Шы жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір



бет9/10
Дата23.04.2022
өлшемі186,4 Kb.
#31994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дипл.жумыс-3,2

Қорытынды.
Сонымен біз өз зерттеу жұмысымызда тоталитарлық дәуірдің ауыр да азабы мол лагерьлік кезеңін талдауға талпыныс жасадық. Онда Қазақсатанның лагерьлік жүйеге айналу үрдісі кезеңдерге бөлініп сипатталды.

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарынан әсіресе Сталиннің билікке келуінен бастап орын алған қоғамдық - саяси өмірдегі террорлық геноцид саясаты нақты тарихи фактілер негізінде әшкереленіп зерттелді. 1928 жылы 27 тамызда аса ірі және жартылай феодал байлардың дүние мүлкін тэркілеу жөніндегі декрет қабылданды. Негізгі соққы дәулетті ірі байларға бағытталды. Тәркілеуге ірі байлар гана емес, өкімет саясатына риза емес орташалар да іріктірілді. Өмірдің қай тұсында болмасын көрініс тапқан террорлық құбылыс тұтас халықтың тарихында қанды әріптермен жазылды.

1928 - 1932 жылдары Қазақстанда күштеп әрі заңсыз негізде өткізілген ұжымдастыру - іс жүзінде орасан көп адам қүрбандығымен қатар жүргізілген қазақ халқына қарсы геноцид еді. Мүның негізгі салдары - аман қалган 1,5 млн-дай қазақтардың Ресейге, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Монғолия, Қытай, Иран, Ауғанстанға қоныс аудару болды. Ұжымдастыру науқанында қатал террор жагдайында, жергілікті жержің ерекшеліктері мен дэстүрлері есепке алынбастан,ойластырылган алдын ала дайындықсыз, әкімшіл - әміршілік шаралармен жүргізілді. Ұжымдастыру жөніндегі іс - шаралар ауылдың дәстүрлі тұрмыс түрін талқандауға бағытталды, тарихи қалыптасқан үлттық көшпелі өмірдің негіздері жойылды. Индустрияландырудың солақай жүргізілуі нэтижесінде Қазақстан шикізат көзіне айналды. Қазақтар көшпелілер мен малшылар ретінде болашақ «социалистік Қазақстан» жүйесіне үйлесе алмады. Сондықтан Голощекин Сталиннің келісімімен ұжымдастырудың қазақ шаруашылығының толық күйреуі мен тұтас халықтың іс жүзінде жойылып кетуіне жеткізетіндей тәсілдерін таңдап алды. Осылайша кең көлемді геноцидке бағыт алынды. Оны тиімді жүргізудің жолын ұсынып, өз ойын білдірген қазақ зиялылары «ұлтшылдар» деп айыпталды.

«Сталиндік нәубет жылдары» тұтас ұлттар мен ұлыстардың тағдыры әкімшіл-әміршіл жолмен шешілді. Ұлт мәселесінің сталиндік зорлық-зомбылығынан қазақ халқы аз жаппа шеккен жоқ. Сталинизмнің Қазақстандағы жергілікті көрінісі – голощекиншілдік кезінде дамудың социалистік жолына түскен қазақ халқының 42 пайызы құрбан» боды деп көрсетеді өзінің зерттеулерінде белгілі тарихшы М.Қ. Қозыбаев.

Қазіргі таңда біздің міндетіміз ел басына күн туган уақытта халықтың тагдырын ойлап, өз өмірлерін қиган үлтымыздың даңқты ұлдарының қогамдық - саяси қызметін өскелең үрпаққа асыл мүра ретінде сақтап қалдыру. «Кешегі күнін тапаншамен атқан халықты болашақ мылтықпен атады» деген қанатты сөз бар. Өткенге тағзым болмай, келешек жарқын болмайды. Сондықтан тарихтатағы бүл «ақтаңдақтарды» үмытпай, болашақта мүндай зүлымдықтың қайталанбауына әрбір азамат ат салысуы керек.
(Қосымша 1)

Карлагтағы контингент баптарга бөлінуімен жіктесек, келесі көріністі байқауға болады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет