Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет11/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

 
Сабақ №5 
Тақырып: Минералдардың физикалық қасиеттері. Минералдардың табиғатта кездесетін пішіндері.  
Жоспар: 
1. Минералдардың физикалық қасиеттері. 
2. Минералдардың морфологиялық тҥрлері. 
1. Минералдардың физикалық қасиеттері. 
Олардың химиялық кҧрамы және кристалдық қҧрылымымен байланысты. 
Минералдардың физикалық қасиеттеріне мыналар жатады: тҥсі, жылтырлығы, жымдастығы, қаттылығы, 
серпімділігі, тығыздығы (меншікті салмағы), магниттілігі, радиобелсекнділігі, электрлік және оптикалық 
қасиеттері, т.б.
Бҧл қаеиеттерді зерттеп білудің екі тҥрлі мәні бар. Біріншіден, осы қасиеттеріне қарай бір минералды екінші 
минералдан айыра білуге болады. Мҧны диагностикалық белгі деп атайды (диагноз — грекше тану, айыра білу). 
Екіншіден, осы қасиеттерді білу оларды ӛндірісте, тҧрмыста қолдану ҥшін керек. 
4 - кесте 


20 
Тығыздық 
г/см

кг/м
3
Минералдардың тығыздығы 2 050 - 2 080 кг/м
3
-тен (кҥкірт) 23•10
3
кг/м
3
-ке (платина, иридий) дейінгі шамада болады. Кӛп тараған 
минералдардың тығыздығы 3•10
3
кг/м
3
-тен тӛмен, металдық 
минералдардікі 5•10
3
кг/м
3
-тен жоғары. Тығыздық шамасына қарай:
- жеңіл (тығыздығы 3•10
3
кГ/м
3
-тен тӛмен), 
- орташа (тығыздығы 3-4•10
3
кГ/м
3
),
- ауыр (тығыздығы 4•10
3
кГ/м
3
-тен жоғары) болып ажыратылады. 
Тығыздық минерал қҧрамындағы элементтерге, кристалдық тордағы 
элементар бӛліктердің қалану тығыздығына байланысты. 
Кейбір минералдар жоғары тығыздықтары бойынша тез анықталады 
– барит 4,6, церуссит 6,5. 
Ең жоғары тығыздық – алтын, кҥміс, платина тобына жататын 
минералдар. 
Минералдард
ың 
механикалық 
қасиеттері
Минералдарға 
белгілі бір 
механикалық 
әсер еткенде 
(ҧру, тырнау, 
қысу, созу) 
олардың 
сыртқы 
пішіні мен 
тҧтастығыны
ң ӛзгеруі
механикалық 
қасиеттерге 
жатады. 
Жымдасты
қ
Минерал кристалының белгілі бір кристаллографиялық жазықтар 
бойынша жарылуы.
Кейбір минералдарға шпат сӛзін тіркеп жазады. Мысалы, дала 
шпаты, балқыған шпат, ауыр шпат, Исландия шпаты. Шпат сӛзі 
грекше тақта деген сӛз. Осы аталғаң минералдардың сыну беті яғни 
жымдастығы тегіс. Сондай ортоклаз, плагиоклаз аталатын 
минералдар бар, грекше орто - тік, плагиос - қиғаш, клаз - сыну, 
жарылу деген сӛз. Бҧл минералдарға ат олардың жымдастық 
сипатына қарай берілген.
Минералдар кристалының жымдастық дәрежесі бес тҥрлі болады. 
I. Аса жетілген жымдастық – кристал жіңішке пластинкаларға 
бӛлінеді, және оның беткейлері айнадай болады – слюда, гипс.
2. Жетілген жымдастық – кристал әр жерлерінде белгілі бір бағыттар 
бойынша бӛлінеді (сынады) беткейі тегіс болып келеді, дҧрыс емес 
сынғыштығы сирек болады – кальцит, галит, галенит. 
3. Орташа жымдастық – сындырған кезде тегіс беткейлер және тегіс 
емес беткейлер пайда болады – далалық шпаттар, мҥйіз талшық .
4. Жетілмеген жымдастық. – сындырған кезде тегіс беткейлер сирек 
кездеседі, кӛбінесе тегіс емес сынғыштығы пайда болады – берилл, 
апатит. 
5. Аса жетілмеген жымдастық – жымдастығы жоқ жеуге болады, 
сынғыштықтын беткейі тегіс емес – кварц, касситерит. 
Жымдастыққа ие емес немесе жетілмеген жымдастыққа ие 
инералдар сынғыштықтың (излом) тегіс емес жазықтықтары 
бойынша бӛлінеді. 
Осындай сынғыштықтардың сипаты бойынша келсі тҥрлер бар: 
- тегіс емес (неровный) – саф кҥкірт, апатит, касситерит; 
- баспалдақ тәрізді – далалық шпаттар; 
- тікенді (занозистый) – актинолит, тремолит; 
- бақалшы тәрізді (раковистый) – кварц, халцедон, опал; 
- ілмекті (крючковатый) – саф элементтер – алтын, кҥміс, платина. 
Қаттылық
Минералдың сыртқы механикалык кҥштің әсеріне қарысу дәрежесі 
қаттылық деп аталады.
Минералдардың қаттылық дәрежесін анықтайтын шкала ретінде он 
минерал қабылданған. Бҧл шкаланы алғаш ҧсынған неміс ғалымы 
Моостың атына байланысты Моос шкаласы немесе қаттылықтың 
минералогиялық шкаласы деп атайды. Бҧл шкаладағы ең жҧмсак 
бірінші нӛмірлі минерал, ал ең қатты оныншы нӛмірлі минерал. 
Мҧнда әрбір ҥлкен нӛмірлі минерал ӛзінің алдындағы кіші нӛмірлі 
минералдардың беттерін сызып оларға дақ тҥсіреді. Сондай минерал 
нӛмірлерінің ӛсу ретінде сәйкес әрбір кішілеу немірлі минералдарды 
бҧлардың соңындағы улкен нӛмірлі минералдардың кез келгені 
сызып із тҥсіреді. 
Эталондық Моос шкаласының минералдары мыналар:
1. Тальк Mg
3
[Si
4
O
10
] (OH
2
);
2. Гипс Са [S0
4
] • 2H
2
0;
3. Кальцит Са[СОз];
4. Флюорит Са Ғ
2
; 


21 
5Апатит Са

[Р0
4
]
3
(Ғ, Сl, ОН);
6. Ортоклаз K[AlSi
3
0
8
];
7. Кварц Si0
2
;
8. Топаз Al
2
[Si0
4
] (F,ОН)
2
;
9. Корунд А1
2
0
3
;
10. Алмас С.
Мҧндағы шкаланың реттік саны минералдық каттылық саны болып 
табылады. Моос шкаласы боямаған жағдайда кейбір заттарды 
қолдануға болады. Мысалы, шынының қаттылығы 5, болат 
пышақтың жҥзінің қаттылығы 5,5—6. Минерал анизотропты зат 
болғандықтан оның қаттылығы әр бағытта тҥрліше болады. Мысалы, 
дистеннің ҧзынша кристалының бойлық бағыттағы қаттылығы 4,5, 
ал кӛлденең қысқа бағытта қаттылығы 6,5. Графиттін ҧзынша 
пластинка бағытындағы қаттылығы 1, ал кӛлденең бағытта 5-ке 
дейін жетеді. Қаттылық минералдың басты диагностикалық қасиеті 
болып саналады және атомдардың химиялық байланысының 
тҧрақтылығын кӛрсетеді. Қаттылыққа химиялық байланыстың тҥрі 
әсер етеді. Коваленттік байланыстағы минералдар ӛте қатты (алмас), 
қабаттары ӛзара босаң ван-дер-ваальстік байланыстағы минералдар 
ӛте жҧмсак (графит), иондық байланыстағы минералдар қаттылығы 
орташа не тӛмен (ас тҧзы), сулы минералдар аса жҧмсак (тальк, гипс) 
келеді. 
Оптикалық 
қасиеттер
Минералд
ың тҥсі
Минералдар әртҥрлі тҥстер мен реңктерге ие болады. 
Минералдардың белгілі бір тҥстерге ие бола алады,олар арқылы 
минералды қатесіз анықтауға болады: қызыл киноварь, алтынды 
пирит, жасыл малахит, кӛк лазурит. 
Басқа минералдар әртҥрлі т.стерге ие бола алады. Мысалы турмалин 
– қара, алқызыл, жасыл, тҥссіз. Кейде турмалин бірнеше тҥсті 
болады – бір жағы алқызыл, ортасы ақ, басқа жағы жасыл. Осындай 
турмалиндер полихромды деп аталады.
Минералдардың тҥсі олардың ішкі қҧрылысынан, механикалық 
қоспалардан және элемент-хромофорлардан тәуелді болады.
Элемент-хромофорлар (бояу тасмалдаушы): Cr, V, Ti, Mn, Fe, Ni, Co, 
Cu, U, Mo ж.т.б. 
Мысалы Cu малахитта болса ол минералдын ӛзіндік тҥсіне әсер етеді 
–жасыл, ал Mn
2+
радонитта болғандықтан оның тҥсі алқызыл.
Элемент-хромофорлар қоспалар ретінде болады, мысалы Cr 
изумрудта (бериллдың алуан тҥрлігі) жазыл тҥсті шығарады, 
рубинде (корундтың алуантҥрлігі) және пиропта(грантат тобына 
жататын минерал) қызыл тҥсті.
Минералдардың келесі тҥстері (бояулары) бар (А.Е. Ферсман) 
1. Идиохроматикалық бояулар (грекше «идиос» ӛзіндік) – 
хромофорлардың болуымен немесе қҧрылымдық факторлардың 
әсерінен пайда болады, мысалы минерлдың қҧрылысындағы 
ақаулардың (дефект) болуы. 
2. Аллохроматикалық бояулар (грекше «аллос» басқа, бӛгде) – 
механикалық қоспалардың болуы нәтижесінде пайда болады, 
кӛбінесе басқа минералдардың микроқоспалар. 
3. Псевдохроматикалық бояулар (грекше «псевдос» ӛтірік, жалған) 
– жарықтың шашырануымен байланысты. Қҧлпырма 
(побежалость), иризация, опалесценция. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет