1. 20-50шы жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір
1.1 Қазақстандағы тоталитарлық тәртіптің орнауы
20 - жылдардағы қоғамдық саяси өмір әр алуан бағыт алып дамыды. Өлкеде бұрын шашыраңқы болып, бір облыстық партия ұйымына біріккен коммунистік күштердің жұмысы біртіндеп жолға қойылды. Семей, Ақмола губерниялық партия комитеттерінің үгіт - насихат бөлімдерінде неміс, латыш және поляк секциялары бар аз ұлттар бөлімшелері жұмыс атқарды. 1924 жылы Ленин құрметіне партияға «станокта еңбек ететін жұмысшылар» мен «соқа ұстаған шаруаларды» қабылдау қатаң бір партиялы режим жағдайында партияны құрыштай берік топтастыра түсуге тиіс еді. Сол күндерде партияға 7 944 адам, оның 2 000 - нан астамы қазақ өтті. Партия қатарына алғандардың 90 пайыздан астамын өнеркәсіп жұмысшылары құрды. 1925 жылғы ақпан айында Қырғыз облыстық комитеті - өлкелік партия комитеті, ал облыстық партия ұйымы өлкелік партия ұйымы деп өзгертілді.
Жаңа экономикалық саясат жылдары ауыл коммунистерінің қалыптасу процесімен тұгас келді. Социализмнің патриархалдық-феодалдық қатынастар жүйесіне шабуыл жасауына қарай ауыл коммунистері есейіп, толыса түсті және белсенділігі артты.
Өлкелік V партия конференциясынан кейін (1925 жылғы 1 желтоқсан) ауыл коммунистерінің саны артты. Егер 1924 жылғы 1 қаңтарда шаруалардан қабылданған партия мүшелері мен кандидаттарының саны 7 282 адам болса, 1927 жылғы 1 қаңтарда 16 854 адамға жетті. 1932 жылға қарай партия ұйымы негізінен қалыптасып бітті.
Алайда партия қатарынан сан жағынан артуы бірте-бірте оның сапа құрамының нашарлауына әкеп соқты. Өлкелік партия ұйымының ұсақ буржуазиялық феодал - бай элементтерімен, кулактармен былығуы ол жүргізген саясатқа салқынын тигізбей қоймады. Ұсақ буржуазиялық психология аймақтық көсемшілдіктің пайда болуы мен белең алуына таптық негізін орнықтырды. Тәрбие жұмысы жүргізілмеген жағдайда ауыл коммунистері өз арасынан феодалдық - отарлық мемлекеттік аппараттың артықшылықтары мен дәстүрін бойына сіңірген шолақ белсенділерді өсіріп шығарды. Партия жұмысының барлық буындарына әміршілдік-әкімшілдік жұмыс әдісі енгізілді. Ешқандай жария оппозиция болмаған жағдайда Голощекин «көсемнің» жеке басына табыну, төрешілдік, өкіметтің бетімен кетуі орын алды.
Партия қатарының өсуімен бірге жасөспірімдер қозғалысы өріс алды. 1921 жылғы шілде айында Орынборда комсомолдың Қазақстан облыстық 1-ші съезі болып өтті. Көшпенді кедей қазақтың баласы Ғани Мұратбаев (1902-1924) Қазақстан мен Түркістанда талантты комсомол ұйымдастырушысы болды. Ол Түркістан комсомолы Орталық Комитеті Қырғыз (Қазақ авт.) бюросының тұңғыш төрағасы болып сайланды. Өмірінің соңғы жылдарында ол Коммунистік жастар интернационалы Шығыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. Ғанидың жарқын да жалынды өмірі 23 жасқа аяқ басқанында үзілді.
Сондай - ақ Мирасбек Төлепов, Федор Рузаев, Қайсар Тәштитов және басқалар жастар қозғалысының танымал жетекшілері болды.
1921 жылғы 1 қаңтарда КОБОС - тың қазан облыстық бюросы ұйымдастырылды. Сол жылғы қазан айында кәсіподақтардың республикалық бірінші конференциясы болып өтті. Кәсіподақтар жұмысшыларды сақтандыруға, сауатсыздықты жоюға, сенбіліктер үйымдастыруға, одақ мүшелігіне қазақ пролетариатын тартуға, жұмысшы табының ұлттық отрядын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Өлкенің ұлан - байтақ даласында Кеңес үкіметі барынша нығая түсті. Қазақстан Орталық Атқару Комитеті Кеңестерді қайта сайлаудың тәртібін, Қазақстан Кеңестерінің съезін шақыруды белгіледі. Селолық, ауылдық және қалалық Кеңестер депутаттарының алты айлық өкілеттік мерзімі белгіленді. Атқару комитеттері (болыстық, уездік және губерниялық) - 6 ай, Қазақстан Орталық Атқару Комитеті - бір жыл мерзімге сайланды. Қанаушы элементтер деп қарастырылған феодалдар, билер, имамдар, ишандар, хазіреттер, муфтилер, мұсылмандардың діни басқармаларының мүшелері (қазилар, мұхтасибтер, бақсы-тәуіптер) сайлауға қатысудан шектетілді. Кеңес өкіметінің нығаюына байланысты, егер бұрынғы болыс басқарушыларының, билердің ұрпақтары кеңес өкіметіне адалдық көрсетіп, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысса, оларға да сайлау қүқығы берілді. Сайлау барысында рулық сарқыншақтарға, рулық және таптық бой көрсетулерге, бай - феодалдардың патриархалдық - феодалдық қатынастардың қалдықтарын, қазақ кедейлерінің таптық - саяси толыспағандығын пайдалану әрекетіне қарсы күрес жүріп жатты. Қалыңмал алуды жою, көп әйел алушылыққа, әмеңгерлікке тыйым салу Декрет кеңінен насихатталды.
Бүкілқазақстандық V РКП(б) конференциясы (1925 жылғы желтоқсан) ауылды кеңестендіру бағытын жариялап, өкімет органдары ретінде ауылдық кеңестерді нығайту, олардағы бай, жартылай феодалдардың зорлық - зомбылығын жою жөніндегі ұйымдық, идеологиялық шаралар кешенін белгіледі. Әйелдер қозғалысы кеңінен дамыды. Әйелдер қозғалысының көрнекті қайраткерлері Н.Құлжанованың, Н. Арықованың, А.Оразбаеваның, Ш.Иманбаеваның және басқаларының қазақ әйелдерін күңіктен құтқаруға қосқан үлесі зор.
Кеңестер Кеңес өкіметін бұрын езіліп келген ұлттардың ең қалың бұкарасымен жақындату, оларды мемлекетті басқару ісіне тарту саясатын жүзеге асырып, еңбекшілердің мемелекеттік аппаратқа сенбестігінің қалдыктарын сейілтуді, халықтардың туысқандық қатынастарын нығайтуды мақсат етіп қойды.
Жергілікті өкімет органдарына көмек көрсету, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитеті, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитеті декреттерінің орныдалуын тексеру, насихат пен үгіт жүргізу мақсатында кешенді экспедициялар - Қызыл керуендер ұйымдастырылды. 1922 жылдың көктемінде Ә.Т.Жангелдин бастаған «Қызыл керуен» Орынбордан Орск, Торғай, Атбасар, Ақмола, Петропавл, Павлодар, Қарқаралы арқылы Семейге дейін көп жерді аралап өтті. Ол 25 қазақ болыстарының ауылдарын, Спасск заводын, Екібастұз кен орындарын зерттеп, 126 митинг өткізді, 25 пұттан астам әдебиет таратып, Кеңес өкіметінің декреттерін насихаттады, Коммунистік партияның ұлт саясатын түсіндірді. Сол жылы Семей губерниялық партия комитеті «Қызыл керуен» ұйымдастырды. Ауылдарда қызыл отаулар ағарту жұмыстарының орталықтарына айналды.
Қоғамдық ұйымдар кәсіподақ қозғалысы, шығыстың қызыл жастары апталықтарын, Қызыл казарма күнін, Коминтерн апталықтарын өткізуді кеңінен қолданды. 1921 жылғы қаңтар айында Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы» декрет қабылдады. Декретте ҚазАКСР зандарын, губерниялық ұйымдардың нормативтік актілерін қазақ және орыс тілдерінде жариялау көзделді, уездік мекемелерге төменгі мекемелермен хат - хабар алысуды бұл мекемелердің қай тілде хат - хабар алысатына байланысты орыс және қазақ тілдерінде жүргізу міндеттелді. 1923 жылғы 22 қарашада Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қырғыз (қазақ - авт.) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет қабылдады. Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу қиындықпен өтті. Республиканың кейбір аудандарының орыс қызметкерлері арасында орыстарды болашақта Қазақстаннан қуып шығады деген арандатушылық лақап таралды. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1927 жылғы 17 мамырдағы қаулысымен қазақ уездік, округтік мекемелерінде қазақ тілінде іс жүргізуге біржола көшу, аралас уездердің мекемелерінде 1928 жылдың 1 қаңтарына қарай қазақ және орыс тілдерінде қосарлас іс жүргізуді енгізу жөнінде шаралар белгіленді.
1928 жылы жаңадан аудандастыру жүзеге асырылды. Республика бес буынды (ауыл, село-болыс-уезд-округ-орталық) басқару жүйесінен төрт буынды (ауыл, село-аудан-округ-орталық) басқару жүйесіне көшті. Бұрын болып келген 1 автономия облыстың, 6 губернияның, 2 округтің, 32 уездің және 410 болыстың орнына республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ пен 192 ауданға (соның ішінде 113 (49,1%) казақ, 3 қарақалпақ, 5 өзбек, 2 ұйғыр, 4 орыс - казак, 47 (24,4%) орыс - украин, 13 (6,7%) аралас аудандарға бөлінді. Жаңадан аудандастыру кеңес аппаратының халық бұқарасына жақындай түсуіне, оларды кеңестік құрылысқа тартуға жәрдемдесті. Ақырында, онда үлттық - біртектес Кеңестерді сақтау мен бөлу, ұлтшылдық егестерді тоқтату, рулық ауылдарды жойып, олардың орнына шаруашылық - территориялық Кеңестер құру қажет екенін көрсетті. 3888 Кеңестен 2 199 немесе 56,7% - қазақ, 115 - орыс - казак, 1 209 - орыс -украин (31%), 40 - неміс, 8 - түрікмен, 5 - тәжік, 4 - дүнген және - 18 басқа ұлттар (татар, молдаван, болгар, эстон, чуваш, мордва) Кеңестері бөлінді.
1929 жылы Қазақ АКСР астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. Халықтан шығып, күрес пен еңбек мектебінен өткен мамандар мен басшылар кадрларды жаңа дүние құрылысын сынақтар мен қателіктер әдісімен үйренді. Сонымен бірге қоғамда партияға тәуелділік арта түсті. Ф.Голощекин мен оның төңірегіндегілер милитаристік басшылық стилі мен ойлау әдісін орнықтырды. Функционерлердің партиялық-мемлекеттік машинасы «жау бейнесін» ойлап тапты. Т.Рысқүловқа, С.Сейфуллинге, С.Меңдешевке, С,Сәдуақасовқа және басқа да көптеген адамдарға «ұлтшыл» деген айдар тағу нақ сол жылдары тәжірибеге енді. Жеке меншікті, көп укладтылықты, тауар айналысын аяусыз жою, идеологияның экономикадан басым болуы - осының бәрі казармалық социализм негіздерінің орнығуына әкеп соқты. Халықты алдында ауыр сындар күтіп тұрды. 30 - жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады.
Жер, фабрикалар ман зауыттар, колхоздар мен совхоздар мемлекеттік меншікке айналды. Бір жағынан, өндіріс құрал - жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты, екінші жағынан, шаруалар жерден шеттетіліп жатты. Жұмысшы табы мен шаруалардың жарияланған одағы шын мәнінде экономикалық негізден ада емес еді. Елде 1936 жылы сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ. Республикалардың заң шығару инициативасы болмады, бұған одақтық халық комиссариаты орталығының өктемдігі себепші болған еді. Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды.
Сталиннің социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі деген «теориясы» жазалау органдары қызметінің кеңейіп, мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметінің шектелуіне негіз болды. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа басыла берді. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылуы мүмкін еді.
Одақтық ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын қолдану (жер аудару, еңбекпен түзеу лагерлеріне қамау, КСРО - дан тыс жерлерге қуып жіберу) үшін ерекше кеңес құрылды.
Алайда большевиктік кеңес үкіметі таптык мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды. Жалпы мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондыктан да казақ халқының калыптаскан дәстүрлі мәдени мұралары, ескі феодалдық құрылыстың қалдықтары деп, ұлттық санадан алыстатылды. Сонымен бірге халыктың тарихи санасын жоюға бағытталған шараның бірі 20-шы жылдардың аяғында ғасырлар бойы пайдаланып келген араб алфавитін латынға ауыстыру, сосын оны 1940 жылы кириллицаға ауыстыру болды. Соның нәтижесінде бір ұрпақтың ғана ғұмырында қазақтар өзінің төл жазуы мен дүниеге келген ұлттық рухани мәдениеттің жетістіктерінен айырылды. Бұл жүргізілген шаралардың бәрі де большевиктік тәртіптің күшейгенін, әкімшіл-әміршіл жүйенің толық орнықканын көрсетеді.
Большевиктер партиясы демократиялық мемлекет құрамыз, ұлт мәселесін ұлттардың өзін-өзі билеу принциптерімен шешеміз деп, шын меніңде олар партияның ықпалын арттыра отырып, бір орталыққа бағынған мемлекет құрды. Большевиктер құрған казақ автономиясы дербес автономиялық республика атанғанымен, Ресейдің бөлінбес бөлшегі болды. Өлкені баскару мәселесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолына толық берілмеді. Шын мәнінде бұл Қазақстанды кеңестік саяси отарлау еді.
Большевиктердің ұлттық аймақтарда жүргізіп отырған саясатын ашық айыптап, оның бет пердесін айқындаған М.Шоқай болды. Ол XX ғасырдағы казақ саяси эмиграциясының тарихын бастаушы болды. Эмиграция сөзінің мағнасы экономикалық, саяси және діни себептерге байланысты өз еркімен немесе еріксіз басқа мемлекетке қоныс аударуды көрсетеді. Түркістан саяси эмиграциясы тарихи көрініс ретінде 1917 жылғы Ресейдегі революциялық сілкіністер нәтижесінде пайда болды. Қоқан автономиясы құлатылған соң М.Шоқай Францияға қоныс аударады. Онда ол Париждің "Дни", "Последние новости" газеттерінде Түркістаңдағы ішкі саяси жағдайға талдау жасаған мақалаларын жариялайды. 1929-39 жылдары ол "Яш Туркестан" журналын (117 нөмірі жарық көрді) шығарып, оның беттерінде кеңестік Түркістан мен дүние жүзіндегі оқиғаларға кең сыни талдау жасайды.
Большевиктердің елде кеңес үкіметін орнату жолдары мен әлеуметтік саладағы социалистік қайта кұру саясаты қазақ зиялыларының қарсылығын туғызды. Алайда осы социалист кайта құру саясатын жүзеге асыру үшін белгіленген реформаларды пікір-талас негізінде талқылап, олардың дұрыс-бұрыстығын анықтаудың орнына партия басшылары, өз көзқарастарын білдірген қазақ партия және кеңес қайраткерлерін айыптады. Көп деген жергілікті зиялылар түрмеге отырды.
Өлкедегі жалпы большевиктік айыптау жөне қуғындау саясатының ең алғашқысы түрікшілдікке айыптау болды. 1920 жылдың 20-26 қаңтарында Ташкент қаласыңда Түркістан коммунистік партиясының конференциясы өтеді. Оңда мұсылмандар бюросының төрағасы Т.Рысқұлов "Ұлт мәселесі және ұлттық коммунистік секциялар" туралы баяндама жасады. Онда Түркістан" республикасында Ресейден түбірлі айырмашылығы бар ұлт саясатын жүргізу үшін ең алдымен негізі берік саяси ұйым құру қажеттілігі туралы айтылды. Конференция Т.Рысқұлов ұсынысымен жаңа саяси ұйымды "Түрік халықтарының коммунистік партиясы" деп атауға шешім қабылдады. Т.Рысқұловтың түрікшілдік идеяны жүзеге асырудағы ең батыл қадамы Мұсбюроның төтенше III конференциясында (1920 жылы 25 қаңтар) "Түркістан автономиялығы туралы" тезистерін қабылдау болды.
Алаш зиялыларына қарсы күрестің жандануына 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросына өлкелік "Ақ жол" газетінің ұстанған бағытын айыптап арнайы жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жарияланған мақалалардың бұл кезде шет елде эммиграцияда жүрген М. Шоқайдың ойымен "үндес және пікірлес екенін, яғни алашордашыл, ұлтшыл идеяларды жаңғыртатыны" атап көрсетілді. Соңдай-ақ алдағы уақытта осындай көзқарастағы партияда жоқ зиялы қауым өкілдерін жастарды тәрбиелеуге жібермеу ескертілді. Көп кешікпей-ақ, 1926 жылы болған партия конференциясында Ф. Голощекин басында А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов сияқты қазақ зиялылары тұрған ұлттық қозғалысты "реакцияшыл, тіптен, контрреволюцияшыл" деп бағалады.
Ф.Голощекин мұнымен шектелмеді, 1927 жылы Қазақстанда ҮІ партия конференциясында жаппай жерге орналастыру мөлшерін 'белгілеуге байланысты орталықтан келген академялық ғылыми экспедиция басшысы профессор Швецовты және егіншілік халық комиссары Сұлтанбековті "Ә.Бөкейхановтың басшылығымен" жұмыс істеді деп айыптайды. Осы конференцияда Байтұрсыновқа да "бізде социализм туралы айтудың қажеті шамалы деп ашықтан-ашық оқушыларды үгіттейді" деп шүйлігеді.
Голощекин алаш қозғалысы кайраткерлерін сынағанда осы қозғалыстың бас ақыны саналған, үлкен талант иесі М.Жұмабаевты тыс қалдырмады. Оның 1927 жылы 19 тамызда "Еңбекші қазақ" газетінде жарық көрген "Тоқсанның тобы" деген өлеңіндегі ақынның азшылықпен емес, көпшілік халықпен бірге боламын деген пікірін, "Қазақстан еңбекшілері бұқарасының түбегейлі мүддесіне қарсы бұқара ішінде өздерінің идеологиясын жүргізбекші" деп сынады.
Осы конференцияда Голощекин өзінің қанды тырнағына Х.Досмүхамедовті де іліктірді. Казақстандағы "негізгі марксист" Голощекин "алашордашы Досмұхамедов өзін барлық қазақ интеллигенциясымен шатастырып отыр" деп айыптады.
Кейбір қазақ партия қайраткерлері де алашордашыларды жөнсіз айыптаумен шектелмей, партия қатарындағы ұлтжанды қайраткерлерді де қуғындауға жол берді. Олар тіпті "осы ұлтшылдардың жаңа өкілдері алашордашыларға қарағанда қауіпті. Олар қалаларда, жоғарғы оқу орындарында және ауылдарда өсіп келеді. Тек бұрынғы алашордашылармен алысып, мұны естен шығаруға болмайды" дейді.
Кеңес өкіметінің өлкедегі ертүрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы саяси қуғынды бастауының негізі себебіне тоқталсақ, ол мынандай жағдайға байланысты болды. Большевиктер ірі байларды тәркілеуге байланысты бас көтерулерді ұйымдастырушылар деп казақ интеллигенциясын айыптап, оларға карсы шабуылды бастады. Соның нәтижесінде 1928-шы жылдың аяғында қазақтың ірі ағартушылары, әдебиетшілері, әртүрлі саладағы зиялылары және Алашорда қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, X. Ғаббасов және т.б., барлығы 44 адам қуғындалып, тұтқындалды.
1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында ұлтгық интеллигенцияның екінші бір тобы (40-кд жуық адам), құрамында X. және ЖДосмұхамедовтер, М.Тынышпаев, Ж.Ақпаев, Ә.Ермеков және өзге де зиялы қауым өкілдері бар, тұтқындалды. Көп кешікпей олардың 15-і (X. және ЖДосмұхамедовтер, М.Тынышпаев, Ж.Ақпаев, К.Кемеңгеров және басқалары) Ресейдіц Орталық қара топырақты ауданына жер аударылды. Мұндай іс-әрекеттердің барлығы большевиктердің өздеріне идеялық жағынан карсылық көрсете алатын зиялылардан құтылу жолы екенін байқатады.
Ф.Голощекин басқарған Қазақ өлкелік партия комитетінің басшылығы жіберген дөрекі қателіктер мен асыра сілтеулер республикаға 1933 жылдың алғашқы айларында-ақ Л.Мирзоянның келуімен байланысты ашық айтыла бастады. Жаңа басшы да бұл қателіктерді мойыңдау қажет екенін түсінді. Л.Мирзоян әлеуметтік салада алдымен, өзінен бұрынғы басшының ақылға сыймаған жетесіз, көрсоқыр шешімдерінің заңды қортындысы болған ашаршылықтың алапат салдарымен күреске белсене кірісті. Ол панасыз қалған жетімдерді орналастырып, қамқорлыққа алуға мән берді. Бюджеттен бөлінген қаржының жетімсіздігін түсініп, жабдықтау халық комиссариатын балалар үшін аз да болса жарма нан, тоң май бөліп отыруға міндеттейді.
Л.Мирзоян ашаршылық жылдары босқын болып, республикадан тыс жерлерге қоныс аударғандардың жағдайы туралы 1933 жылы 29 наурызда Сталинге хат жазып, босқыншылықка ұшыраған қазақтардың 71 ауданды қамтып отырғанын ескерте келе, орталықтан бұрын бөлінген азық-түлік жәрдеміне қосымша тағы да бір миллион пұт тары бөлуді сұрайды.
Л.Мирзоян жергілікті халыққа жақын болудың басты шарты солардың өз тілінде жұмыс жүргізу деп білді. Сондықтан 1933 жылы 4 сәуірдегі БК(б)П қазақ өлкелік комитетінің қаулысында іс қағаздары қазақша жүргізілуі тиіс мекемелер тізімі бекітілді. Әлеуметтік саладағы жетістіктердің бірі 1934 жылдың аяғындағы нанды карточкасыз сатуға көшу болды. Республика көлемінде осындай шараларды жүзеге асырғанымен ол өзін қайраткер ретінде қалыптастырған қоғамдық идеология тәрбиесінен асып кете алмады. Соған қарамастан біраз жылдан соң жазықсыз қаралау етек алғанда, Л.Мирзояннын орасан зор күш-жігері, бастаулары большевиктік жүйеден қолдау таппай, сол жүйенің құрбаны болды.
Болшевиктік тәртіп нығайған сайын қоғамдық өмірді толық бақылауға алу күшейді. 1930 жылдардың ортасындағы қоғам мүшелеріне қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін-репрессия саясатын жаппай халыққа қарсы бағытталған террор деуге болады. Жаппай куғын-сүргінді ұйымдастыру үшін большевиктер социализм жеңісі күш алған сайын тап күресі шиеленіседі деген тұжырымды желеу етті. Елді жаулардан тазарту процесі кезінде большевиктер неше түрлі "террористік ұйымдардың" бетін ашты. Әр түрлі қыспақ пен қысым жасау нәтижесінде террористік ұйым мүшелері өздерінің күнәларын мойындап шыға келді. Мысалы, 1936 жылы тамызда троцкистік-зиновьевтік террористік орталық жөнінде ашық процесс болды. Бұл іс бойынша Г.Е.Зиновьев, Б.Каменев, Г.Е.Евдокимов, барлығы 16 адам жауапқа тартылды. Жауапқа тартылғандарға С.М.Кировты өлтіруді ұйымдастырды және оны жүзеге асырды, Сталиннің өміріне қастандық даярлады, диверсия, шпиондық әрекет жасады деген кінәлар тағылды.
Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайдың күрделілігі сол дәуір оқиғалары: В.И.Лениннің ізбасарлары - И.Сталин мен Л.Троцкий және басқалардың арасындағы билік, саяси көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді. Сонымен қатар бүл қайғылы оқиғалар: аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық таңбасын мәңгі иемденген режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы еді. Жүйенің тоталитарлық табиғаты жүргізілген саяси қуғын - сүргінінде өз көрінісін тапты. Халықтың есінде 30-жылдардағы жаппай саяси қуғын - сүргінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін әкеткен сталинизмнің «үлы бетбүрыс» кезеңі мәңгі бақи қалды. Көлемі жөнінен теңдесі жоқ бұл қылмыстардың негізін Ресейдегі Қазан революциясы мен Азамат соғысы қалады.
Жазалау толқыны Қазақстанды да жайпап өтті. Соның салдарынан ең алдымен азамат соғысының аяғына қарай кеңес өкіметі тұғырнамасына көшіп, кейінгі жылдарда оған шамасы келгенше қызмет ете бастаған қазақ щығармашылық зиялылары зардап шекті. Ж.Аймауытов, Ә.Ермеков, Ж.Досмүхамбетов, Ә.Бөкейханов, жэне «Алаш» партиясының басқа да көптеген көрнекті қайраткерлері мен мүшелері жазаға ұшырады. 1930 жылғы 4 сәуірде Қазақ КСР ОГПУ алқасы кеңес эдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарды. Мәскеудегі «өнеркэсіп партиясына» жүргізілген процестен кейін іле -шала «қызыл астананы» салушылардың «қаскүнемдігі» «ашылды» (Қызылорда, 1928). РКФСР Жоғарғы сотының көшпелі сессиясы талантты сэулетшілер мен инженерлер (П.Т.Буддаси, С.Б.Голдгор, С.С.Баграков, М.Тынышбаев жэне басқалар) тобын сотқа тартып, тергеу жүмыстарын жүргізді.
1937 - 1938 жылдарда террор жаппай сипат алды. Бүл жылдарда кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандардың көбі: А.Асылбеков, Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, С.Меңдешов, Б.Алманов, Н.Төрекүлов, Т.Рысқұлов, Ж.Сәдуақасов, Н.Сырғабеков, С.Шэріпов, М.Жэнібеков халық жаулары деп жарияланды. Қазақстан партия ұйымының көрнекті қайраткерлері О.Исаев, О.Жандосов, А.Досов, Т.Жүргенов, ¥.Құлымбетов, С.Сегізбаев, І.Қабылов, И.М.Беккер, С.Нұрпейісов, Н.Нұрмақов, М.Тәтімоы, Қ.Тәштитов жэне басқа да көптеген адамдар сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты.
Революция жеңістерін қолына қару алып қорғаған М.Масаншы, Т.Әлиев, Қүрманғалиев, С.Жақыпов және басқалар да социализм қайраткерлері арасынан аластатылды. Тағдыр БКП(б) Орталық Комитетінің Қазақстанға жіберген көптеген өкілдерін, партияның тәжірибелі, адал қайраткерлерін: 1905 жылдан партия мүшесі, кәсіби революционер В.Н.Андрониковты, 1917 жылдан партия мүшесі Л.И.Мирзоянды, 1919 жылдан партия мүшесі, азамат соғысына қатысушы К.Я.Рафальскийді, 1917 жылдан партия мүшесі В.Н.Манерсенді және басқа да көптеген адамдарды да қүтқармады.
Қазақ әдебиетІнің негізін салушылар - С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатов, жазаға үшырап өлтірілді. Қазақстан ғылымы елеулі шығынға ұшырады. Қазақ тіл ғылымының негізін салушы А.Байтүрсынов, көрнекті тілші ғалым профессор Қ.Жүбанов, қазақтың тарих мектебінің негізін салушы С.Д.Асфендияров, КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі М.Төлепов жане басқалар жазалау шараларының қүрбаны болды. Қазақстан картасында Карлаг (ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) пайда болды. Оның бірі Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь - «ЧСИР» деп аталды, ол «Алжир» (Отанға опасыздық жасағандар эйелдерінің Ақмола лагері - Акмолинский лагерь жен изменников Родины) деген атаумен кеңінен мәлім. Э.Циолковскийдіңі серігі әрі досы, салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі бірегей еңбектің авторы, ғалым А.Л.Чижевский; болашақтағы атақты селекционер, академик, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері В.С.Пустовойт; радиациялық генетиканың болашақ негізін салушы Н.В.Тимофеев - Ресовский; академик СП. Королевтің серігі, жылу техникасы жөніндегі ірі маман профессор В.Л. Пржецлавский; Сәулет академиясының корреспондент - мүшесі Т.М.Людвиг және басқа көптеген ғалымдар Карлагта ұзақ жылдар бойы қамауда болып азап шекті.
Карлаг азабын бастан кешіргендер арасында Түрікмен КСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Нәдірбай Айтақов, профессор Б.Н.Одинцов, спортқа еңбек сіңірген шебер А.П.Безруков, қарт большевик П.С. Степенов және басқа да көптеген адамдар болды. Қарағанды облысының аумағында, негізінен алғанда Осакаров ауданында 1931 жылы шамамен жиырма бес поселке - обсервация пайда болды. Тек Жаңа Тихоновка мен Тришахтинскіге ғана 70 мындай адам әкёлінді. Бұл обсервацияларды бүкіл Волга бойынан, Пенза, Тамбов, Курск, Воронеж, Орел облыстарынан, Харьков жэне Орныбор өңірінен «кулак ретінде куылғандар» кеңдей бастады. 1932 жылдың күзінде жазалау шараларына ұшыраған кұрбандықтардың бірнеше эшелоны әкелді [4]. Көшіріп әкелінгендердің еңбек және тұрмыс жағдайлары көп ретте Русьтегі крепостнойлық құқық кезіне ұқсайтын еді.
Индустрияны үйымдастырушылар - К.В.Горбачев, Қарағанды көмір тресінің басқарушысы Л.С.Троцкий, Балқаш мыс балқыту комбинатының директоры В.И.Иванов, Текелі кеніштер басқармасының басқарушысы О.Жандосов, Ембі мұнай тресі мен Ақтөбе мұнай тресінің басқарушысы В.Лаврентьев және т.б. жазалау шараларына ұшырады.
Тарих шынайы имандылық қоғамының жеңісі, жалпы адамзаттық қазыналардың басымдығы ғана адамзатты мұндай қылмыстардың қайталануынан қүтқара алады деп үйретеді. 90-жылдарда республикада 40 мындай адам ақталды [5]. 30 - 40 жылдар кезеңі мен 50 - жылдарда контрреволюциялық қылмыскер туралы істердің жартысынан астамын сот органдары емес, ОГПУ алқасы, «үштіктер», ерекше кеңестер қарағаны анықталды. Артық - кемі жоқ жүз бір мың қазақстандықтар «Гулаг» азабынан өтіп, жиырма жеті мыңнан астамы атылды [6]. Социалистік қүрылысты бүрмалаған жеке адамға табыну идерлогиясы елді осылайша қайғы - қасіретке үшыратты.
Конституцияда атап өтілгеніндей, Қазақ КСР - інің егеменді күқықтары, республика халқының келісімінсіз өзгертуге болмайтын өз жері, өз Конституциясы, өзінің жоғарғы заң шығарушы және атқарушы органдары, өз елтаңбасы, жалауы, ән ұраны болды. РКФСР құрамында Қазақ АКСР - і дамыған индустриялы - аграрлы республикаға айналды. Мүндай секіріске республиканы, әсіресе оның өндіруші өнеркәсіп салаларын жедел қарқынмен дамыту саясатының арқасында қол жеткізілді.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В.Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп - тамырымен жоюдың» қажетип жөншдеп нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. Қоғамдық сананы басқа бағытқа бүрудың нәтижесінде бүкіл елде (оның ішінде Қазақстанда да) өткен бұқаралық митингілерде халық сотталғандардың орындығына отырғызылған Н.И.Бухарин, А.И.Рыков т.б. өлім жазасына кесуді талап ете бастады.
Осындай жағдайда И. В.Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, үлттық республикаларда да біржолата талқандауды үйғарды. Бүған 1937 - 1938 жылдары қуғынға үшыраған «ұлтшыл - фашистер» атанғандарға қарсы жүргізілген іс куә болды. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931 - 1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты аштық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т.б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә.Асылбеков, Н.Нұрсейітов, М.Ғатаулин т.б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан - жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери Алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД - ның ерекше кеңестерінде қүпия жағдайда шешіліп жатты. 1920 - 1950 жылдардағы заңсыз қуғын - сүргіннің айнымас серігі -мемлекет жэне оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам қүқықтарын жаппай өрескел бүзып, аяққа таптауы болды. Бүл заң бүзушылық қуғын - сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бүқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нүсқаулармен бүркемеленді. Бүл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза - ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық қүқықтардан айыру,мемлекеттен куу, дүние - мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тэрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды.
Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды әділ, жан - жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету сияқты ажырамас қүқығын да теріске шығарды. 1919 жылғы 17 ақпанда БОАК-нің «Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы» декретінің өзінде қарулы қарсылық (контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыру қүқығын сақтаған ереже бекітілді.
Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт - насихат жүргізді деген айыптау да'кең тарады. Қазақстанда сондай - ақ азаматтарды ұлтшылдықпен, үлтшыл ұйымдар қүру арқылы республиканы Кеңес Одағының қүрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылықпен айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық коңтрреволюциялық әрекеттер үйымдастырғаны үшін негізсіз қуғын -сүргінге ұшыратылды.
«Әлеуметтік тапсырыс беру» мемлекеттік қуғындау - жазалау органдарын толық қуатымен жүмыс істеуге мәжбүр етті. Бұл жұмыстың көлемі ұлғайып, «тасқынды» сипатқа ие болды. БК(б)П ОК-нің саяси бюросы өз бастасымен, республикалық және жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын - сүргінге ұшырауға тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті. Қызмет бабында өсуге, көрініп қалуға ұмтылушылықтың нәтижесінде республикалық және жергілікті органдар бүл тізімді көбейтуді ұсынған өтініштер білдірді.
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасалды (Карлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мүнда 1937 - 1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар - М.Жүмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, көрнекті ғалымдар - А.Байтұрсынов, С.Асфендияров, т.б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары қүпия жағдайда жерленді.
50 - жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды. Саяси қуғын - сүргін құрбандарын жаппай ақтау - 1920 - 1950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігін дәлелдеді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын - сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды қүрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20 - 40 - жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнге шейін белгісіз болып отыр [7].
Достарыңызбен бөлісу: |