Шы жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір


Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь (ЧСИР)



бет7/10
Дата23.04.2022
өлшемі186,4 Kb.
#31994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дипл.жумыс-3,2

2.2 Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь (ЧСИР)

ЧСИР (Отанын сатқанның отбасы мүшесі) немесе ЖИР (отанын сатқанның эйелі) сөзі сот істерінде күнделікті қолданылды. Сондай-ақ «халық жауы» атанған азаматтармен бірге қызметтес болған және өндіріс, құрылыс саласында жүмыс жасаған әйелдердің көпшілігі кудалау көрді. Шындығын айтсақ, қазан төңкерісіне дейін жоғары білім алган Г.Ж.Асфендиярова, М.С.Асфендиярова, Ғ.Қ Сабатаева, М.И.Танашева, секілді қазақ қыздары түрлі желеулермен белсенді қоғамдық қызметке тартылмаган. Кеңес өкіметі мен коммунистік партия ісіне шын берілген қазақтың алғашқы коммунист, қайраткер қыздары да сталиндік саяси кугын-сүргінді бастарынан өткерді. Алма Оразбаева да 1920 жылдардың соңынан кейін түрлі сылтаулармен Қазақстанға шақырылмай, шет қақпай көрген [14]. Өзінің жан-жақты білімі, қаламгерлік, аудармашылық, педагогтік еңбегімен ерекше көзге түскен Нәзипа Құлжановаға 1929 жылдан соң шығармашылық жұмыспен айналысуға тиым салынып, кудалау көреді. Ал Әлихан Бөкейхановтың қызы, қазақ қыздары арасынан шыққан түңгыш профессорлардың бірі Елизавета Сәдуақасоваға да өмірдің соңына дейін Қазақстанға келіп, жұмыс жасауға мүмкіндік берілмеген [15]. Осы түста Кеңес өкіметінің «Әйелдер теңдігі» саясатының ішкі мазмүны мен мэнінің теріс сырлары анықталады. Демек, кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіп, шын мәнісінде оқыған, бір сөзбен айтқанда білімділік пен біліктілікті терең меңгерген қазақ қыздары қоғамдық өмірден шеттетіп, әділетсіздік танытса, ал өзі «тәрбиелеген» қыздарды кудалап опасыздық көрсетеді. Ағылшын тарихшысы Дж. Бейкер: «Әйел теңдігі туралы мәселе көптеген съездер мен конференцияларда көтерілді... Кеңес өкіметінің әйелдерге қатысты саясаты қазақ қыздары үшін тиімсіз болды» [16] - деп шындықты айтқан болатын. ОГПУ мәліметтеріне қарай отырып, жаңсақ айтылған пікір үшін сотталған әйелдерді де кездестіруге болады. Сол кездегі түтқындау орындары мен еңбек түзеу лагерьлері, колонияларының жүйесіз құжаттарды толтырыру салдарынан қуғын-сүргінге үшырағандардың толық әрі нақтылы есебін келтіру мүмкін емес. Заңсыздықта шек болмағаны соншалық, күйеулерінің «халық жауы» болып шыққанына сенбей, тиісті орындарға шағымданған әйелдер де айыпқа тартылған.Қуғын - сүргінге үшыраған әртүрлі деңгейдегі зиялы қауым өкілдерінің отбасы мен туған - туыстарына НКВД «асқан саттықпен» қараған. Олардың шағым хаттары тек қана Ішкі Істер Халық комиссариатына сақталатын болған. Себебі, 00486 номерлі бүйрықта «халық жауының» эйелдері мен 15 жастан жоғары элеуметтік қауіпті жэне кеңестерге қарсы іс - эрекет жасауға бейім балаларына қарсы іс қозғап, қысқаша айыптау қорытындысын жазу және қылмыстық істерді КСРО ІІХК - ның ерекше мэжіліне жіберу айтылған болатын. Сондай- ақ Отанын сатқандардың әйелдері әлеуметтік қауіптілік деңгейіне байланысты 5-8 жылдан кем емес мерзіммен лагерьге айдалуы да бүйырылды. Ал қылмыстық істер КСРО ІІХК - ның архивіне тапсырылатын еді. Аталмыш бұйрықтың 34 - бөлімінде «халық жауының әйелдерін түтқындау шаралары осыған байланысты шүғыл оқиғаларды КСРО ІІХК - ның басшысына хабарлау», ал 35 - бөлімде «эйелдерді репрессияға ұшырату шараларын 1937 жылдың қазан айының 25 - не дейін аяқтау» жазылса, 36 - бөлімде «Отанын сатқандардың әйелдерін күйеулерімен бір мезгілде түтқындау» бұйырылады [17]. «Отанын сатқандар жанүялары мүшелерін» қудалау туралы алғаш рет 1934 жылғы 8 маусымдағы КСРО OAK қаулысында айтылды. Онда қашып кеткен эскери қызметшілердің барлық мүлкі тәркіленіп, жанүя мүшелері 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады деп көрсетілді. Алайда, репрессияға үшыраған жанұялар мүшелеріне қарсы бағытталған бүл шара түңғыш емес еді.

1930 жылғы 2 ақпанда Біріккен мемлекеттік саяси басқарудың (ОГПУ) № 44/21 бүйрығы жарияланды. Онда олардың жанүялары туралы былай көрсетілді: сотталғандар, концлагерьлерге қамалған немесе жоғары айыптау шарасына (ату) тартылғандар жанүялары одақтық солтүстік аудандарына жаппай компанияда жер аударылған кулактармен және олардың жанұяларымен, жанүядағы еңбекке қабілеттілердің барлығы жэне осы жанүя мүшелерінің элеуметтік қауіпсіздігі дэрежесін ескере отырып, жер аударылуы қажет. Бүндай жанүялардың мүлкі жер аударылған кулактар жанүялары сияқты тәртіппен тәркіленеді. Кулактар мен оның жанұяларын жер аудару компаниясы бірінші кезекте КСРО - келесі аудандарында жүргізіледі: УКСР, Солтүстік Кавказ және Дағыстан, Орталық Волгалық өлке, Төменгі Волгалық өлке, Белоруссия, Сібір Орал, Қазақстан [17].

Шын мәнінде, әйелдер мен балалардың үсталуына 1937 жылғы 15 тамыздағы № 00486 Ішкі істер халық комиссарының жедел бүйрығы тікелей эсер етті. Бүйрықта «осы бұйрықты алғаннан соң 1936 жылдың 1 тамызынан бастап бірінші және екінші категория бойынша әскери Алқа және әскери трибуналда айыпталған оңшыл - троцкистік тыңшылдық -диверсиялық үйымдар мүшелері, отанын сатқандар әйелдерін репрессиялауға кірісіңдер» деп ашық айтылды. Бүл «халық жаулары» деп үсталған азаматтардың эйелдері мен жанүя мүшелеріне үлкен шабуыл еді. Сонымен қатар, бүйрықта мына қүжаттардың жиналуы талап етілді: а) жанұяға нақтыланған жалпы анықтама, онда көрсетілді: жанүя басшысының фамилиясы, аты жэне экесінің аты, қандай қылмыс, қашан, кім жэне қандай айыпқа тартылды; жанүя құрамының атаулы тізімі (сотталғанның қарауына түрған және онымен бірге түрған барлық адамдарды қоса), жанүяның әр мүшесіне нақты мэлімет, соталғанның әйеліне қаралаушы материалдар; 15 жастан жоғары балалардың әлеуметтік қауіптілік дәрежесіне қатысты мінездеме; жанұяда өзінің физикалық жағдайына байланысты қарауды талап ететін ата - аналар мен қарттар барлығы туралы мәліметтер;

б) 15 жастан жоғары әлеуметтік қауіпті жэне антикеңестік әрекетке


қабілетті балаларға жеке қысқаша анықтама;

в) 15 жасқа дейінгі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың


атаулы тізімі:

Анықтамаларды республикалардың Ішкі істер халық комиссарлары мен өлкелер мен облыстар НКВД басқармалары басшылары қарастырылып, шешім шығарды. Жинақталатын құжаттардан көріп тұрғанымыздай, жанұя мүшелері толық тексерілген. Мәліметтердің нақтылығы соншалықты, ешкімнің қүтылуы мүмкін емес. № 00486 бұйрықта ұстаудың жүргізілуі, істі қарау және жазалау шаралары, істі безендіру тэртібі, үкімнің орындалуын жүзеге асыру тэртібі, сотталғандардың балаларын орналастыру жэне т.б. Бұйрық «отанын сатқандардың» әйелдерін түрмелерге тоғытудың тетігіне айналды.

Мұрағат қүжаттарын қарау, бір - бірімен салыстыру біздерге лагерде болған адамдардың тағдырын анықтауға мүмкіндік береді. Қүжат - адам қолымен берілетін ақпаратты тәсіл арқылы уақыт пен кеңістікте берілетін ақпаратты материалдық объект. Қүжаттар арқылы нақты мәселелер анықталды.

Осылайша, жазықсыз жандарға «кәнігі қылмыскерлерге» деген көзқараспен қарау, бақылау өмірдің қүнын төмендетіп, өмірдің мәнін кетірді. Адамдар арасындағы басты құндылық адамның өзіне деген сенімі жэне осыдан барып туындайтын өзгелерге деген сенім жоғала бастады. Тіпті «сотталған» эйелдерге тағылған жалпылама айып, «күйеуінің зиянкестігін жасырғаны үшін» деген сипатта болып, үстінен қылмыстық іс қозғалған адамдардың эйелдері, «кеңестерге қарсы зиянкестік жұмыстар жүргізген» болып шықты. 1938 жылы 13 тамызда Алматы КП(б)К қалалық комитетІнің шешімімен Волкова Вера Митрофановна саяси қырағылықтан айырылғаны және де ол күйеуінің халық жауы екендігіне сенбей партия үйымына шағымданғаны үшін айыпталған [15]. Осылайша, тіпті күйеулерін іздеп, оларды жазадан арашалауға үмтылған әйел - аналардың тағдыры ойыншыққа айналды. Партия комитетінің шешіміне сенбей, күйеуіне сенгені үшін де талай мыңдаған эйелдер үстінен қылмыстық іс қозғалып, еңбек түзету лагерьлеріне айдалды. Талай ғасырлар қойнауынан бері мәнін жоймаған, бәрінен де жоғары түратын, отбасы қүндылығына үкімет пен партия саяси мән берді. Отбасы - қоғамның ұясы мен үйытқысы. Отбасы арқылы қоғам дамиды, отбасындағы тәрбие мен құндылықтар легі үлттың ұйытқысы, үлттық рухтың ұйытқысы, ұлттық рухтың кепілі.бір сөзбен айтқанда, аса маңызды әрі ежелден келе жатқан осы бір әлеуметтік институт үлттық сананың тұтастығын қамтамасыз ететіндігіне ешкім де жоққа шығара алмаса керек-ті. Сондықтан да отбасының іргесін щайқалту, дәлірек айтқанда, ата-ананы қудалап, баладан айыру, ұрпақты тегінен ажырату, үмыттыру саясаты әдейі алдын-ала ойластырылған шара болатын. Ондағы мақсат - ұлттың рухын төмендетіп, ұлттық сананы элсірету еді. Бүл мақсатқа жетуде кеңестік саясаткерлер жарты жолда тоқтады. Қазіргі таңдағы осы түста біздің кездесіп отырған қиындықтар сол кезеңнен бастау алмағанымен, сол кезеңде асқына түскен еді. Оның бастамасы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлаудан басталса керекті.

1937-1938 жылдары «контрреволюциялық қылмыс жасағандардың» шағымдануына және оларды ақтауға мүмкіндік болмайды. Сондай-ақ қылмыстық істердің жоғалып кетуі де сол жылдары жиі кездескен. КСРО ЮХК - ты ҚазКСР ЮХК мен Жоғарғы Соттың Қазақ Бөлімінің төрағасынан қылмыстық істерді үнемі сұратып отырған. Осылайша жаппай саяси куғын - сүргіннің жалпылама бағыт алуы басталады. КСРО ЮХК - ты ҚазКСР ЮХК -тының ақпараттық - статистика бөлімінің есептерін үнемі әрі қатаң қадағалап отырған. Оның ақыры Қазақстанда қуғын - сүргін күрбандары салдарының орасан зор болуына әкелді. 1937-1938 жылдардағы ҚазКСР сот органдарының жүмысы және міндеттері туралы баяндамаларды оқығанда ,қуғын - сүргін шараларының бүрын - соңды болмаған қарқынмен дамығаны көрінеді. «Кеңес соты кеңес елі азаматтарының Сталиндік конституция бекіткен қүқықтарын қорғауға міндетті. Кеңестік сот революциялық заңдылықты қатаң бақылауы тиіс» деген үран халық соттарының санын көбейтіп, «қоғамдық меншікке қол сүққандардың қатарын» өсіреді. 1938 жылы 25 маусымда ҚазКСР ХКК жанындағы баспасөздегі " мемлекеттік қүпияны қорғаудың Бас Басқармасы қызметкері Федоровна, Тілеулесов, Добраго, Аяпбергенов және Севченко секілді халық жауларының фамилияларын сызғаны үшін сотталған [15].

1937 жылы 15 тамызда жарияланған ІІХК 00486 нөмірлі бұйрығында «В случаях, когда совместно с арестуемыми проживают их совершеннолетние дети, родители и другие родственники, то им помимо их личных вещей оставляются в пользование необходимые: жилая площадь, мебели домашняя утварь арестуемых» [15], деп жазылғанымен, іс жүзінде жағдай басқаша болды. Саяси куғын - сүргінге ұшырағандардың туыстары пәтерлерінен куылып, оқудан, жүмыстан шығарылды. Осылайша, жеке адам өміріне қол сұғылып, жеке меншік қүқығы бұзылды. Кейбір зерттеушілер 1937 жылы сотталгандардан 26,4 млн. Сом көлеміндегі ақша мен қүнды заттардың тартып алынғанын, ал сол жылы түтқындарды үстау үшін 27,2 млн. сом шамасында КСРО ІІХК несие ашқандығын да жазады [17]. Сонда «түтқындарды» үстауга үкімет көп шығындалмаған. Ал, есепке дұрыс алынбай, тәркіленген ақша мен мүлік қаншама.

35 жасында Алматы түрмесінде атылған Шаһизада Шонанованың айыпталу тарихына аз ғана тоқталсақ: шыққан тегі (әкесі Арон Қаратаев Бақытжан Қаратаевтың інісі) және күйеуі Телжан Шонановтың «халық жауы» деген атақты мойнына артты. Ш.Шонанованың кудалау көргендігі туралы марқұм профессор Ә.Тәкенов көптеген ашылмаған жайларды көпшілікке жария етті. Халық ағарту комиссариатында және ұлттық мэдениеті ғылыми зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер және басқа да көптеген қызметтерді атқарған Шаһизада Шонанова апамыз 1938 жылдың 9 наурызында күйеуІ Т.Шонановтан 10 күннен соң атылды. ІІХК жендеттері ҚазМҰУ-де 1936 жылы анатомия кабинетінде болған өртті Шаьизада Шонанованың «кеңестерге қарсы зиянкестігІ» деп дәлелдейді. Ал Ш.Шонановамен қызметтес болған Темірбек Жүргенов ҚазМ¥У-ді өртеген диверсиялық топты үйымдастырушы ретінде жауапқа тартылып, осы «іс» төңірегінде 29 адам айыпталды [18]. Осылайша бір адамнан жауап алу арқылы бірнеше адамды қылмыскер атандыру жалғаса берді. Көрнекті қызмет емес, жай ғана қызмет жасаған эйелдер де тіпті үй шаруашылығында ату жазасына кесіліп, эр түрлі мерзімменеңбек түзету лагерьлеріне айдалды. 33 жасында күйеуімен бірге атылған Торгай Сүлейменованың тағдыры да адам жанын түршіктіретін жағдай. Клара Әмірқызының «Қиылған ғүмырлар» атты еңбегіндегі «Таяққа сүйеніп, жасы 70-ке келіп отырған ананың 33 жасар келінін «халық жауы» деп үйден сүйретіп әкетіп бара жатқанда, үш жасар немересі - Еркіні мен алты жасар Сайдалысы қара киімдерден үріккен күйде күңірене дауыс салған аруана әженің бауырына тығылып қала берген екен [19], - деген жолдар сол заманның адам айтқысыз жауыздығын көрсетеді.

Шынайы өмірді қамтымайтын, нәтижесінде бір - біріне қайшы келетін заңдар халықты бүзды. 1925 жылдан басталып, 1937-1938 жылдары қарқынды деңгейде жүргізілген саяси қуғын - сүргінге әр - түрлі әлеуметтік топтан шыққан әйелдер де жаппай ұшырады. Заңсыздықта шек болмағаны соншалық адами қүндылықтар қатары сиреп, оның салдары қазіргі күні де байқалуда. Кеңес өкіметін жамандау мақсат емес, бірақ мәселе ақиқатта болып отыр ғой.

Күйеулері қудаланғанда көрген қорлық пен азаптарына қарамай, айдалған күйеулерін табандылықпен іздеп барып, лагерьге қамалса да балалары мен жарларын ойлап өмір сүрген, түггқыннан босағаннан кейін де балаларын жан ұшыра іздеп, тегін үмыттырмауға үмтылған қазақ әйелдерінің қайраты мен қайсарлығы кейінгі үрпаққа мәңгі ұмытылмас, өшпес өнеге.

Сталиндік лагерьлердің қызметін зерттегенде - басты кейіпкер түтқындар немесе «жүмысшы күші». Алайда, біз зерттеп отырған кезеңде Қазақстан аймағында орналасқан лагерьлердің контингентінің саны туралы толық есеп жоқ. Сондықтан, 30-50 жылдары сотталғандардың құрамының талдауын біз лагерь бастықтарының жылдық есебі, қызмет бабындағы хаттар, контингенттің қозғалысы жайлы бүйрықтар сияқты жанама көздер бойынша жасадық. Бүл құжаттардың ерекшелігі - сан көрсеткіштерінің бір-бірімен салыстырып қарауға келе бермейтіндігі, олардың бір - бірінен алшақтығы, баға берудегі субъектілік.

Ақпараттың толық дәлдігі лагерь түтқындарының жеке карточкасы сияқты маңызды тарихи көздері пайдаланған кезде ғана мүмкін болады. Лагерь контингенттерінің карточкасы елдің барлық лагерьлерінде жүргізілді. Әдетте карточкалар стандартты болды да нақты адамдарға толтырылды. Онда сотталғандардың негізгі сипаттамалары аталып көрсетілетін: фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған жылы, туған жері, жынысы, мамандығы, ұлты, партиялығы, қылмыстық кодексінің бабы, жаза мерзімі.

Өкінішке қарай, мүндай карточкаларга зерттеушілердің көбінің қолы жете бермейді. Біріншіден, олар аймақтық, облыстық ішкі істер бөлімінің қатаң бақылауында. Екіншіден, ол картотекалар сотталгандардың қазіргі кезде жүмыс істеп түрған картотекаларының қүрамына енгізілген, оларды азаматтық түлғалар санауға тыйым салынган. Үшіншіден, мұндай лагерьлік картотекалар барлық ішкі істер бөлімінде сақталмаган. Төртіншіден, көптеген лагерьлер таратылған кезде немесе жаңа жерге көшкен уақытта архивтерін өздерімен бірге алып кеткен, сондықтан бүл ақпарат көзі бұрын лагерь болған облыстан табыла бермейді. Оларды көп уақыт мұқият іздеу қажет. Мүның Қазақстан аумағында, атап айтқанда, ішкі істер министрлігінің Қараганды облысындагы лагеріне тікелей қатысы бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет