлина, Шэкітай Тәтімова, Елизавета Тухачевская, Азиза Рыскүлова, Сүлухан Бағызбаева, Әйін Қүлымбетова, Елена Верещагина -Кельмансон, Елизавета Сәдуақасова, Варавара Курачева, Загфи Тналина, Мария Есқараева және т.б. Еңбекте әйелдердің естеліктері бойынша күйеулерінің қалай үсталғандығы, өздерінің қалай үсталғандығы, балаларының тағдырлары кеңінен айтылады. Сонымен қатар, түрмелерде болған әйелдердің психологиялық жағдайы суреттелген.

Бірақ, айта кету керек, түрмелерде болған қазақ әйелдерінің жагдайлары туралы құжаттық материалдар жарық көрген жоқ. Жеке мемуарлар да аз. Тарихи оқиғаны анықтау үшін терең сипатталған естеліктер мен мемуарлардың рөлі зор екенін білеміз. Шындығында, қазақ қайраткерлерінің әйелдері де басқа ұлттармен бірдей «Отанын сатқандар эйелдерінің Ақмола лагері» түрмесінің азабын шекті.

Аталған лагерь туралы тарихи деректер элі де болса толық ашылып біткен жоқ. Бүгінгі таңда жарияланған еңбектерде лагерьде болган барлық КСРО халықтарының өкілдері туралы айтылады. Қазақ әйелдерінің тағдырларының қоғамға эсер ету факторлары, түрмедегі жағдайы, қарым-қатынастары сияқты көптеген мәселелер шешімдерін күтуде. Ал ұлттық ділге байланысты, сонымен бірге кейіннен кеңес ортасына кірігуі, балаларының жайы толық айтылып болған жоқ. Бұл оның отан тарихындағы өзекті мэселе екенін көрсетеді. Сондықтан да, «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагерінде» болган қазақ эйелдері туралы еңбектер әлі де жазылады деп ойлаймыз.



1937-38 жылдардағы қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам өмірінің барлық саласын қамтыды. Кеңестік құрылысқа тартылған әйелдерді қугын-сүргін саясатына араластыру шаралары да мақсатты түрде, әбден ойластырылып жүргізілді. Соттарда жасайтын делегат эйелдерге қалың мал мен көп әйел алушылыққа қарсы күрес арқылы қоғамның белсенді мүшесі болуы жогарыдан бұйырылды. Сонымен қатар партия шараларын орындау үшін «күнделікті күрес» жүргізу қажеттілігі ескертілді де. 1937 жылы 15 тамызда Ішкі істер Халық Комиссарының 00486 номерлі шұгыл бұйрыгы шықты. Оның мазмүнына үңілсек: «С получением настоящего приказа приступите к репрессированию жен изменников Родины, членов правотроцкистских шпионско-диверсионных организации, осужденных военной коллегой и военным трибуналами по первой и второй категориями, начиная с 1 августа 1936 года ...» дей келе, саяси кугын-сүргінге ұшыраган отбасы мүшелерін түтқындауға деген даярлық шараларына мүқият және тиянақты түрде нұсқау береді. РСФСР Қьілмыстық Кодексінің 58 бабы бойынша шетелге қашып кеткен әскери тұлғалардың кәмелетке толган отбасы мүшелері 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзіммен, барлық мүлкі тәркіленіп сотталатын болған. Алдымен, репрессияға үшырайтын әрбір отбасы мүшелері мұқият тексеріліп, қосымша мәліметтер жиналған. Содан кейін жинақталған мәліметтердің негізінде отбасының сотталған мүшесінің аты, тегі, фамилиясы, қылмыс түрі және оның қай кезде жасалғандығы туралы анықтама жазылатын болған. Сондай - ақ, отбасы құрамының тізімі (айыпкермен бірге тұратын және оның қарамағындагы) және әрбір отбасы мүшесіне толық мәліметтер: эсіресе айыпкердің әйелі мен 15-тен жоғары жастағы балалардың элеуметтік қауіптілік деңгейіне қатысты мінездеме, сонымен қатар жанүядагы жасы жеткен қарттар мен ата-ананың күтімі қажет балалар туралы мэлімет жинақталган, 15 жастан жоғары балалардың Кеңестерге қарсы іс-эрекеттерге бейімділігі мен әлеуметтік қауіптілігі жайында тек қысқаша анықтама жасалып, ал 15-ке толмаған, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тізімі арнайы есепке алынған. Алынған тізім мен жасалынған анықтама қағаздарын облыстар мен өлкелердің ІІХК басқармасының басшылары мен республиканың Ішкі Істер халкомдары тексеретін еді. Осы аталған шаралар жүргізілгеннен кейін ғана, «Отанын сатқандардың» әйелдерін тұтқындауға және үйлерін тіңтуге рұқсат берілген. Сондай-ақ айыпталған түлғалардың қарамағында немесе олармен бірге түратын туысқандарына да репрессия шаралары қолданылады. Сонымен қатар «Халық жауы» деп айыпталған тұлғаның ажырасқан әйелдерін де түтқынға алу зандастырылды. ІІХК - ның жоғарыда көрсетілген бүйрығында « ...сотталушының контрреволюциялық іс-әрекетін білсе де, тиісті билік органдарына хабарламаған әйелдер күйеуімен ажырасса да қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы» әбден ескертілді. Ал, осы бұйрықта «Аяғы ауыр және кішкентай немесе жұқпалы дертке шалдыққан науқас сәбилері бар және жасы жеткен әйелдер тұтқындалмайды, бірақ арнайы бақылауда болады» деп жазылғанымен, іс жүзінде жағдай басқаша болды. Сондай - ақ, күйеуінің «контрреволюциялық қылмысын» тиісті билік органдарына жеткізіп «эшкерелеген» әйелдердің тұтқынға алынбайтындығы да қарастырылды. Тұгқындау кезінде үйге мүқият тінту жүргізіліп, мүліктерді тәркілеу де үмыт қалмайды. «Халық жауының» немесе өздерінің «Халық жауы» болып шыққан әйелдерді тінту жүмысынан соң-ақ бірден түрмелерге қамаған.

2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей ат салысуымен ашылған «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемолриалдық кешені ашылды. Бүгінде айтулы мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композициядан, сондай-ақ «Еске алу қабырғасынан» құралған. Мұражайдың экспозициялары өзінің материалдық құжаттарымен саяси қуғын-сүргін тарихын, жазалау институттарының әрекет ету тетіктерін көрсетеді.

Қазіргі уақытта мұражайға келушілер назарына1905-1916 жылдары қазақ зиялыларының саяси іс-әрекеттері, кеңес өкіметін орнату кезеңі, ұжымдастыру және шаруашылықтың қасіреті, қазақ жеріндегі аштық, 1937-38 жылдардағы «үлкен террор», Қазақстан аумағындағы ГУЛАГ-тың бөлімшелері, халықтарды Қазақстанға қоныс аудару, 1940-1950 жылдары Қазақстандағы саяси және идеологиялық қуғындар, 1986 – шы жылғы желтоқсан оқиғалары жеке-жеке бөлім болып ұсынылып отыр. Бүгінде осы бөлімдерде төрт мыңға тарта жәдігер топтастырылған. Жертөле қабатындағы экспозицияның ортасындағы «Еске алу» азапты күнде де мейірімділікті еске түсіргендей. Үш қабатты мұражайда барлық экспонаттар шеңберлік көрініс бойынша орналастырылып, келушілердің сол бір сұрапыл жылдар тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді.

Экспозицияның жеке бір бөлігі «АЛЖИР» тұтқындарының балаларына арналып отырғаны тегіннен тегін емес. Сол жылдардағы тергеушінің кабинеті өзінің сұрқымен адам денесін тітіркендіреді. Шағын жертөлелердегі тұрмыс көрінісі, тұтқынға алынғандардың жеке нәрселері, қуғын-сүргін құрбандары балаларының хаттары көрнекі жерден орын алған. Жалпы қуғыг-сүргін жылдарының алғашқы ескерткіші осыдан жиырма жыл бұрын Малиновка, қазіргі Ақмол ауылындағы құс фабрикасының қарапайым қызметкері Любовь Егоровна Дроботаның тікелей араласуымен жасалған «Қақ айырылған жұлдыз» кешенінен бастау алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет