Үлгі
Аққудың астығы жоқ шайнағанмен, Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен, Көнбейді жаман адам ынтымаққа, Шошқа жөнге жүрмейді айдағанмен.
Алтынды орағанмен жез болмайды, Жібекті жуғанменен бөз болмайды, Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай, Жаманның көкейінде көз болмайды.
Шірімес алтын жерде жатқанменен, Оқ өтпес ажалсызға атқанменен,
76 бұл жолдар қолжазбадан түсіп қалған сияқты
77 ашкөздік, көрсе қызарлық
Жалқауға сөз, жапанға таяқ өтпес, Тас жібімес дарияға батқанменен.
Ет қызыл болғанменен түлкі болмас, Ойнақтап сиыр үркіп жылқы болмас, Көркі екен дәулеттінің ежелден-ақ, Дәулетсіз елде болса көркі болмас.
Жақсыға бітсе дәулет бақ айланар, Жаманға бітсе дәулет ау айланар, Басына ер жігіттің бір іс түссе, Арасы қас пен достың абайланар.
Жүрмей ме жақсы жігіт өз жайына, Бір Құдай өнер берсін таңдайыма,
Тырнауыштың аңдаусызда басын бассаң, Басы келіп тимей ме маңдайыңа?!
Мәстектен тұлпар артық шаппаса да, Тексізден текті тумас мақтаса да, Баласы ителгінің қуа алмайды, Алдыңда тұғыр қылып сақтаса да.
Жабыға тоқым салма жалы бар деп, Жаманға құның салма малы бар деп, Жануар деп сипайды әрбір малды, Шошқаны кім сипайды жануар деп.
Сауысқан ықылық атып сұңқар болмас, Мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас, Кей жаман мал бітті деп ел билейді, Халқы да сол жаманға іңкәр болмас.
Сауғанмен жалғыз сиыр іркіт болмас, Өнерді бойға біткен іркіп болмас, Мәселен әр нәрсенің бәрі сондай, Сұңқылдап күшеген құс бүркіт болмас.
Бауырым, насихатты аласың ба, Насихатты алмайтұғын баласың ба? Дос болып, қас болғаннан сақта Құдай, Қасқырда қас етпейді жолдасына.
Су шықпас қазғанменен тау басынан, Қазақтың дау кетпейді сау басынан, Қатының қойныңдағы жайсыз болса, Ер жігіт жаңылады тәубасынан.
Жалбаңдап ақыл сұрама катыныңнан, Бұғарсың жақсы болсаң жақыныңнан, Жігітке ол да болса сын емес пе, Шықпаса қатын айтқан ақылынан.
Ағарар қара кенеп жуғаннан соң, Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң, Ағалар тәубе қылғын, ғапіл қылма, Періште сөз сұрайды өлгеннен соң.
Қиямет қыл көпірі қылдан тайғақ, Өзара намазыңды малыңды бақ, Ысқыртып өтірік деп тұрғаныңда, Шығады тал бойыңнан он екі айғақ.
Қылғаның ұрлық пенен қарлық екен, Періште хатқа жазып алған екен, Жазулы бір қағазды алып келсе, Өзінен-өзі ұялған жаман екен.
Қаршыға қыран болса қаз алады, Жел болса биік ағаш ырғалады, Жарандар, өзгесінен соны ойлашы, Құдайдың тағдырынан кем қылады.
Қаршыға қыран болса тырна алмайды, Ежелгі ескі дұшпан тазармайды, Пендеден бір себепті қате болса, Тазалап, түк қоймастан ажарлайды.
Би болмас қарны жуан буғанменен, Тазармас заты жаман жуғанменен, Әр түрлі әр біреуге нәсіп шашар, Бір ана, бір атадан туғанменен.
Баста емен, аяқта емен жіліншікпен, Кей адам сөйлемейді еріншекпен.
Қолына қалам егер кез келгенде, Есітіп қал әрбір кеңес інішектен.
Достарыңызбен бөлісу: |