Болыстық, халық ішінде сайлау шықты, Сол сайлау нашарлатып, жерге тықты,
Жақ-жақ боп, мың-мың ақша шыққаннан соң, Халық құртты берекесін сол себепті.
Сайлау шықты халықтың зарарына, Ақшасын сарып қылып тұрарына, Әкеден бала, ағадан іні айрылып, Екі жақ өзді-өзіне бұрарына.
54 надандықтың
55 ағартушылықты
Алданып мәймөңкеге сорлы байғұс, Хусусан56 кедей түсті табанына,
...........................................................
...........................................................57
Ол кедейді алдайды ишанмын деп, Қатеңді болыс болсам кешемін деп, Аярлықпен жүргізіп жұртқа айла, Қояды соныменен бас әрмен жеп.
Төккені ақшасының хисабы жоқ, Шыққаны ат майының есінде жоқ, Болыстыққа құр бетімен малын жинап, Кезеген аяқ ақырында басады боқ.
Болыстыққа тырысады намыспенен, Хақтанып, қуаттанып таныспенен, Ақшасын гүрілдесіп санасады, Секілді бәйге атындай жарыспенен.
Жүреді біреуді-біреу атыстырып, Қоймайды кісілерін қатыстырып, Бөлініп кету үшін бірін-бірі, Қояды құда қылып жабыстырып.
Қазақта осындай хал көрінеді, Жақ-жақ боп ағайындар бөлінеді,
Халқымыз жаны құмар мұндайларға, Жан аяп, милләт58 үшін ерінеді.
Халықтың сайлауменен тамағы тоқ, Болыс болған кісінің шығыны көп, Бір-бірінен айрылғаны есінен кетпей, Жүріседі ағайындар бек дұшпан боп.
56 әсіресе
57 мұндағы екі жол қолжазбадан түсіп қалған сияқты
58 ұлт
Болыс болып, ел ішінде сайлау етсе, Жаз күні көшіп халық жайлау кетсе, Болысқа жақсы атақ болар еді, Халқына адалдықпен қызмет етсе.
Болыс, би болғанменен жай тұрмайды, Майданын әділшілік айқындайды, Халықтан қағыстырып, соғыстырып, Өзінен шыққан ақшаны көп жинайды.
Білінбес мұныңменен әділдігі, Болыстың ынтымақсыз жаһілдігі59, Халықтан алдап-сулап алғанымен, Болыстың табыла ма кәмілдігі.
Халыққа адал адам болса еді, Мешіт пенен медресені салса еді,
Мешіт пенен медресені салғаннан соң, Баласын медресеге берсе еді.
Рушди60, ағдади61, ғали62 болса сынып, Аттап біз кетпес едік мөр қылып, Сондай ілім біздерде болса мәужуд63, Балалар да келер еді түгел жиылып.
Ынтымақ сонда бірге табылар еді, Надандықтың есігі жабылар еді, Надандықтың есігі жабылған соң, Мағрифаттың64 есігі ашылар еді.
59 надандығы
60 бастауыш
61 ортаңғы
62 жоғары
63 пайда
64 ғылым, білімнің
Ондай істі қылған жоқ бізге нәсіп, Бай кісілер жүреді асып-сасып, Болыснай боламын деп қуанады, Хақ бермеген жеріне малын шашып.
«Малыңды шаштың» десе, қас болады, Надандықтың әсерімен мас болады, Бір кісі бес-он теңге бере қалса, Соныменен өле-өлгенше дос болады.
Достарыңызбен бөлісу: |