ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ
Теория әрқашан практикамен ұштасып жатады. Курс жұмысындағы теориялық білімді тәжірибе жүзінде тексеру негізіндегі эксперимент жұмысы Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында өтті. Жұмыстың эксперимент жұмысында – 3 А сыныбы, бақылау – 3 Ә сыныбында жүргіздік.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: бастауыш сыныптардың музыка сабағында оқушылардың музыканы тыңдау, талдау, ырғақтық қимылдарды дамыту дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық міндеті – оқушылардың музыка сабағынан жаңа тұрпаттағы тапсырмаларды орындай отырып, жаңа теориялық материалды, білімді өзектендіре білу, конструктивтік тапсырмаларды орындауда ғылыми және дүниетанымдық көзқарастарын дамыту.
Соған байланысты педагогикалық эксперимент жұмысында эксперимент сыныбының оқушыларымен жүйелі түрде ұйымдастырылған жұмыстарды пән мұғалімімен бірлесе отырып жүргіздік.
Қазақтың ауыз шығармашылығы балалардың музыкалық – эстетикалық тәрбиесінің қалыптасып дамуында үлкен маңыз атқарды. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа мирас болған оның таңдаулы үлгілері балалар тәрбиесінің таптырмас құралына айналды. Музыкалық - әдеби шығармалар, ертегі – эпостар, мақал – мәтелдер, аңыз -әңгімелер, жұмбақ, жаңылтпаштар тәрбие беру мақсатында кеңінен пайдаланылды. Олар балалар сезімдеріне әсер етіп, танымдық – тәрбиелік мәнге ие болды.
Осы халық мұрасын мұғалім оқушылардың жан – жақты тәрбиесінде орынды пайдалануы қажет. Мақал – мәтелдерді, жұмбақтарды балалардың жас ерекшелігіне, сабақтардың мазмұнына байланысты таңдап, тәрбиелік мәнін оқушыларға дәлелдеп түсіндіру, мұғалімнің шығармашылық ізденуіне, әдістемесін жетілдіруіне көмектеседі.
Ойлап тап! Жұмбақ ойын.
( Музыкалық аспаптар туралы)
1. Ұзын мойын екі ішек,
Қатар – қатар тепкішек.
Басып қалсаң бір-бірлеп,
Күй шығады күмбірлеп, ( Домбыра)
2.Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды. ( Сыбызғы)
3.Сексен бес тілі бар,
Әр тілдің өзіне тән үні бар. ( Күйсандық)
Ұсынылып отырған жұмбақтарды оқушыларды екі топқа бөліп жарыс түрінде өткізуге болады. ( 1- топтың баласы жумбақты айтса, 2 – топтағы оқушылар жауабын табу керек т.с.с.)
Достарыңызбен бөлісу: |