Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет98/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

 
Сабақ №36 
Тақырып: Эрозиялық, аккумулятивтік, денудациялық, абразиялық бедер пішіндері. 
Жоспар 
1. Тҧрақты ағын сулардың бедер қҧру әрекеті. 
2. Эрозия және ӛзендердің кеңістіктегі дамуы 
3. Аңғарлардың морфологиялық элементтері. Ӛзен арнасы 
4. Ӛзен меандрлары, меандр тҥрлері 
5. Арнаның бойлық бейіні 
6. Ӛзен жайылмалары 
7. Ӛзен террасалары мен олардың тҥрлері 
8. Ӛзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық тҥрлері 
9. Аңғарлар ассиметриясы 
10. Ӛзен торларының тҥрлері 
11. Атыраулар 
Тҧрақты ағын сулардың бедер қҧру әрекеті. 
Эрозия және ӛзендердің кеңістіктегі дамуы 
Ӛзендер негізгі арнадан (русло) және оның тармақтарынан тҧрады. Олар әр қатардағы ӛзендер жҥйесін 
тҥзеді. Екі кішкене тармақ қосылып, екінші қатардағы тармақты қҧрайды, ал екінші қатардағы екі ӛзен тармағы 
қосылып ҥшінші қатардың тармағын кҧрайды. Осылай ӛзен тармағының тӛртінші, бесінші т.б. қатарлары 
қҧрылады. 
Ҥлкен ӛзен барлық тармақтарымен бірге қосылып ӛзен жҥйесін қҧрайды, ал белгілі бір аумақтағы ӛзендер саны 
сол жердің ӛзен торын (речная сеть) қалыптастырады. Олардың жиілігі аймақтың физикалық-географиялық 
сипатына, климатына, бедер жағдайларына, геологиялық қҧрылымы мен ӛсімдік жамылғысына байланысты. 
Ӛзеннің негізгі жер бедер қҧру факторлары: 1) ӛзен ағысы; 2) ӛзен ағысының жылдамдығы. Ӛзеннің ағысы мен 
шығыны жауын-шашынның мӛлшеріне және су жинау алабына тәуелді. Ал жекеленген ӛзендерді, ӛзен 
жҥйелерін су қорымен қамтамасыз ететін, сумен мейлінше қаныққан беткі жазықтықты, топырақты және тау 
жыныстарының белгілі бір қабатын біріктіретін ауқымды аймақты ӛзен алабы деп атайды. Ӛзен алабының 
ерекшелігі: оның аумағы бастаудан қҧйылысына дейін ӛседі, сондай-ақ су шығыны да кӛбейеді. Керісінше
суайрыққа жақындаған сайын ӛзен ағысы толық тоқтағанға дейін азаяды. Бҧл сипаттамалардың маңыздылығы 
мынада: ол кейбір геоморфологиялық мәселелерді, мысалы, суайрықтардың эрозия әрекетін, ӛзендердің бір-
біріне қосып алу қҧбылысын тау ӛлкесінің пенепленденуін т.б. негіздеуге және тҥсіндіруге мҥмкіндік береді. 
Кӛктемгі су тасқыны кезінде ӛзеннің су шығыны жоғары (максимальды) болады, сондықтан ол ӛзен арнасында 
орасан зор бҧзу жҧмысын жҥргізеді, ал су азайғанда оның жылдамдығы бәсеңдеп, бедер қҧру әрекеті де 
тӛмендейді. Ӛзен ағысының жылдамдығы оның еңістігіне байланысты. Еңістік – ӛзеннің қҧламасы (падение), 
оның ҧзындығына қатынасы. Ӛзеннің қҧламасы деп бастауы мен сағасының абсолюттік биіктіктері арасындағы 
айырмасын атайды.
Еңістік ӛлшемі ондық бӛлшектер тҥрінде немесе ӛзеннің қҧламалы (м/км), яғни промиль арқылы ӛрнектеледі. 
Мәселен, ӛзеннің орташа еңістігі 0,07% немесе 0,07 м/км делік. Әрине, ӛзеннің еңістігі неғҧрлым мол болса, 
соғҧрлым оның жылдамдығы жоғары болып, ӛзен ӛз арнасын мейлінше бҧзып эрозия әрекетіне ҧшыратады. 
Ӛзеннің бойлық жылдамдығымен қатар әр тҥрлі кӛлденең циркуляциялық ағыстары бар. Ӛзен иіні бӛлікшесінде 
ең алдымен ӛзен тҥбінің ағысы (донное течение) қалыптасады. Ол арнаның жар қабақ ойыңқы жағасынан 
жайпақтау келген шығыңқы жағасына қарай ағады, ал компенсациялық (орын толтыру) немесе беткі ағыс, 
керісінше, ӛзен бетімен арнаның шығыңқы жағасынан ойыңқы жағасына қарай ҧмтылады [Сурет-70]. 
Сӛйтіп ағын бойында судың кӛлденең циркуляциясы жҥзеге асады. Жоғарыда айтылып кеткендей, осындай 
ағынның кӛлденең циркуляциясынан басқа, ӛзеннің бойлық ағыны да бар. Бҧл екі ағын қосылып шиыршық 
тәрізді (спираль тәрізді) ағыс тҥзеді. Спираль тәрізді ағыс ӛзен бҧрылысында ең жоғарғы амплитудаға жетіп, 
біртіңдеп екі ӛзен иінінің ортасында оның қарқыны бәсеңдейді. Осыған байланысты ағын судың жылдамдығы 
бәсеңдегеннен кейін, екі иіннің ортасында аллювийлік материал жиналып, ӛзеннің саяз жері – қайраң (перекат) 
қалыптасады. Бҧдан тӛмен қарай спираль тәрізді ағыс кері айнала бастайды да, арна ағысы қайта дамып ӛзеннің 
келесі иреңінде ең жоғары болады. 


130 
Сурет-70. Ӛзеннің кӛлденең циркуляциясын және шиыршық тәрізді (спираль тәрізді ағысы) (М.Ж.Жандаев 
бойынша) 
Сӛйтіп, айтылған процесс жаңадан кайталанады. Ӛзен ағысының кӛлденең циркуляциясының пайда болуы 
нәтижесінде арна ағысының негізгі заңдылықтарының бірі –меандрлану қҧбылысы пайда болуының 
мҥмкіндігін туғызады. Нәтижесінде су ағынының әрекетінен арнаның ойыңқы жарлауыт жағасы қопа-рылып 
бҧзылады да, содан қалыптасқан топырақ бӛліктері ӛзен тҥбінің ағысымен шығыңқы жағада ҥйіліп, арна 
бойындағы малтатастан және қҧмнан қҧрылған арна бойы жалдар (прирусловые валы) қҧрады [Сурет-71]. 
Сурет-71. Ӛзен меандрларының қҧрылуы және жылжымалы желпеуіш тәрізді арнабойы жалдардың қалыптасуы 
(Е.В.Шанцер бойынша) 
Ӛзен ағысы ӛзінің ағу барысында арна айналасындағы тау жыныстарын бҧзып, ағызып әкетіп, жаңа ӛзен 
арнасын қалыптастырады, яғни арна эрозиясын тҥзеді. Басқаша айтқанда эрозия – тау жыныстары-ның су 
ағындары әсерінен шайылуы [Сурет-72]. 
Бҧл про-цесс ҥш тҥрлі әрекеттер нәтиже-сінде жҥзеге асуы ықтимал: 
1) турбуленттік ағыс кезінде су ауытқып, теңселіп, қҧйынша араласып ағады. Соның салдарынан ағыс бойында 
кӛтеру кҥшін туғызады, осы тасқын кҥш арна тҥбінен топырақ бӛлшектерін қозғап, айырып алып, ағыс 
бойымен тӛмен ағызып әкетеді; 
2) эрозия ағысы арна тҥбінде тікелей динамикалық әсер ету нәтижесінде жҥзеге асады. Ол тау жыныстары 
тҥйірлерінің ӛзен тҥбімен домалана тасымалдануына, сӛйтіп олардың ӛзен арнасының тҥбіне және жиегіне 
соққылана, тырмалана, ҥйкелене және қажалана орнынан ауыстырылып ағуына байланысты; 
3) эрозия судың қҧрамы мен температурасына қарай химиялық ыдырауына (еру, сілтілену және т.б.) 
байланысты. 
Осы процестер судың ҥдемелі ағуы нәтижесінде пайда болады.
Сондықтан эрозия тҧрақты қарқындылығымен және динамикалық ӛзгешелігімен сипатталады [Сурет-72]. 


131 
Сурет-72Ӛзен арнасының эрозиясы. Жоғарыда: Ӛзен арнасы жарлауытты жағасының эрозияға ҧшырап 
шайылуы. Тӛменде: жарлауытты жағасындағы тҧрғын ҥйдің қирауы. А – 1965 жылы, қаңтар айы, В – 1965 
жылы, наурыз айы (Edward J. Tabruck, Frederick, K.Lutdens, 1990). 
Эрозиялық әрекеті ағып жатқан судың кинетикалық энергиясы (тірі кҥш) арқылы жҥзеге асады. Эрозиялық 
әрекетінің ӛлшемі су массасы мен су жылдамдығы квадратының кӛбейтіндісінің жартысына тең: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет