Ойын « Тақия тастамақ». Ойынға қатысушылар дөңгелене тұрып, орталарынан жүргізуші тағайындайды. Ол балаларды бір айналып шығып былай дейді: « «Ойынның аты « Тақия тастамақ!». Бәріміз де дөңгелене отырамыз».Балалардың бәрі дөңгелене отырады. Жүргізуші: «Ақырындап, асықпай сендерді айналып өтемін. Осы кезде тақияны білдірмей біреудің артына тастап кетемін. Егер оны байқамай қалсаң ,мен сол тақиямен сені ұрамын. Саған ойынды жүгізуге тура келеді».
Осы сөзді айта жүре, жүргізуші тақияны білдірмей біреудің артына тастап кетеді. Жүргізушінің сөзі аяқталысымен балалар қолдарымен өздерінің маңдайынан тақияны іздей бастайды.Тақияны өзінің артынан тапқан бала, жүргізушіні қуып жетіп, тақияны оның басына кигізеді.
Егер ойнаушы жүргізушіні қуып жете алмаса,онда жүргізуші тақияны өзі алып, ойнаушыны қуып жүріп, ақырын тақиямен ұру керек. Осылай олар отырғандарды бір айналып шығады. Ойын тәртібі: ойын кезінде арттарына қарауға, сығалауға болмайды. Ойнаушы тақиямен жүргізушіні қуалағанда, отырғандарды бір рет қана айналып шығуы керек, яғни өзінің отырған орнына дейін ғана.
«Кім тез». Жаңылтпаш ойындар.
1. Құрықтан құлдырап түстім,
Сырықтан сылдырап түстім
2. Торта қойдым
Орта қойдым.
Орта қойдым
Жорта қойдым.
3. Көк тырна,
Көп тырна,
Тыраулап тек
Көп тұрма
Жаңылтпашты үйреткенде қойылатын талаптар: мағынасына, сөздердің ұйқастылығы мен байланыстылығына көңіл бөлу:, қ,к, т, д, л, р, с – дыбыстарын анық, таза, дұрыс айтуға дағдыландыру.
Мұғалім ұсынылып отырған жаңылтпаштар ішінен таңдап алуына болады, немесе өзіндік жеке жаңылтпаштар қорын жасаған жөн.
Ойлан тап! Жұмбақ ойын.
Жануарлар туралы жұмбак ойындар.
1. Кiшкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
2. Кезiктi бiр жануар,
Үстiнде екi тауы бар. (Түйе)
3. Төсек астында төрт бауырсақ. (Сиырдың желiнi)
4. Жанды сағат, айғай салад. (Есек)
5. Жездекем желп барады,
Жез қалпағы қалып барады. (Аттың iзi)
Жұмбақтар көрнекi құралдарды пайдалана отырып өткiзiледi. Олар балаларда ойдың тапқырлық қасиетiн жандандырады, үйретедi, қызығушылығын арттырады. Балалардың творчестволық iзденiсiн, эстетикалық талғамын арттыру мақсатымен үйде жұмбақтар даярлап келуге, оның суреттерiн салдыруға тапсырма беруге болады.
«Арқан түю.». Ойнаушылар шеңбер жасап дөңгелене тұрғаннан кейiн, қолында арканы бар ойын жүргiзушi топ ортасына шығады да: - Ойынды бастадым! - деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйiлмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса, секiрiп тұрып, арқанды аяктарының астарынан өткiзiп жiбередi. Кiмде-кiм арқанды өткiзе алмай, аяғына тигiзiп алса, онда айып тартады. Көпшiлiктiң ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетедi: өлең, тақпақ айтып, би билейдi және ойын жүргiзушiсімен орын ауыстырады. Осылайша ойын одан әрi жалғаса бередi.
Музыкалық-дидактикалық ойын.
1. Тоқсан бойынша тыңдалган әндер мен күйлердi тыңдатып, композиторлары мен шығарманың аттарын ажырата бiлуге дағдыландыру.
2. Сонымен бiрге орындалу ерекшелiктерiне (қандай музыкалық аспаптарда немесе оны кiм орындады т. б.) көңiл бөлу.
З. Ойынды түрлi көрнекiлiктер (карточкалар, таблицалар т. б.) пайдалану арқылы өткiзу.
Музыкалық ойын: «Малды төлiн емiзуге шақыру»
Ойын жүргiзушi: - Кәне, балалар, төрт түлiк малды төлiн емiзуге бәрiмiз бiрдей дауыстап шақырайық.
Дыбыстардың тазалығына, сөздердi анық айтуға көңiл бөлген жөн.
Ойынды көрнектiлiктер пайдалана отырып, еткiзуге болады.