18
Конрад беті (ағылш. Conrade discontinuity) - сейсмикалық толқындардың ӛту
жылдамдығын арттыру
бойынша анықталатын жер қыртысының гранит (жоғарғы) және базальт (тӛменгі) қабаттарын бӛлетін шартты
шекара. Конрад беті арқылы ӛту кезінде бойлық сейсмикалық толқындардың жылдамдығы секіру тәрізді
шамамен 6-дан 6,5 км/с дейін артады. Кейде, керісінше, жылдамдық ӛсуінің бірнеше беті байқалады.
Конрадтың беті 15-20 км тереңдікте континентальды қабықтың әртҥрлі аудандарында кездеседі,
бірақ
мҧхиттық қабықтың астында жоқ.
Жер қыртысының жоғарғы бӛлігі қатпарларға жиырылып, жарылымдармен қиылған және тӛм. сатыда
метаморфталған шӛгінді, терригенді және магмалық тау жыныстарынан қҧралған. Қалыңдығы платформаларда
1 — 2 км, терең ойыстарда 10 — 20 км жетеді. Шӛгінді
қабаттың астында салмағы жеңіл, гранит пен
гнейстерден тҥзілген шӛгінді қабаттың жыныстарымен алмасып отыратын гранит-метаморфты қабат
орналасқан. Гранит қабатының қалыңд. жазықтар астында 15 — 20 км, тау жҥйелері табанында 15 — 50 км-ге
дейін. Мҧхиттар тҥбінде граниттік қабат ӛте жҧқа, не мҥлде болмайды. Граниттік
қабат Конрад бетімен
шектеледі. Жер қыртысының ең тӛменгі бӛлігінде базальт, габбро және кҥшті метаморфтануға (метаморфизмге)
ҧшыраған шӛгінді жыныстардан қҧралған базальт қабаты орналасқан. Жер қыртысының аралық типтері:
субмҧхиттық жер қыртысында шӛгінді жыныстар мҧхиттық жер қыртысындағыдан қалың болады;
субконтиненттік жер қыртысы жҧқа болады әрі граниттік қабат анық байқалмайды. Геофизикалық деректер
бойынша, Қазақстандағы жер қыртысының қалыңдығы Тҧран тақтасы, Каспий маңы ойысында 35 — 45 км,
Тянь-Шань, Таулы Алтайда 45 — 50 км, Орт. Қазақстанда 50 — 55 км. Жер қыртысының ҥнемі дамып ӛзгеруі
нәтижесінде геосинклинальдар сияқты қозғалмалы аймақтар платформаларға айналады.
Жер қыртысының
дамуының басты себептері — Жердің аса терең қабаттары мен жоғарғы мантиясы арасында ӛтетін процестер.
2. Жер қыртысының химиялық қҧрамы.
Жер қабатының химиялық қҧрамы тау-кен процестері кезінде жер бетіне шығатын, сондай-ақ тау-кен
қазбалары мен терең бҧрғылау ҧңғымаларынан Алынған тау жыныстары мен минералдарының кӛптеген
ҥлгілерін талдау нәтижелері бойынша анықталды.
Ол тау жыныстарының қҧрамына кіретін химиялық элементтерден тҧрады.
Жер қыртысында 46
элемент кеңінен таралған, оның ішінде 8—і 97,2-98,8% - ды, 2-і (оттегі және кремний) -
75% - ды қҧрайды.
Жер қыртысының (16 км тереңдікке дейінгі аралықты қамтитын) химиялық қҧрамы жӛніндегі алғашқы
ғылыми еңбектің авторы — американ ғалымы
Ф. Кларк (1889) болды. Ол ӛз еңбегінде әр тҥрлі тау
жыныстарының алты мыңға жуық ҥлгілерін
талдай отырып, олардың қҧрамының арифметикалық орта шамасын
есептеп шығарды. В. Е.Ферсман Ф. Кларктың зор еңбегін ӛте жоғары бағалай отырып,
жер қыртысында
кездесетін х
имиялық элементтердің орта шамасын ―
кларк мөлшері” деп атауды ҧсынды. КЛАРК –
химиялық элементтердің орташа шамасы.
Біздің елімізде жер қыртысының химиялық қҧрамын зерттеу жҧмыстарымен айналысқан кӛптеген
ғалымдардың ішінен В. И. Вернадский, А. Е. Ферсман, В. Г.Хлопин, А. П.
Виноградов, А. А. Ярошевский
есімдерін ерекше атап ӛтуге болады.
Тӛменде берілген 1-кестесінен жер қыртысында кең таралған химиялық элементтердің орта сандық және
сапалық мӛлшерімен танысуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: