Констративтік аллювий едәуір қалыңдығымен, қимасында аллювийдің арналық, жайылмалық және ескіарна
(кӛлдік) фацияларының бірнеше рет қабаттасуымен және аллювийлік материалдың бірінің ҥстінде – бірі
ҥстемеленуімен сипатталады. Констративтік аллювийдің қалыптасуы негізінде жер қыртысының тӛмен
тҥсуімен немесе белгілі бір физикалық-географиялық жағдайларында аллювийлік материалдың шегінен аса
шӛгуімен жҥзеге асады.
Ӛзен террасалары мен олардың тҥрлері
Террасалар (лат. terra – жер, фр. terras) – ӛзен аңғарларының бір жағында немесе екі жағында ондаған
немесе жҥздеген километрге созылған, саты тәрізді орналасқан ҥлкенді-кішілі алаңдар. Олар ағын судың шаю
және аллювийлік материалының тҧндыру нәтижесінде қалыптасқан. Жалпы айтқанда террасалар ӛзеннің
бҧрынғы жайылмалары, бҧл ӛзеннің бҧрынғы кезде жоғары деңгейінде аққанын кӛрсетеді.
Ӛзен террасаларының пайда болуы ӛзен аңғарларының оралымды (циклды) дамуына байланысты. Ӛзен
аңғарлары дамуының екі кезеңі (сатысы) байқалады. Алдыңғы жас кезеңінде тҥпкі эрозия басым, аңғар тар, тік
жағалаулы болады. Кейінгі жетік сатысында аңғар жайылымы кеңейіп, оның кӛлденең кескіні жәшік пішіндес
болады. Ӛзеннің эрозин базисі (теңіз, кӛл деңгейі) тӛмен қҧлдыраған кезде аңғар эрозиясы қайтадан жаңғырады
да табанын жырып, тіліп, шайып, кеңи бастайды. Эрозия базисінің ӛзгеруі жер қыртысының тектоникалық
қозғалыстарына байланысты. Тектоникалық қозғалыстар баяу болған кездерде аңғардың бедер пішіндері
жазықтанып, бҥйірлік эрозия басым болады, нәтижесінде тҥбі жазық кең аңғар тҥзіліп, аллювий шӛгеді. Қҧрлық
жоғары ӛрлесе немесе эрозия базисі ылдиланса, соған бейімделіп, ӛзен жаңадан аңғар тҥбін жарып, шайып,
жаңа бойлық кескінін жасай бастайды. Ол тепе-теңдік сызыққа жеткен соң қайтадан бҥйірлік эрозия жанданып,
аллювийлік материал жиналады. Осыдан келіп гипсометрлік тӛмен бетте аңғардың тҥбінде жаңа жайылма
тҥзеледі, бҧрынғы жайылма кертпештен биік жазық алаңды, яғни террасаны қҧрайды. Осы оралымдар
(циклдер) бірнеше рет жаңарып тҧрса, әр ретте саты-саты кертпештенген жазық алаңдар тҥзеді де, оларды аңғар
террасалары дейді (С.Бәкіров, 1990).
Аңғарлардың әр оралымы (циклі) су ағынының ӛз табанын тіліп, шайып, жыртуынан басталып, жаңа аллювий
шӛгінділер қалыптасуымен аяқталады. Сӛйтіп дамыған аңғар соңында кӛп кертпештермен бӛлінген
террасалардан қҧралады. Әрбір кертпеш және одан тӛменгі алаң ӛзеннің эрозиялық бір оралымына сай келеді.
Террасалар пайда болуының келесі себебі - климат ауытқуына және оған сәйкес жауын-шашынның молаюына
байланысты. Ӛзен ағысының кҥші судың массасына тәуелді екені белгілі. Егер ӛзен алабында климат
ылғалданса, ӛзеннің суы кӛбейіп оның эрозиялық шаю мҥмкіншілігі арта тҥседі. Бҧрын қалыптасқан ӛзеннің
шаю кҥші мен шайылуға ҧшыраған тау жыныстарының кедергі кҥші арасындағы тепе-теңдік бҧзылады.
Ӛзеннің режиміне сәйкес жаңадан тепе-теңдік бойлық қимасын жасау ҥшін ӛзен ӛзінің аңғар тҥбін тереңдете
тҥседі. Нәтижесінде бҧрынғы жайылма судың ықпалынан шығып, аңғардың жағалау алаңшасына айналады. Су
ағынының тасымалдауы және оның эрозиялық мҥмкіншілігі ӛзенні су шығынымен салыстырғанда жылдамырақ
ӛседі, сондықтан тереңдік эрозияның қарқындылығы ӛзен ағысының бағытына қарай ҧлғая береді. Ӛзеннің
қҧйылыс сағасында тереңдік эрозия эрозиялық базистің деңгейімен шектеледі, сондықтан эрозияның ең
жоғарғы шегі ӛзеннің орта бӛлігінде байқалады. Бҧл жағдайда керме (хорда) типті терраса пайда болады
(О.Леонтьев, 1988.) Әдетте террасалардың ең биігі – ең кӛнесі, ең тӛменгісі – ең жасы болып табылады. Оларды
есептеу тӛменнен жоғары қарай, яғни жайылмадан жоғары 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші жайылма ҥсті терраса деп
нӛмірлейді. Әр ӛзен террасасы келесі бӛлімдерден қҧралады: терраса ҥсті (жазық алаң), оның кертпеші,
кертпештің жоғарғы жар қабағы (бровка террасы), келесі жоғарғы кертпеш етегімен ҧласқан террасаның
сыртқы жапсар сызығы (тыловой шов террасы), терраса етегі (подошва террасы) – терраса беткейінің
(кертпештің) тӛменгі жақтағы террасамен немесе жайылманың ҥстімен ҧласқан сызығы (4-сурет). Терраса
алаңы (ҥсті) аздап ӛзен ағысы мен ӛзен арнасына қарай еңіс келеді. Қалыптасу тегіне (генезисіне) қарай
террасалар аңғарлық (долинные) және жергілікті (локальные) террасаларға бӛлінеді.