жайылма деп атайды. Аласа жайылманың биіктігі 0,5-2 м, ал биік жайылманың биіктігі 2-3 м-ден 5-6 м-ге дейін
барады, ені жазықтағы ӛзендерде әр тҥрлі - бірнеше ондаған метрден бірнеше километрге дейін жетеді.
Жайылманың беті тасыған сумен әкелінетін салындылармен жабылып ӛзгеріп, жаңарып тҧрады. Жалпы
жайылма бетінің жазық-тегіс болуына қарамастан, ол әр тҥрлі микро- және мезопішіндермен кӛзге тҥседі. Оның
ҥстіне ескі арнаның орақ тәріздес бӛліктері, кӛлдер, кӛлшіктер, батпақтар, қҧм жалдары, ҥйінділер, конустар,
жыралар, сала тармақтары жиі кездеседі. Жайылманың морфологиялық жіктемесін алғашқы рет В.Р.Вильямс
жасап, кейін Р.А.Елековский (1935) тҥзетті. Тӛменде жайылмалардың негізгі тҥрлері қаралады.
Сегментті жайылмалар (сегментные поймы) меандрланған ӛзендерге тән, яғни ӛзендердің меандрлану
процестерінен пайда болған аңғардың бірнеше бӛлікшелерге - сегменттерге бӛлінген тҥрі. Сегментті
жайылмалар арнаның біресе сол, біресе оң жағында орналасқан. Олар жайылма алқалар деп аталынып, негізінде
ҥш бӛліктен - арна бойындағы, орталық және терраса маңындағы жайылмалардан тҧрады.
Арна бойлық жайылма, аласа қҧмды ӛзеннің жағасындағы жаңадан қҧралған жайылманың бір бӛлігі.
Жайылманың орталық бӛлігінің ҥсті тегіс немесе сәл белесті болып, қҧмды жалдармен кӛмкеріледі. Бҧл жалдар
арна бойы параллельді қалыптасып жайылмалы аллювиімен жабылған.
Террасамаңы жайылма аңғардың байырғы жағасына немесе террасаларға жақын қалыптасқан. Бҧл аңғардың ең
кӛне және тӛмен бӛлігі. Кӛбіне батпақты болып кейде кӛлшіктер алқасын қамтиды.
Жалды жайылмалар (обвалованные поймы) ӛзеннің тҥзу бӛліктерінде, арнаның екі жағында малтастардан,
қҧмнан қҧрылған жалдардан тҧрады. Мҧндай жайылмалар тау етегінде кӛлбеу жазықтықтардың ҥстінде
дамыған ӛзендерде пайда болады. Таудан шыға берісте ағын жылдамдығының кенет тӛмендеуіне байланысты
кӛптеген тасымалданған материал бірден шоғырлана бастайды. Арнаның екі жағынан қалыптасқан қҧмды
жалдармен қатар оның тҥбі де кӛтеріле береді. Нәтижесінде ӛзен арнасының деңгейі қоршаған жазықтың
деңгейімен салыстырғанда биіктеу болып қалады. Кӛктемгі су тасу кезінде судың біраз бӛлігі жалдарды бҧзып,
кейін арнаға қайта алмай едәуір аумаққа жайылып кетіп, ҥлкен тасқын су тҥзеді. Соңында кӛл, батпақ, су
тармақтары және т.б. пайда болып, лайлы материал тҧнып қалады.
Параллельді-жал тәрізді (параллельно-гривистые) жайылмалар кең ауқымды ҥлкен ӛзен аңғарлары бойында
қалыптасады. Олардың пайда болуы кориолис кҥші немесе жаңатектоника әсерінен ӛзеннің тҧрақты тҥрде бір
жаққа ығысып, бір-біріне параллельді жалдардың тҥзілуіне байланысты. Кейде жал аралық ойпаңдарда арна
бойымен созылған кӛлшік тҥзілімдер қалыптасады. Параллельді-жалтәрізді жайылмалардың сегмент
жайылмалармен салыстырғандағы айырмашылығының бірі - олар аңғардың тек бір жағында ғана орналасады.
Ӛзен жайылмалары ауыл шаруашылығында кең қолданылады, олар жалпы шабындық ретінде, бақша
дақылдарын және басқа ӛсімдікті ӛсіру ҥшін пайдаланылады.
В.В.Ламакин аллювийлік шӛгінділерін, олардың динамикалық қалыптасу тҧрғысынан инстративтік, перстративтік және констративтік аллювий деп бӛлді.
Инстративтік аллювий ӛзеннің бойлық кескінінің қалыптастырмаған жағдайларында, бҥйірлік эрозия тереңдік
эрозиямен қоса жҥрген кезде тҥзіледі. Оны тҥпкі тау жыныстарынан қҧралған, кейде шамалы кҥрделенген,
аңғардың қҧламалы бойлық бейнесі дәлелдейді. Аңғардың дамуының бҧл кезеңінде борпылдақ материалдың
кері балансы байқалады, демек ӛзенге ағындылардың тасымалдау мӛлшерінен аз мӛлшерлі аллювийлік
материал келіп тҥседі. Инстративтік аллювий, ірі сынықты тау жыныстарымен, яғни арналық фациямен
сипатталып, негізінде эрозиялық террасаны қҧрады.
Перстративтік аллювий ӛзеннің қалыптасқан немесе жартылай қалыптасқан бойлық кескін жағдайларында
тҥзіледі, яғни ӛзенге келіп тҥсетін және ӛзеннен ағып шығатын борпылдақ материалдардың мӛлшері бір-бірімен
динамикалық тепе-теңдікте болады. Меандрлардың еркін ығысу жағдайларында ӛзен салындыларын жуып-
шайып, ӛңдеп қайта шӛгеді. Аңғардың кӛлденең қимасында перстративтік аллювийдің табаны біркелкі тегіс
137
болып ерекшеленеді. Перстративтік аллювий әдетте бірқалыпты қалыңдықта кездесіп, эрозиялық-
аккумуляциялық террасаны қҧрайды.