Тегіс түпті жыра. Ҧзындығы ондаған метр, тереңдігі 3-8 м., тҥбі жайпақ, жыраның екі жақтағы жағасы тік.
Мҧндай жыра пайда болуына дейін астында су ӛтпейтін, сазды қабаттардың жер бетіне жақын жатқандығына
байланысты. Атмосфера жауын-шашыны лесс тау жынысын су ӛтпейтін қабатына дейін шаяды да және сол
деңгейде ағып, жыраның жайпақ тҥбін жасайды. Мҧндай жыралар таяз тереңдіктегі сазды қабаттар дамыған
жерде тау бӛктерінің тауаралық ойпаттарында пайда болады.
Сай тәрізді жыраның ҧзындығы 1 шақырымға дейін және одан да астам болады, тереңдігі 10-25 м. Жыраның
кӛлденең қимасының сипаты әр тҥрлі, оның жоғарғы жағы лесс топырағының қалыңдығына сәйкес тік,
жарлауытты, ал тӛменгі жағы жайпақтау келеді. Мҧндай жыралар жҧқа лесс қабаттарымен жабылған
малтатас тау жыныстарының эрозиялық тілімделуі нәтижесінде тау етегіндегі пролювиалдық жазықтардың
ҥстінде қалыптасады. Осындай жыралар суландыру далаларында қараусыз қалған каналдар мен арықтардың
орнында пайда болуы ықтимал. Мысалы, Алматы маңындағы Ақсай ӛзенінің қҧйылысы тҧсында суар-
малы судың әсерінен 30 жылдың ішінде канал бойында осындай жыра тҥзілді.
Ернеу (карниз) тәрізді жыра - ӛзен аңғарының екі жағаларында кездеседі (Алматыдан шығысқа қарай 220
километр жердегі Шарын аңғарында), ол ӛте кҥрделі тҥрде ыдырап, жыралы-сайлы торап қҧрайды. Кӛбінесе
бҧлар тереңдігі 30-50 м дейінгі сайлар. Олар бір-бірімен кезектесіп жазық бағытта астасқан
малтатас қҧмдар, саздар қабаттарының дамыған аймақтарда болады. Мҧндай кҥрделі жыралы лабиринттердің
болуы таңбалы денудация немесе қҧрғақ климат, ӛсімдіктер мҥлдем жоқ, немесе ӛте сирек кездесетін
жағдайларына байланысты, қатты нӛсер жауған кезде, тасқын судың шаю кҥші мейлінше жаңғыра тҥскен
кездерде пайда болады. Сондықтан жыралардың екі жақ беткейі карниз, діңгек, кҥнқағар тҥрінде кездесіп, таң
қаларлық архитектуралық әшекейлерді елестетеді. Жергілікті халық бҧл жерді ―қорғанды қамалдар аңғары‖
(долина замков) деп атап кеткен. Аңғардың ҧзындығы – 2 км, ені – 20-30 м. Каньонды аралап жҥріп алуан
тҥрлі таңғажайып кӛріністерді кӛруге болады. Миллиондаған жылдар табиғаттың ӛзі осынау ҧлы қорған
қамалдар сияқты қайталанбас сәулет ӛнерін дҥниеге әкелген. Жыра эрозиясы – халық шаруашылығына елеулі
зиян келтіретін табиғи апат [Сурет-67]. Олар ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлерді яғни
егістікті, бау-бақшалар орындарын істен шығарады да, ӛңдеуге жарамайтын аймақтарға айналдырады. Сонымен
қатар, жыралар тҥрлі қҧрылыстарға залал келтіріп жолдарды бҧзады. Жыралардың ӛсу жылдамдығы су
ағынының қуаттылығы мен шайылатын тау жыныстардың сипатына байланысты жылына 0,5-1м-ден 2-3м-ге
дейін болады. Жыралар кӛбінесе лесс тәрізді топырақтар тҥзілген аймақтарда кеңіен таралған. Бҧл ӛңірлерде
жыра эрозиясы адамның шаруашылық әрекетінен, яғни оларды шамадан тыс жыртқаннан, егіс
айналымы дҧрыс болмағандықтан, шектен тыс мал жайғаннан пайда болады.
126
Сурет-67 . Жыралық эрозия (Land resources in the loess plateau of China, 1986)
Жыра эрозиясымен қарсы кҥрес жҥргізу ҥшін алдын ала сақтандыру әрекеттеріне назар аудару керек. Кӛптеген
халық шаруашылық жҧмыстарына (гидротехникалық қҧрылысында, суландыру жҥйелерінде, жол және басқа
ӛндіріс қҧрылысында) эрозияға қарсы шараларды зерттеп жҥзеге асыру және қолдану қажет.
Мҧндай жағдайда ең алдымен, беткейлерде ӛсіп тҧрған орман-бҧтақтарын кесіп және шӛпті тақырлап шабуға
болмайды. Ал екінші шаралар табиғатта бар жыралармен кҥресу. Бҧл ҥшін жыралардың ҧлғаюын тоқтату ҥшін,
олардың бастау жағына кӛң және қиыршық тастар тӛгіп, ҥстіне шӛп егеді. Кейбір жағдайда жыралардың тҥбіне
және беткейлеріне шым тӛсеп, орман-бҧталар және басқа да ӛсімдікті ӛсуіне жағдай жасау қажет.
Сел қҧбылыстарының бедер қҧрудағы орны
Қуаңшылық аймақтарда кҥшті нӛсер жауған кездерде немесе кӛктемгі қар еруі кезінде таудан жылдам аққан
мол су жол-жӛнекей жиналған борпылдақ материалды ағынымен ала кетіп, "сел" деп аталатын су тасқынына
айналуы ықтимал. Сел – қауіпті табиғи қҧбылыс, онымен тіпті қазіргі заманғы техникалық қҧралдарды
пайдалана отырып кҥресудің ӛзі ӛте қиын. Су тасқындары тҧрғын халыққа, ауыл шаруашылығына, ӛндіріс
объектілеріне кҥні бҥгінге дейін зор зиян тигізіп келеді.
Сел (араб сили муры – жойқын тау тасқыны) – таулы аудандарда нӛсерлі жауын-шашынның әсерінен және қар
мен мҧздықтардың ӛз мӛлшерінен жаппай артық еруі нәтижесінде туындаған және тас аралас саз-алшықтардың
таудан шағын ӛзенше аңғарлары мен жылғалар бойымен ағыла қҧлаған тау тасқыны. Сел қҧбылысы кӛбіне қуаң
климатты биік таулы ӛңірлерде байқалады [Сурет-68]. Ол морена ҥйінділері арасындағы шҧңқырларда қалған
шағын кӛлдердің суы немесе ӛзен арнасының бітелген жеріне жиналған су ӛз шарасынан аса толуы себебінен
пайда болады да, одан әрі дамып, тӛмен лықсып, жолындағы борпылдақ шӛгінділерді ысырып, ірі кесек тау
жыныстарын қирата, талқандап, ағаштарды тҥбірімен қопарып, жол-жӛнекей салмағы бірнеше тонналық
тастарды қоса ағызады. Ылдилаған сайын сел ағысының жылдамдығы ҧлғая тҥседі. Сел қҧбылыстарының
жалпы ҧзақтығы (ондаған минуттан бірнеше сағатқа дейін) ӛзеннің ҧзындығына, арнасының еңістігіне
және ағынның жылдамдығына байланысты. Ағу жағдайына қарай сел турбуленттік және қҧрылымдық болып
екіге бӛлінеді. Турбуленттік сел жалпы сҧйық заттардың қозғалыс заңына байланысты кӛбінесе ӛзен арнасы
бойымен ағады.
Қҧрылымдық селдің қҧрамында сынықты тау жыныстары басымдау болғандықтан біркелкі ақпай, толқынды
тҥрде жҥреді. Мҧнда борпылдақ және сынықты таужыныстарының мӛлшері кейде тасқын массасының 75%-ға
дейінгі мӛлшерін қҧрайды. Кейбір жылжыған жеке тастардың салмағы 10 тоннаға дейін жетеді. Сел
тасқынындағы 1 м3 сҧйық мӛлшеріне 100 килограммдай лайлы-тасты қосындылар сәйкес келеді. Сел Батыс
Еуропа, АҚШ, Жапония, Оңтҥстік Америка, Ҥндістан (Гималай), Қытай (Қарақорым), Ауғаныстан (Гиндукуш)
таулы ӛңірлерінде кӛбірек байқалады.
127
ТМД елдерінде Кавказдың, Орта Азияның, Қазақстанның, Қарпаттың және Сібірдің таулы аймақтарында
болады.
Сурет-68 . Кіші Алматы ӛзенінің бастауындағы Тҧйықсу мҧздығы. Алдыңғы қатарда мореналық
кӛл суының жарып ӛткен тҧсынан басталған сел қҧбылысының ошағы (Суретті тҥсірген
Ю.Б.Виноградов)
Қазақстандағы Іле және Жоңғар Алатауында, Қаратау, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларында сел қҧбылыстары
жиі болып тҧрады. 1887 жылы Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) кҥшті жер сілкінуден болған сел
әрекетінен Іле Алатауының солтҥстік етегіне жоғарыдан 440 млн.м
3
лайлы-тасты борпылдақ тау жыныстары
ысырылып әкелінген. 1921 жылы 8 шілдеден 9-на қараған тҥнде Кіші Алматы ӛңірінде кҥшті сел жҥрді. 8
шілдеде Алматы қаласына тҥскен жауын-шашынның мӛлшері 23,7 мм-ге, 1700 м биіктіктегі таулыӛңірлерде 72
мм-ге жеткен. Жауынның басталғанынан 45 мин. ӛткен соң 1700 м биіктікте сел басталып, бірте-бірте тасқынды
селге айналып, тӛмен қуалай аққан. Бҧл жолғы сел тасқынының биіктігі 4-5 метрге дейін жеткен.
1956 жылы 7 тамыздағы жҥрген сел кезінде Кіші Алматы ӛзенінің су шығыны 500 м3/сек жеткен. 1963 жылы
шілдедегі бірнеше кҥнгі ыстықтың салдарынан тау басындағы қар мен мҧздықтың қарқынды еруі 7 шілде
айында
128
Ҥлкен және Кіші Есік кӛлінде лайлы-тасты сел тасқынын тудырды. Есіктің жағасы бҧзылып, кӛл суы жойқын
селге айналды; 5 сағаттың ішінде екі кӛлдің суы лықсып тӛмен қарай тҥгелімен ағып бітті. Соңғы 50 жыл
ішінде Іле Алатауы ӛзендерінен алты дҥркін (1921, 1947, 1950, 1956, 1963 және 1973) кҥшті сел жҥрді [Сурет-
69].
Сурет-69 . Алматы қаласы Карл Маркс кӛшесіндегі сел тасқыны (1921 ж.)
Осыған орай сел апатынан қорғану ҥшін қауіпті жерлерге, каналдар, кӛпірлер, су бӛгеттері салынып, тау
беткейінде қар ҧстайтын ағаштар отырғызылды. Селді алдын ала болжау ҥшін белгілі аймақтардағы ӛзендер
алабының геологиялық, орографиялық және геоморфологиялық қҧрылысы, жер беті тау жыныстарының
қҧрамы, аймақтың климаты (ауа райының маусымдық режимі, жауын-шашынның тҥсу мӛлшері және жиілігі
зерттеледі). Алынған мәліметтердің қорытындысына байланысты селден сақтану шаралары жҥзеге асырыла
бастады. 1966 және 1967 жылдары Кіші Алматы ӛзенінде (Медеу тҧсында) селден қорғау бӛгеті салынды. Бҧл
бӛгеттің биіктігі 100 м, табанының ҧзындығы 600 м, бӛгет алдындағы су қоймасының сыйымдылық кӛлемі 6,5
млн. м3 шамасында жасалған. Осы бӛгет 1973 жылы 15 шілдеде болған кҥшті селді Алматы қаласына жібермей
тойтарды. Селдің бӛгетке жеткен кӛлемі 5,5 млн.м3-ге, тау жыныстары ҥйіндісінің биіктігі 60 м-ге дейін
жеткен. Қазіргі кезде бӛгет 145 м-ге дейін биіктетіліп, оның алдындағы су қоймасының сыйымдылығы 12 млн
м3-ге ҧлғайтылды. Сонымен
қатар мҧздықтар етегіндегі кӛлдер бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылды. Медеу бӛгетін салу мәселесіне
Қазақстанның белгілі ғалымдары мен мамандары қатысып, басшылық жасады. Аридті елдердегі тау
беткейлерінде басталатын уақытша су ағындарының материалы тау етегінде кең аумақты пролювийлік
жазықтарды қҧрайды. Бҧл жазықтар кӛптеген ысырынды конустардың бір-біріне жалғасуы арқылы
қалыптасқан. Тҧрақсыз ағынды сулар тау етегіндегі жазыққа жеткен кезде кӛп тарамдарға бӛлініп, олардың
ағыс жылдамдығы кенет тӛмендейді. Сол себептен кҥші кеміген ағынды су ӛзінің таудан ағызып әкелген тау
жыныс бӛлшектерін тау етегіндегі жазыққа кӛлбете шӛктіреді. Осындай тау бӛктерінде қалыптасқан тау
жыныстары жиынтығын ысырынды конус (конус выноса) дейді. Шӛгінділердің тасымалдау жолы біршама
қысқа болғандықтан пролювийді қҧрайтын кесектер қырлы және іріктелмеген болса да, оның тау
жақ бӛлігінде ірі жақпартастар мен шала жҧмырланған малтатастар жиналады.
Тау етегінен алыстаған сайын жазыққа қараған бетінде орташа және ҧсақ тҥйіршікті тастар – қиыршық тастар,
қҧм және қҧмдақтар шӛгеді. Ал, ағын су әрекеті баяулайтын ысырынды конустың сыртқы шегінде лесс және
леске ҧқсас шӛгінділер мен саздар жиылады. Еріген қар мен жауын-шашынның қарқыны әрдайым бірдей
болмайды. Сол себептен алдыңғы майда тҥйіршікті тасқын шӛгінділері келесі тасқынның ірі кесекті
материалымен кӛміледі. Керісінше, одан кейінгі жартымсыз тасқыннан олардың бетін ҧсақ тҥйіршікті
кейінгі шӛгінділер жабады. Сондықтан, ысырынды конустың қҧрамы ӛте кҥрделі қабаттылығымен
ерекшеленеді. Климаты қуаң Орта Азия мен Оңтҥстік және Оңтҥстік шығыс Қазақстанның тау-тӛбе бӛктерінде
әр жыра ағыны және тҧрақсыз ӛзен аңғараларының ысырынды конустары бір-бірімен жалғасып, тау етегінде
129
жиектей созылған біртҧтас белдеу тҥрінде кең кӛлбеу жазық тҥзеді. Ысырынды конусын қҧрайтын
шӛгінділердің аумағы айтарлықтай зор.
Алматы ӛзені бойымен ӛткен сел тасқынының Алматы маңындағы кӛлемі 2,5 млн. м3-ге жеткен. Қала
тҧсындағы пролювий қабатының жалпы қалыңдығы 100-метрге жақын. Тҧрақсыз ағын сулар әрекетінен
қалыптасқан ысырынды конустарымен басқа аридті ӛлкелерде қҧрғақ атырауларының шӛгінділерін ажыратуға
болады. Мҧнда тҧрақты ағын сулардың ӛздері де таудан шыға бере буланып, сулары ӛздерінің шӛгінділеріне
сіңіп, дереу қҧрып кетеді. Сондай ағыннан қалған ірі ысырынды конустарын "қҧр атырау" (сухая дельта) деп
атайды. Ал қҧрғақ ӛзен аңғарларын қазақтар "еспе" дейді. Осындай қҧр атыраулардың ҥстінде Жамбыл,
Әндіжан, Қоқан қалалары, Кавказдың кейбір тау етегіндегі қалалары ораналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |