Шы жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір


Жұмыстың мақсаты мен міндеттері



бет3/10
Дата23.04.2022
өлшемі186,4 Kb.
#31994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жүмыстың басты мақсаты Қазақстандағы лагерлер жүйесі, сталиндік репрессиялаудың отыз жылдан артық уақытқа созылып, оның зардаптары мен салдарларын сол кезде Республикада қалыптасқан экономикалық, саяси мәдени - және әлеуметтік жағдайлармен байланыстырып, жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан зерттей отырып, бағалау болып табылады. Сондықтан біз лагерьлер жүйесін қазақ халқының зардап шегушілер лагері ретінде ашып көрсетуді мақсат еттік.

Зерттеу жумысының қамтитын мерзімі: XX ғасырдың 20 - жылдары мен 50 - жылдары, яғни Кеңес үкіметінің құрылуы мен Сталиннің қайтыс болуына дейінгі кезең. Аталған уақыттың элеуметтік саяси өмірі үлкен өзгерістерге толы болды. Күрделі де әр алуан қайшылығы мол оқигалардың қазақ қоғамына үлкен әсерін тигізбей қоймады, қазақ халқының бетке ұстар интеллигенциядан бастап бұқара халыққа дейін зардап шегу шеңберінің өлімге барып тірелуі қатты күйзелтеді.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Соңғы уақытта жарияланған естеліктер мен ғылыми мақалаларға сүйене отырып, заманға сай ақиқатты тұжырымдар жасалды. Осы уақытқа дейін мұрағатта құпия деген белгімен сақталып келген құжаттардың жариялануы мен зерттелуі нәтижесінде Кеңес үкіметінің геноцид саясаты әшкереленіп, қазіргі таңда тарих беттері объективтілік пен ақиқат зердесінде жазылуда. Салыстырмалы, іріктеу әдістерін пайдалану және контент-талдау тәсілін ұтымды түрде жүргізу арқылы мұрағат материалдарын сын көзімен зерттеп, зерделеуге мүмкіндік туды. Бұл сұрақтардың шешімін табуы республикадағы лагерьлер жүйесі және оның зардаптарының бұрын зерттелмеген мәселелерінің шешімін табуға кеңінен жол ашылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет