1.2. Шығармашылық тапсырмалар түрлері
Оқушылардың жалпы шығармашылық тапсырмалар жөнінде айту қиын. Оқушының шығармашылық тапсырмасы, оқушының өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуі, шығармашылық жұмыс істеуге үйрету деген сияқты сан құбылтып айтылып та, жазылып та жүр. Мұның бәрін сөз болып отырған жұмыс түрінің жалпылама түсінуден туған деуге болады.
Оқыту процесіне ендірілетін оқушылардың шығармашылық тапсырмалары дегеніміз - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз шығармашылықпен орындайтын жұмысы [13]. Оқушы шығармашылық тапсырмада қойылған мәселені саналы түрде ақыл-ой мен күш – жігерін жұмылдыра отырып шешуші және өз жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс.
Демек, оқушылардың шығармашылық жұмыстары жай жаттығу, көшіріп жазу, кітаптан үзінді оқу т.б. емес. Біз қарастырып отырған шығармашылық жұмыстар үшін белгілі дәрежеде оқушының ақыл-ой, күш-жігер, білімі мен қабілеті жұмсалады.
Оқу үрдісінде оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, тәрбиелейтін тапсырмалар 4 түрге бөлінеді.[6]
1) Сыртқы сезімді тәрбиелейтін жаттығулар. Бұл мақсаттағы жаттығулар арқылы бала өзін қоршаған ортаны танып, олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретеді.
2) Ішкі сезімді, ой-қиял арқылы елестету мен есті, қол мен тілді тәрбиелейтін жаттығулар.
3) Нақты зат пен нәрселердің көлемі мен барлық заттық нәрселерді, құбылыстарды сезіну, осы сезіну арқылы жиналған материалдар негізінде ой-пікір мен түйсікті дамыту.
4) Ерікке қатысты: ұстамдылық, еңбекқорлық, қабілетті дамытуға бағытталған жұмыстар.
Ғылыми-зерттеулердегі шығармашылық тапсырмалардың түрлері:
1) оқушылар орындайтын іс-әрекет түріне;
2) ол әрекеттердің шығармашылық сипатына;
3) оқушылардың ойын қалыптастыруда атқаратын рөліне;
4) білім алу жолына;
5) ұйымдастыру формасына қарай сипатталады.
Бұлардың алғашқы үшеуі - шығармашылық жұмыстардың танымдық процеске тікелей әсер ететін әдіс ретінде оқу процесінің барлық кезеңдерінде қолдануға мүмкіншілік береді. Ал, қалған екеуі білім алудың жолы, ұйымдастыру формасы ретінде танылады. Олай дейтініміз, шығармашылық жұмыстар жүйелі түрде оқу процесіне енгенде, тәжірибе, эксперименттерде байқалғандай, сыныпта мұғалімнің ғана жұмыс істеуіне негізделген оқыту әдістемесінен мүлде басқаша жағдайда көрінеді [4].
Оқыту үрдісіндегі оқушылардың шығармашылық тапсырманың мазмұндық-логикалық ерекшелігіне қарай 4 типін анықталды.
1) Үлгі бойынша шығармашылық тапсырма. Бұл жұмыстар – мазмұны әр түрлі материалдарды пайдаланып ұйымдастырылатын жаттығулар.
2) Өзгертіп, қайта құрап жинақтайтын тәжірибенің, білімнің, дағдының негізінде орындалатын практикалық-интеллектілік тапсырмалар.
3) Вариантты шығармашылық тапсырмалар. Бұлар ғылыми білімді қолдана білуге арналады, проблемалық мазмұнда болады. Жаңадан білім алу, логикалық қорытынды шығару талаптарын тудырады. Оқушылардың бұл жұмыстары тақырып аралық, пән аралық сипатта болып келеді.
4) Өзіндік істейтін шығармашылық тапсырмалар. Ол ой мен іс-әрекеттің толық дербестігін қажет ететін жұмыс түрі, яғни өзіндік жұмыс істеудің ең жоғарғы сатысы болыр табылады [3].
Бұл аталған шығармашылық тапсырмалар әрекет сипатына қарай:
жаттығу,
зерттеу.
Жаттығу жұмыстары. Жаттығу деп – белгілі бір дағдыны, іскерлікті немесе ереже-анықтаманы, әдісті т.б. үйрену, меңгеру үшін, бір істі қайталап істеуді айтамыз. Оқыту процесіндегі оқушылардың еңбектерінің бірқатары осындай түрлі жаттығу жұмыстарына жатады.
Рас, бұл жаттығу жұмыстарын өз беттерінше жұмысқа жатқызуға болады. Жаттығу жұмысының әсерлі, пайдалы болуы оны ұйымдастыру әдістемесіне байланысты екені белгілі.
Зерттеу сипатты жұмыстар. Оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін қалыптастыру, өз бетінше жұмыс істеуге үйретуде зерттеу элементтері бар проблемалық тапсырмалардың орны ерекше.
Мектептерде сабақ процесінде проблемалы тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырудың мұғалімнің баяндауына ғана құрылған оқудан көп айырмасы мен артықшылығы бар.
Біріншіден, проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай және қалай пайда болатындығын оқушылар үшін дәлелді етеді, осы арқылы білім нанымды және сапалы меңгеріледі.
Екіншіден, проблемалы тапсырмалар оқушыларды ғылыми және логикалық ойлауға үйретеді, ғылыми іздену жолына бағыттайды.
Үшіншіден, проблемалы тапсырмалар эмоцияға молырақ әсер етеді, сондықтан балалардың оқуға қызығушылығын арттырады, білімге іштей құмартушылықты дамытады [7].
Шығарма. Оқушылардың орындайтын шығармашылық жұмыстардың ішінде шығарма басты орын алады. Шығармада оны жазған жеке оқушының өзіндік даралығы: жазып отырған тақырыбына көзқарасы, түсінігі, ой-пікірі, бұларды өзінше дәлелдеп жеткізу ерекшелігі айқын танылады. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарда шығарма жұмыстары тақырыбы жағынан дұрыс таңдалып алынатын болса, оның оқушылар үшін білімдік те, тәрбиелік те маңызы зор [9].
Оқушылардың шығармашылық тапсырмаларын оқыту процесінде қолдануда көрнекті ғалым-әдіскер В.В.Голубковтың оқыту жұмыстарының қай түрі болса да даралап алмай барлық оқу-тәрбие жұмысымен етене байланыста алғанда ғана тиімді, маңызды болады деген пікір айтқан болатын. Сондықтан [10]:
1. Жай жоспар жасаудан түрлі тақырыптарға шығарма жазуға дейін, шығармашылық шығармадан – оқушылардың өз шығармашылығына дейін.
2. Көркем мәтінді қарапайым талдаудан мазмұн мен форма бірлікте алып тұтас талдауға дейін.
3. Оқулықпен істейтін қарапайым жұмыстан 2-3 қосымша оқулықтарды пайдаланып, шығармашылық жұмыс істеуге дейін.
4. Лекция жоспарын жасауға конспект, тезис, реферат жасауға дейін.
5. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беруден баяндама, диспутқа дейін барлық жұмыс жүйелі түрде, оқушыны өз бетінше жұмыстан білім алуға үйретуді мақсат етіп ұйымдастырылуы керек.
Баланың жеке психо-физиологиялық дамуы ескеріліп берілетін тәрбие. Шығармашылық тапсырманы орындату барысы төрт кезеңнен тұрады [20]:
1. Оқушының шығармашылық ізденіс жұмысын бастамас бұрын, жұмыстың негізгі мақсатын айқындап, ажырата білу керек.
Шығармашылық ізденістің мақсаты: сабақта алған білімін тереңдете отырып, берілгеи тақырып бойынша өз бетімен іздену, жаңа пікірлер мен ой толғаныстарын табу барысы бойынша жұмысын жүргізу, ол оқушының танымын кеңейтеді, білімін тереңдетеді, көзқарасын дамытады.
2. Әрбір пән бойынша нақты тақырыпта өз бетінше жұмысын жүргізу. Оқушылар жұмыс барысында тақырыпқа байланысты шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып, соған ұқсас тапсырмалар жасап шығару, пайдалануды, көрсетілген нақты материалды сұрыптап алуды үйренеді.
3. Бұл кезеңде оқушылар өз қалауы бойынша белгілі тақырыпқа реферат, баяндама дайындап, қосымша шолу жасауды үйренеді, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.
4. Оқушы өзінің шығармашылық ізденіс тақырыбы бойынша көрнекіліктер жасап, оны теориялық жағынан қорғауға дайындалады.
Мектептің психологиялық қызметі оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау мақсатын негізге алуы қажет.
Арнайы шығармашылық жұмысқа қабілеттілікті анықтау мен ерекшеліктері туралы сөз қозғсақ, Елбасының "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында көрсетілгендей, республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру кажет, қабілетті балаларды анықтаудың бірнеше жолдары бар. Мәселен, деңгейлік тапсырмалар беру, модуль жасату, олимпиадалар, жарыстар, конкурстарға жиі қатыстыру. Сонда баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің оянуына мүмкіндік туады. Ол үшін ұстаз оқушының ой-өрісін дамытып, шығармашылық деңгейге дейін жеткізуге тырықан жөн. Осы орайда бастауыш сыныптан бастап оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы ерекше деуге болады.
Мектепте барлық пәндерді бірлікте қарап, берілетін білімнің салмағын арттыру тілімізді осы жаһандану алапатынан сақтаудың бірден-бір жолы деуге болады. Бұл өзекжарды мәселелер қазіргі білім беру үрдісіндегі оқушының өздік жұмысын ұйымдастыруға байланысты орнын дәлелдейді.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін оқу материалдарының дамытушы құрылымы айқындалуы тиі болып табылады.
Оқу материалдарының дамытушы құрылымы – бұл ұғымдар арасындағы өзара байланысты міндетті бөлумен қарапайымнан күрделіге ретті мазмұндалуы. Сабақта жаңа оқу материалдарын оқып-үйренуде оқушылар ғылыми немесе мәдени зерттеу үрдісінде ертеректе зерделенген ұғымдар қалай жаңа білімдер мен таным әдістері шығарылғанын көретіндей етіп тұрғызу қажет. Кез келген жүйенің даму үрдісі – бұл оның пайдалы функциясының артуы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |