Шығармашылық жұмыстар арқылы музыка тыңдау және талдау іс әрекетін тиімді ұйымдастыру


Кесте 1- Оқушылардың музыканы тыңдап, қабылдай білуі және талдау қабілеттерін қалыптастырудың даму деңгейлерінің % көрсеткіштері



бет9/10
Дата19.04.2023
өлшемі444,19 Kb.
#84418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Акниет Курсовой

Кесте 1- Оқушылардың музыканы тыңдап, қабылдай білуі және талдау қабілеттерін қалыптастырудың даму деңгейлерінің % көрсеткіштері

Эксперимент тобы (ЭТ) – 224, бақылау тобы (БТ) – 226

Компоненттер

Жұмыс кезеңі

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Мазмұндық

Басы

1,0

1,0

7,0

18,0

52,0

42,8

30,0

38,2

Соңы

12,1

3,2

36,1

16,0

36,0

42,1

15,8

38,7

Эмоционалды



Басы

0,0

0,0

16,2

15,3

32,8

45,0

51,0

39,7

Соңы

26,0

5,9

38,2

10,0

10,4

30,0

28,0

51,5

Іс-әрекеттік

Басы

0,0

0,0

15,7

14,2

44,0

34,8

40,3

51,0

Соңы

11,7

4,5

29,3

10,9

37,0

33,0

22,0

52,1

Оқушылардың музыканы тыңдап, қабылдай білуін қалыптастыру бойынша берілген талдау эксперимент пен бақылау топтарында жоғары деңгейдің -0,0% екендігін дәлелдейді. Жеткілікті деңгей эксперимент тобында-16,2%, бақылау тобында-15,3%, орташа деңгей эксперимент тобында-32,8%, бақылау тобында-45,0%, төменгі деңгей эксперимент тобында-51,0%, бақылау тобында-39,7% нәтижені көрсетті.



Эксперимент тобы Бақылау тобы
Сурет 1 – Оқушылардың даму деңгейі (пайыз есебімен)

ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы қандай да болсын музыкалық шығарманы қабылдау және оны қабылдап қана қоймай өз бойына сіңіру музыкалық педагогика саласындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені музыканы дұрыс тыңдау – оған арқау, негіз болатын нәрселерді – шындықтың көркемдік бейнесін, сәулесін оқушының қаншалықты сезіне, ести және толғана білуіне байланысты. Олай болса, бүгінгі оқушының мектеп бағдарламасында көрсетілген музыкалық шығармаларды қабылдауы қандай дәрежеде?


Музыкалық шығармаларды, әсіресе күйлерді түсініп тыңдауға ынтасы, ықыласы қалай? Осы мәселелерге жауап іздеп көрейік. Ол үшін әуелі қазіргі оқушының қандай музыкамен әуестенетіндігін, нені тыңдайтындығын білуіміз керек. Әрине, бүгінгі бала ең алдымен белгілі бір ырғаққа бағындырылған эстрадалық әндерді тыңдайды, орындайды. Тіпті бастауыш сынып оқушыларын қойғанда, әлі мектеп табалдырығын аттамаған кішкентай сәбилердің өзі теледидардан немесе басқа да электронды тасуыштардан ырғақты музыка қойылса, дәл соған лайықты би қимылдарын жасап қозғала бастайды.
Себебі – бізді қоршаған осындай музыка. Үйде де, түзде де, теледидарда да, радиода да, тіпті ұялы телефонда да бәрі-бәрінде еститініміз эстрадалық музыка, музыкалық композициялар(әндер, шығармалар). Міне осының бәрі баланың мағыналы музыкалық шығармаларды, әсіресе халқымыздың көзінің ағы мен қарасындай екі жанрының бірі – күй мұрасын тыңдап, оны саналы түрде қабылдауына кері әсерін тигізеді.
Мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп көркемдік аталуына, шынайы сезінуге, одан рухани ләззат алуға, өмір жолы ой толғауға ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетелеп өнегелі істерге баулиды.
Эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, музыка жөнінде түсінігін кеңейтуде, ой-өрісін дамытуда, жоғары сапада болуы үшін құрылған музыка сабағының маңызы өте зор. Сабақты ұйымдастыру формасы басқа сабақтар сияқты музыка сабағы да оқушылар қабілеттеріне, икемділігіне, қызығушылығына қарай бөлінбейді бәрі бірдей тәлім алуы тиіс. Сабақтың ұзақтылығы, материалдарды түсіндіру, пысықтау, өткен сабақтардан алған білімін тексеру. Сабақта қолданылатын іс-әрекеттер формасының қабілеттеріне қарамастан сабақтың тұтас болуы белгілі. Бірінші сабақта қолданылатын іс-әрекеттер түрлері оның мақсатына, тақырыбына қарай анықталады. Негізгі әдістері: түсіндіру, ауызша баяндау, проблемалық жағдай туғызу.
Музыка сабағының басқа сабақтан айырмашылығына, ерекшелігіне келсек негізгісі өнер сабағыны екендігі, музыканы оқыту барысында ақыл-ой мен эмоция, түсіну мен сезіну қатар жүзеге асырылады. Келесі ерекшелігі музыканы тыңдап, қабылдау барысында адамның психологиясына, физиологиялық процестеріне кемелді түрде әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет