Шығармашылық жұмыстар арқылы музыка тыңдау және талдау іс әрекетін тиімді ұйымдастыру


ІІ. Шығармашылық жұмыстар арқылы музыка тыңдау және талдау іс әрекетін тиімді ұйымдастырудың тиімді жолдары



бет4/10
Дата19.04.2023
өлшемі444,19 Kb.
#84418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ІІ. Шығармашылық жұмыстар арқылы музыка тыңдау және талдау іс әрекетін тиімді ұйымдастырудың тиімді жолдары


2.1. Музыканы қабылдау жəне тыңдау кезеңдері

Музыка сабағының мектепте жүргізілетін басқа пəндік сабақтарға тəн ерекше айырмашылықтары бар. Жалпы сабақта қолданылатын музыкалық материалдарды таңдай білудің мəні зор, өйткені, ол шығармалар арқылы балалар өмірдің сан қилы оқиғаларынан хабардар болады.


Сондықтан да музыкалық материалдар уақыт өткен сайын өзгеріп отырады, толықтырылады немесе алынып тасталынады. əн айту барысында кездесетін қиындықтарды балалар оны əдемі, мəнерлі орындауға қажетті бірден-бір жол деп түсінуі қажет. Балалардың эстетикалық сезімін қалыптастырып, əрі қарай дамытуда, музыкалық ой өрісін кеңейтіп, талғамын тəрбиелеуге тыңдауға арналған репертуардың мəні зор.
Музыка туралы əңгіме тыңдай отырып, балалар композитордың өмірі мен творчествасынан мағлұмат алып қана қоймай, шығарманың сипатын, оның образын ашуда қолданылған мəнерлік құралдарын анықтап олардың шығармаға қандай көрік беріп тұрғанын қалыптастырады. Осылайша музыкаға қызығушылығын, оған эмоциялық көзқарасы қалыптасады. Əр шығарманың мəнерлі құралдары болатынын ажырата алатын болады. Балалармен тікелей жұмыс істеген музыкант-ғалымдар, ұстаздар, зерттеушілер музыканы қабылдаудың əртүрлі жақтарын жанжақты дамыту керектігіне айрықша назар аударды. Ең негізгісі-оларды қызықтыра білу.
Музыка сабағындағы болып жатқан əрекеттерге эмоциялық қарым- қатынасын дамыту. Орыстың ұлы жазушысы Д.Кабалевский былай деп жазған болатын. «Музыка деген қызығушылық, музыкамен əуестену, ұнату- оның ғажайып сұлулығынтүсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тəрбиелік жəне танымдық ролін атқара алатын болады.
Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған адамға білім жəне тəрбие беремдеу сəтсіздікке ұшшыратпай қоймайды. Бұдан шығатын қорытынды: балалардың музыкаға деген қызығу сезімін оятпай, олармен музыкалық сабақ өткіземін деу- бос əурелік. Ал, музыканы ұнату, оған қызығу сезімдері балалар музыкалық өнердің нағыз көркем, үлгілерін сезінгенде ғана пайда болмақ» – деп жазды.
Сабақтың өз дəрежесінде өту əрине, мұғалімдерге байланысты. Мұғалім тұлғасы сабақ үстінде жан-жақты əрі қырынан байқалады: ол тек бір шығарманы орындап немесе айтып қана қоймай, ол туындылар жөнінде əңгіме жүргізеді, өзінің композиторға деген көзқарасымен пікір алысады, музыканың əсер ету күшінің мүмкіндігін жеткізе түсуге жағдай жасайды. Əрине мұғалім жұмысында ұйымдасытрушылық қабілетінің үлкен рол атқаратынын атап айтқан жөн.
Музыкалық іс-əрекет түрлері музыка сабағы құрылымының компоненті ретінде, оқушылардың музыкалық өнермен өзара əрекеттесуінің түрлі тəсілдерін жəне оны тануға бағытталады.
Оқушылардың музыкалық іс-əрекет түрлеріне:

  • музыканы тыңдау,

  • хормен əн айту,

  • музыкаға қозғалыс,

  • музыкалық аспаптарда ойнау,

  • балалардың музыканы импровизациялау жəне шығару немесе басқаша музыкалық-шығармашылық қызмет,

  • музыкалық-танымдық қызмет жатады.

Музыкалық іс-əрекеттің барлық түріне балаларды еліктіріп əкету үшін мұғалім өзі отты жігерлі болуы тиіс. Мұғалім сабақтың қызықты жəне нəтижелі өтін қамтамасыз етеді.
Музыка сабағының басқа пəндік сабақтармен ұқсастығына, айырмашылығына таңдана отырып, əр сабақтың өзінің бір-бірін қайталамайтын өрнектермен ерекшеленетінін айта кетек жөн. Бұл, əрине, музыка мұғалімінің шеберлігіне шығармашылық қасиетіне байланысты.
Əнді үйреткеннен бұрын оқушы оны өзі орындап, көрсетеді. Бұл көрнекілікке жатады. Дирижерлік қимыл, түрлі суреттер, иллюстрациялар пайдалануда солай. Сабақ қызықты өту үшін мұғалім оның жан-жақты əдіс-тəсілдерге бай, түсінікті болуын қадағалап, үйретілетін əн мен тыңдалатын музыкалық шығармалардың ерекше құндылығын ескеруі тиіс. Егер балалар сабаққа қызықса, олардың белсендігі де артады. Мұндағы ең негізгі мəселе қайталау мен пысқтау. Ол балалардың ойлауын, есте сақтау мүмкіндіктерін жетілдіруге жағдай жасайды. Əрбір үйретілетін əн балалардың жас ерекшеліктеріне қарайтаңдап алынады.
Музыка сабағы арнаулы жоспармен жүргені тиімді .Сабақтың негізгі мақсаты-əн үйрету мен қатар, хор айту, музыка тыңдап оның сауатын үйрету. Сол себепті оқушы сабақ өтуге берілген 45 минутты тиімді ұтымды пайдаланған жөн. Ол үшін алдын –ала жоспарлап алған жөн. Сонымен қатар музыка сабақтарында оқытылатын тақырыптар күні бұрын жоспарланып, əр тоқсанға бөлініп қойылуы керек. Əн үйретуде, музыка тыңдауда есте сақтайтын жай, əр тоқсанның мазмұнына сай əнді үйретіп, музыка тыңдауды осы тəсілмен жасаған жөн.
Дегенмен мұғалім оқу барысында əртүрлі жағдайға сəйкес кейбір əндерді музыкаларды қосымша етіп бергісі келгендіктен бағдарламадан тыс əндер береді. Мысалы:əртүрлі мерекелерге қатысты, жаңа жыл, наурыз, аналар күні, жеңіс күні және т.с.с. Бағдарламаға енгшен əндердің көркемдік жағын оқушының түйсігіне жеңіл жастық дауыс ерекшеліктерін еске алып іріктеп алған жөн. Апта сайын сабақ қайталанып тұратындықтан, мұғалім келесі сабақты қайталай бермей, соңғы сабақты соның жалғасы ретінде жоспарланса, əртүрлі методикалықтəсілдермен сабақ ұтымды, нəтижелі болуы сөзсіз.
Музыканы тыңдауға дайындаудың маңызды міндеттерінің бірі-оқушылардың музыкалық шығарманы мұқият жəне қызығушылықпен тыңдауына аудиторияда қажетті əрі қолайлы жағдай жасау.
Əдетте музыканы тыңдау шартты түрде келесі қадамдарда жүргізіледі:
- оқытушының дайындық жұмыстары;
- кіріспе немесе кіріспе əңгіме;
- жұмысты орындау (тыңдау);
- тыңдалған жұмыс туралы əңгімелесу;
- қайта тыңдау;
- жалпылау.
Мұғалімнің дайындық жұмысы-музыкалық шығарманың ноталық жəне əдеби мəтінін зерттеу жəне талдау, авторлар туралы мəліметтерді іріктеу, көрнекі-дидактикалық материалдарды дайындау.
Кіріспе сөз немесе кіріспе əңгіме тиісті эмоциялық көңіл-күй қалыптастыруға, оқушылардың қабылдауын белсендіруге бағытталған. Кіріспе əңгіменің негізгі мақсаты – балалардың назарын аударып, шығарманы тыңдауға қызығушылығын арттыру, балалардың назарын аудару үшін мұғалім олардың дайындығына байланысты олардың алдына түрлі міндеттер қояды.
Кіріспе əңгіме барысында мұғалім композитор туралы, шығарманың құрылу тарихы туралы қысқаша айтып бере алады, орындаушы туралы мəлімет жəне музыкалық шығармаға сипаттама береді, мəнерліліктің негізгі құралдарын анықтай алады, шығарманың басты музыкалық бейнесін анықтай алады. Шығарманы орындау (музыка тыңдау) – музыканы қабылдаудың бірінші сатысы.
Музыканы тыңдау барысында музыканың əр түрлі дыбысталуын (дыбыс жазу, тірі орындау) пайдалануға болады. Оқытуға ұсынылған шығарманы соңына дейін немесе аяқталған фрагментін ғана тыңдау керек. Музыканы тыңдаудың алғашқы күнінен бастап мұғалім орындау кезінде тыныштыққа қол жеткізуі тиіс.
Бастауыш сынып балалары үшін жанды сипаттағы музыкалық шығарманы орындау кезінде тыныштықты сақтау өте қиын.Бұл мақсатқа жету үшін олардың қиялымен жұмыс жасау (олар концертте отырады) ойын əдісін қолдану қажет (би, марш, өздігінен іштей əн айту, сырттай емес). Тыңдалған шығарма туралы əңгіме – мұғалім мен оқушылардың белсенді əрекеттестігі, сұрақ-жауап əдісі.
Музыка туралы əңгіменің негізі – сұрақтардың толыққанды жүйесі. Əңгімелесудің басты мақсаты – музыкалық шығармалардың көркемдік бейнесін анықтау. Жас ерекшеліктеріне қарай əңгіме қол жетімді, қызықты, тыныш жəне жанданған болу керек. Əңгіме барысында мұғалім бала- 25 лардың қате жауаптарына қатты назар аудармауы қажет жəнеол үшін оларды кінəлауға болмайды.
Талдау, əңгіме нəтижесі бойынша барлық балаларда тұтастай алғанда, оның авторы, сипаты, музыкалық өрнектің құрылымы туралы дұрыс түсінік болуы керек. Музыканы қайта тыңдау – музыканы тұтас қабылдаудың соңғы сатысы. Жаттығу кезінде жұмыс толығымен басынан аяғына дейін көрсетіледі. Қайталанатын тыңдау өте маңызды, ол білім мен əсерді нығайту үшін өткізіледі.
Жалпылау жұмыстың тыңдалу барысында алған əсерлерін синтездеу жəне кіріспе сөзден жəне музыкамен əңгімелесуден, музыканы қайта тыңдаудан алынған білімнің талдауы болып табылады. Алынған білім негізінде жалпылама үрдісте қорытынды жасалады. Жалпылама диалог түрінде (сұрақтар мен жауаптар), оқушылардың жауаптары негізінде құрастырылады, мұғалім қорытынды (қорытынды) тұжырымдамасын береді.
Музыка сабағында оқушылардың білім деңгейін оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруде көтеруде өздік жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызы үлкен.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет