Шығармашылық жұмыстар арқылы музыка тыңдау және талдау іс әрекетін тиімді ұйымдастыру


І. Оқу үрдісіндегі шығармашылық тапсырмаларды ұйымдастырудың әдістемелік негіздері



бет2/10
Дата19.04.2023
өлшемі444,19 Kb.
#84418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
І. Оқу үрдісіндегі шығармашылық тапсырмаларды ұйымдастырудың әдістемелік негіздері


1.1. Шығармашылық тапсырмалар туралы түсінік

Мектепте оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру - оқытудың күре тамыры, маңызды арнасы.


Шығармашылық – жаңа нәрсені өз ойынан шығару, ойлап табуға бағытталады. Осы деңгей бір- бірімен тығыз байланысты [3].
«Шығармашылық» сөзінің төркіні (этимологиясы) «шығару «ойлап табу», «іздену» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз [3].
Шығармашылық – ол денсаулық, ол барлық дерттермен күреседі.
Шығармашылық – ол жан тазалығы, яғни катарсис.
Көрнекті психолог Л.Выготский: «Шығармашылық» деп -жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал Я.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе парасаттылық тұрғыдагы баланы жаңа психикалық сапага көтереді [15].
Шығармашылықтың мәні, шығармашылық іс-әрекет туралы әр кезде, әр түрлі пікірлер болған. Мысалы, XX ғасырдың басында философиялық сөздікте «шығармашылық» деп жаңа нәрсе ойлап табу жаңалық ашу», дей келе әр адамга тән нәрсе емес, құдайдың құдыретімсн болады. Ал, адам шығармашылығы тек салыстырмалы түрдегі әрекет» деген [2].
Шығармашылық еңбек дегеніміз – бұл адамзат баласының рухани мәдениеті мен өнерін қалыптастыратын, қоғамдық санасы мен көркемдік танымын өрістетін ерен іс-әрекет [2].
В.В.Давыдов "жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр: жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты" деп есептеген [14].
Б.Л.Эльконин шығармашылыкқа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық еңбек немесе шығармашылық тапсырма деп - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық жаңадан жасалған нәрсе, бұрыңғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады»[14]. Бұл аталған шығармашылық еңбек сипаттамаларына басқа қосымшаларда болуы мүмкін. Мысалы, ғалымдар мен жазушылардың шығармашылық қабілеттердің белгілері болады.
А.Н.Лук өз еңбегінде «адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты» деген.
Шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы. Сонда оқушылардың шығармашылық жұмысы дегеніміз – оқушылардың шығармашылық еңбегіне еркін тақырыпта шығарма, оқыған кітаптарында рецензия жазуда да мұғалімнің түсінік нұсқау беруінен кейін немесе өз иннициативасымен практикалық жұмыстар істеуін немесе алдарына қойылған мәселені өздерінің шешуін де т.б. жатқызылады.
Барлық шығармашылық тапсырмаларды оңтайлы орындау үшін белгілі бір қабілеттер болады. Қабілеттердің белгілері ретінде [11]:

  • нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу;

  • тасымалдай білу;

  • ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;

  • әрекетті бағалауды айтады.

Шығармашылық еңбектің ең бастауы бұл шығармашылық ой мен қиялдың пәрменділігі мен маңызы – оның шындықпен байланыстылығында. Осындай қиял ғана адамды іс - әрекетке жетелейді, оның рухани жағынан жетіле түсуі үшін ерекше маңызды болады.

  1. Байқағыштық, оның шығармашылық еңбектегі орны.

  2. Көркемдік ойлау және шығармашылық қиял.

Шығармашылық еңбектің ең басты тұлғасы - суреткер. Сондықтан шығармашылық еңбек жөніндегі сөзді ең алдымен суреткер тұлғасына сипаттама беруден бастағанымыз жөн. Жалпы, шығармашылық еңбекпен айналысу үшін талант, табиғи дарынның қажеттігі сөзсіз.
Шығармашылық тұлғаның ерекшелігі неде? «Шығармашылық тұлға жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарамастан, өзгелерден даралығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне деген сенімділігімен, сезім ұшкырлышмен, өз бетімен жұмыс істеуге деген құштарлығымен, табандылығымен, асқан шабытымен ерекшеленеді» - деп жауап береді психолог Н.С.Кон [12].
Оқыту процесіндегі оқушылардың шығармашылық тапсырмалар дегеніміз не? деген сұраққа мұғалімдер: «Бұл мұғалімнің көмегінсізжәне мұғаліммен бірге орындайтын оқушылардың жеке шығармашылық еңбектері» - деп жауап береді. Бірақ айқын да анық көрінетін бұл мәселе тарихы әріден басталатын, қазірдегі шешімді міндеттердің бірі болып отыр.
Шығармашылық тапсырма. Әрбір зерттеу сипаты бар жұмыста азды-көпті шығармашылық еңбек, ал шығармашылық тапсырма негізінде зерттеу жатыр. Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын зерттеу сипатты жұмыстары мен шығармашылық жұмыстарын бөліп қарастыруда шарттылық бар. Бұлардың арақатынасын айқындау үшін, алдымен оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды деп нені айтатынымызды қарастырайық. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық еңбегі – жаңа бір нәрсені жасай, табумен ғана шектелмейді, ол сол жаңаны табуға, жасауға жету жолын да қамтиды. Бір оқу жұмысы, мұғалімнің тапсырмасы болмасын, оны орындауда оқушының білімі мен дағдысы, қабілеті жұмсалатын және онан шәкірттің білімі мен іскерлік қабілеті көрінетін болса, сондай-ақ бұл еңбек оқушының осы қасиеттерін бір саты дамытатын болса, істердің бәрін шығармашылық жұмысқа жатқызамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет