142
Сурет-82
. Кӛмбе аңғар. Тоқырау аңғарының тӛменгі бӛлігіндегі геологиялық кескіні. 1 - қҧмдақтар; 2 – гравий
мен малтатастар аралас
әртҥйірлі қҧмдар; 3 – гипс аралас қызыл-қҧба саздар; 4 – бозғылт-жасыл саздар; 5 - тҥпкі тау жыныстары
(С.А.Қҧсайынов, 1965)
Ғалымдар осындай аңғарлардың пайда болуын кӛбінесе суға батып кеткен қҧрлықтағы ӛзен аңғарлары десе,
екіншілері оларды ӛзеннің су асты эрозиялық әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан деп есептейді.
Жалпы жер
бетінде аңғарлардың геоморфологиясын зерттеу сол жердің даму тарихын, яғни палеогеографиялық жағдайын
анықтауға пайдалы қазбалардың кен қорларын іздестіруге (әсіресе, шашылымдарды анықтауға),
гидротехникалық қҧрылыстар мен су электр станцияларын салуға, суару каналдарын жҥргізуге және басқа
инженерлік-қҧрылыстар тҧрғызуға керекті деректерді алуға жәрдемдеседі.
Аңғарлар ассиметриясы
Егер аңғар жағалары бір-бірінен биіктігі, террасалар саны және кӛлденең қимасының сипаты тҧрғысынан әр
тҥрлі болса, оны
аңғар ассиметриясы деп атайды. Бҧл жағдайда ҥш тҥсінікті айыра білу керек: 1) ӛзен, яғни
арна жағаларының ассиметриясы; 2) аңғар жағаларының ассимметриясы; 3) суайрықтар ассимметриясы. Олар
ӛзара тығыз байланысты. Алғашқыда аңғар мен арнаның жағалары біреу-ақ. Кейінірек ӛзеннің ағуының
нәтижесінде оның тҥбі кеңейіп жайпақтала береді. Бҧл кезде ӛзен арнасының жағасы аңғар
жағасымен сәйкес
келмейді. Аңғардың жағасы ӛзен жағасынан қашықтайды. Аңғар ассиметриясының пайда болуы туралы
кӛптеген теориялар бар. Оларды әдетте гидродинамикалық, планеталық, климаттық және геологиялық
қҧрылымдық себептерге жіктейді.
Гидродинамикалық теория. Ассиметрия ӛзен арнасының бір орыннан екінші орынға
ығысуы немесе
меандрлану нәтижесінде пайда болады. Шиыршық тәрізді ағын арнаның біресе бір жағына, біресе екінші
жағына аумақшып, ӛзен ирелеңдей тҥседі. Осы жағдайда әрқашан да арнаның ойыңқы жағасы жоғары әрі тік, ал
бҧлтық жағасы аласа әрі жайпақ болып, жағалау ассиметриясын қалыптастырады.
Бірақ жоғарыда айтылғандай,
арна жағасы-ның ассиметриясы аңғар жағасының ассиметриясына ҧдайы сәйкес бола бермейді. Және
меандрлану кезінде арнаның аласа және биік жағалары тҧрақты емес, ӛзеннің біресе оң жағында біресе сол
жағында кезек-кезек ауысып тҧрады.
Достарыңызбен бөлісу: