92
Морфография - (гр. morphe -пішін+graphy - бейнелеу, суреттеу) рельефтің сыртқы бейнесін, оның пішінін
бейнелеу. Морфометрия (гр. morphe -пішін+метрио -ӛлшеу) рельефке сандық сипаттама беру, морфометриялық
тәсілмен белгілі геоморфология аймақтарының рельеф пішіндерін ӛлшеу; олардың ҧзындығын,
енін, биіктігін,
тереңдігін және рельефтің тілімделу жиілігін аныктау арқылы жҧзеге асады. Морфометриялық мәліметтер
кӛбіне топографиялық және әуе-ғарыш материалдарын талдау нәтижесінде алынады. Жҥргізілген ӛлшеулер мен
есептеулер негізінде арнайы морфометриялық карталар жасалынады. Морфометриялық мәліметтер әсіресе жол
қҧрылыстарын жобалауға, эрозияға қарсы кҥрес шараларын белгілеуге, мҧнайлы- газды тектоникалық
қҥрылымдарды іздестіруге қажет.
Рельеф пішіндері ӛздерінің мӛлшеріне қарай тӛмендегідей топтарға бӛлінеді:
а) рельефтің планеталык пішіндері, 6) мегапішіндер, в) макропішіндер, г) мезопішіндер, д) микропішіндер, е)
нанопішіндер
Планеталык пішіндер жер бетінің жҥздеген мың, тіпті миллиондаған шаршы километр ауқымын қамтиды.
Буларга мынадай планеталық пішіндер жатады: 1) материктер; 2) геосинклинальды белдеулер; 3)
мұхит тҧбі
(тӛсеніші); 4) орта
мұхитгық жоталар.
Материктер - жер бетінің ең ірі дӛңес пішіндері. Бҧлар жер қыртысының материктік тҥрінен қҧралады және
олар қҧрлық аймағының кӛп бӛлігін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: