148
және
sparіa -шар) деп ӛз қҧрамында атмосфералық ылғалдың басым кӛпшілігі қатты заттар кҥйінде тҧратын
тропосфераның қабатшасын айтады. Мҧнда қар жауу басым болып, ҥнемі қар мен мҧз сақталуы мҥмкін.
Хионосфераның тӛменгі шегі – қар сызығы (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988). Қар шекарасының биіктік деңгейі
климат жағдайына тікелей байланысты. Мәселен, Анды тауларында, Магеллан бҧғазының аймағында ол 900 м.
биіктікте орналасса, оңтҥстік тропикалық ендігінде 6700 м биіктікке жетеді. Демек, қар шеқарасының ең биік
жері - тропикалық белдеу. Ал, экваторлық белдеуде жауын-шашынның молдығынан оның деңгейі біраз
тӛмендеу болады.
Мысалы, Килиманджаро тауларында қар шекарасының биіктігі - 5500 м. Экватордан солтҥстік бағытқа қар
шекарасының биіктігі тӛмен тҥсе береді. Шпицбергенде оның биіктігі 600-м-де байқалса, Франц-Иосиф жерінің
солтҥстік аралдарында 50 м., ал полюске жақындаған кезде қар шекарасы теңіз деңгейіне дейін тӛмендейді.
Табиғи мҧз екі тҥрге - су мҧзы және қар мҧзы болып ажыратылады. Су мҧзы - қҧрлықтағы судың немесе мҧхит
суының мҧз боп қатқан кезде пайда болса, қар мҧзы - қардың метаморфтанғаннан пайда болады.
Қар сан мәрте
қату мен ерудің сондай-ақ кысымның нәтижесінде баданадай ірі тҥйірлі қҧрылым алып, фирнге (тҥйіршікті
тығыз қарға) айналады. Ол одан арғы ӛзгеру процестерінен ӛткен соң глетчер мҧзына, яғни қҧрлықтағы
мҧздықтар мҧзына айналады. Сӛйтіп, шамасы 10-13 м
3
қардан 1 м
3
мҧз жаралады.
Мҧздықтардың пайда болу жағдайы мен қоректенуі.
Мҧздықтардың тҥрлері
Жер бетінде ҧзақ уақыттар бойына сақталатын кристалды мҧз шоғырын (қорын) мҧздық деп атайды. Олар
таулы ӛлкелерде тек қарлы шеқарадан жоғары аймақтарда тҥзіледі. Мысалы, Іле Алатауында қар жиегі 3700-
4000 м. биіктікте орналасқан. Алайда динамикалық процеске орай мҧздықтар бҧл шекарадан тӛмен тҥсе алады.
Кӛлемі ҥлкен мҧздықтар ӛз салмағынан және иілгіштік (пластичность) қасиеттерінің әсерінен таудан тӛмен
қарай жылжиды. Мҧздықтардың жылжу жылдамдығы тәулікте бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін
жетеді.
Мҧздықтардың қоректенуі оның бетіне қар тҥрінде тҥсетін атмосфералық жауын-шашын есебінен, жел арқылы
айдап алып келген және тау баурайларынан қҧлаған қардан, сонымен қатар мҧздың ҥстінде ауадағы
булардың суға айналуынан жҥзеге асады. Судың қатты фазасының, яғни қардың, фирнның, мҧздың балансы
жағдайларына қарай мҧздықтың ӛзі
аккумуляция және
абляция зонасына бӛлінеді. Мҧздық массасының еру
және булану арқылы кемуі абляция деп аталады. Абляция мҧздықтың шеткі бӛлігі қалыңдығының жҧқаруына
әкеліп соғады. Абляцияның қарқындылығы ауа температурасына тікелей байланысты. Температураның
ауытқуымен қатар абляция да ауытқып тҧрады. Сондықтан мҧздықтың алдыңғы жиегі тҧрақты орнында қалмай
ӛзгеріп тҧрады. Оның сәл ғана алға қозғалуы мен артқа шегінуі
осциляция деп аталады. Мҧздықтардың
негізгі
тҥрлері туралы айтсақ, ең алдымен ажырата белгілейтініміз, жамылғы мҧздықтар немесе материктік мҧздықтар
және таулық мҧздықтар. Таулық мҧздықтар кӛбінесе биік тау беткейлерінде және аңғарлардың бастауында
тараған. Мҧздықтардың осы екі негізгі тҥрлерімен қатар тау етегі мҧздықтары мен шельфтік мҧздықтарды атап
айтуға болады. Жамылғы мҧздықтар миллиондаған шаршы километр аумақтарды алып жатады және ҥсті
жайпақ дӛңестеу келеді. Мҧндағы мҧздар мҧздықтың ортасынан шетке қарай жылжиды. Қазіргі кезде Жер
шарында бар-жоғы екі материктік жамылғы мҧздықтар бар. Олар Гренландия мен Антарктиданың мҧз
жамылғылары. Мҧндай мҧздықтардың ӛздеріне тән ерекшеліктерінің бірі-олардың кең байтақ аумағы мен
(Антарктидадағы мҧздану кӛлемі 13.2 млн. шаршы километрге жуық алқапты алып жатыр) және орасан зор
қалындығы (4 километрге дейін). Мҧздық жамылғысының ең жоғарғы қалындығы оның орталық бӛлігінде. Ал
жиектерінде мҧздықаың қалыңдығы кемиді, сӛйтіп бҧл аймақтардың астынан тасты қҧндағының кейбір
шығыңқы тҧстары кӛрінеді.
Мҧндай жерлерді Антарктидада "оазис" (жазира) деп атайды. Мҧның мысалы Советтік антарктидалық
"Мирный" станциясы тӛңірегінде Бангер оазисі. Егер мҧндай тасты сілемдер мҧздықтың бетінде оқшауланып
кӛрініс берсе, оларды
нунатаки дейді.
Гренландия мен Антарктиданың жамылғы мҧздықтары ӛздері кӛмкеріп жатқан
бедердің жағалаулық еңісті
жазықтықтары арқылы теңізге қарай жылжиды. Мҧздардың бҧл ағысы ысырылған мҧздықтар (выводные
ледники) деп аталады. Суға жеткен мҧз жҥзіп шығады да сынады, соның нәтижесінде теңізде еркін жҥзіп
жҥретін орасан зор мҧздар (қалқыма мҧздар) мҧзтаулар (айсбергтер) пайда болады. Теңіз ағысымен жҥзген
мҧзтаулар тӛменгі ендіктерге жетіп, бірте-бірте ери бастайды. Еру барысында мҧзтаудың ішіндегі әр тҥйірлі
материал айсбергтен босап, теңіз тҥбіне шӛгеді. Антарктида шеткі аймақтарындағы мҧздардың едәуір аумағы
шельфтерде жатады немесе біразы жҥзіп жҥреді. Бҧларды шельфтік мҧздықтары дейді.
Егер қар шеқарасы, мҧздануға ҧшыраған тау етегі деңгейімен шамалас жатса, мҧздық тау етегіндегі жазыққа
шығып, жан-жаққа жайылып кетеді. Осы даму сатысындағы мҧздықтар, тау етектік мҧздық (ледники
подножий) деп аталады. Мҧндай мҧздықтың бірі - Аляскадағы Маластин мҧздығы. Бҧл бірнеше аңғарлы
мҧздықтардың тау етегінде бір-бірімен қосылуы нәтижесінде пайда болған.
Жер бетінде мҧздықтар кӛмкерген алқаптың жалпы ауқымы 16 миллион шаршы километр, немесе олар қҧрлық
бетінің 11 %-ын алып жатыр. Оның 13,2 млн, шаршы километрі Антарктиданың ҥлесінде (барлық мҧздық
кӛлемінің 85,3%-і). Мҧздық аумағы ең аз материк - Африка. Мҧнда бар жоғы 23 шаршы километрді ғана алып
жатқан мҧздық бар. Гренландия мҧздығы 1,7 млн. км
2
алапты қамтиды. ТМД елдерін арктикалық және таулы
аймақтарында 28000 мҧздықтар бар, олардың ауқымы - 75 мың км2. Бҥкіл жер бетіндегі мҧздық пен мәңгі
149
қардың жалпы кӛлемі 27-30 млн км3. Егер осы мҧздықтар тҥгелімен ерісе, әлем мҧхитының деңгейі шамамен 60
м-ге дейін кӛтерілу мҥмкін екендігі есептелген.
Қҧрлықтың едәуір бӛлігін кӛмкере отырып, мҧздықтар экзогендік морфогенезде елеулі және маңызды ролін
атқарады. Ежелгі мҧзбасу заманында жазғы және ортажылдық температураның тӛмендегенінен климаттың
салқындауынан қатты кҥйде тҥскен атмосфералық жауын шашынның мӛлшері ҧлғаяды. Мҧндай кезде тау
ӛлкелерінде мҧз қату жағдайы ҧлғая келіп, қар шекарасының тӛмендеуіне әкеп сокқан. Нәтижесінде Солтҥстік
Америка мен Евразия жазықтарында қалың жамылғы мҧздықтар пайда болған
және олардың
бедер тҥзуші ролі арта тҥскен.
Мҧз балансының кіріс және шығыс бӛліктерінің ара қатынасына байланысты оның дамуы бірнеше тарамдарға
(фазаларға) бӛлінеді: мҧздықтың ҧлғайып қарқындауы, мҧздықтың тҧрғылық қалыпты жағдайы және еріп кейін
шегінуі. Осы мҧздықтың әр фазасына байланысты бедердің мҧздықтық пішіндерінің белгілі кешені
қалыптасады. Мысалы, мҧздықтың қарқынды шағында, мҧз негізінен қиратқыш жҧмысын жҥргізеді, ал
тҧрғылықты қалпында, немесе кеміп не кейін шегінген кезде кӛбінесе аккумуляциялық мҧздық пішіндерін
тҥзеді.
Таулық-мҧздық бедер
Таулы ӛлкелердегі мҧздық тҥрлері орографиялық орналасу және қоректену жағдайларына байланысты сан
алуан тҥрлі. И.С.Щукин тау мҧздықтарының мынандай тҥрлерін ажытарады:
1. Қарлы мҧздық (фирн) және қар дақтары - қар деңгейінен биігірек орналасқан ӛңірлерде таудың жайпақтау
келген беткейлерінің ойпауытты жерлерінде тҥзелген мҧздықтар. Бҧл қар тҥскен кҥйінде жан-жағынан
қоршаулы болғандықтан, доғалданып, қатып ірі тҥйірлі қарлар мен мҧздардың (линза тәрізді) жиынтығы. Олар
мҧз басудың алғашқы сатысы болып саналады, немесе ҥлкен мҧздықтардың кішіреюі салдарынан сақталып
қалған кіші-гірім мҧздықтар;
2. Қҧламалы кӛлеңкелі беткейлердің етегінде қар кӛшкіндерінен жиналған баспалдақ тәрізді мҧздықтар
(ледники ступенобразных поверхностей).
3. Ілінбелі немесе аспалы мҧздықтар (висячие ледники) - таудың қҧламалы
беткейлерінде кіші-гірім
шҧңқырларды толтырады да одан шағын тілденіп қана шығады. Егер мҧздықтар қабақтан асып кетсе, онда
тӛмен қҧлдырап,
жолындағының барлығын қиратып, едәуір апат туғызуы ықтимал.
4. Қарлық мҧздықтар (каровые ледники) - тау басындағы беткейлерде орындыққа ҧқсас шҧңқырлардың тҥбінде
тҥзелген шағын мҧздықтар.
5. Аңғарлық мҧздықтар (долинные ледники) қар және жауын-шашын ӛте мол жағдайда пайда болады. Бҧлар
мҧздық цирктерінен басталып негізгі аңғар арқылы тӛмен қарай созылып кӛптеген бҥйірлік тарамдармен бірге
косылып, бҥкіл аңғарды алып жататын кҥрделі мҧздық. (Қарақорым тауларының мҧздықтары, Памирдегі
ҥзындығы 72 км-ге жеткен Федченко мҧздығы жан- жақтан 20 саласын қосып алады). Мҧздықтың орта
тҧсындағы қалындығы жҥздеген метрге дейін болады, тӛменгі тҧсында сҥйірленіп кемиді.
6. Сӛнген жанартау кальдерінде орналасқан кальдерлік мҧздықтар (кальдерные ледники);
7. Жанартау конустарының тӛбесін жауып жатқан мҧздықтық бӛрік (Кавказдағы Эльбрус пен Қазыбектің
тӛбесіндегі мҧздықтық бӛрік және т.б.);
8. Екі биік тау жотасынын, арасынан қоректенген екі жағына бірдей жылжып ағатын қоржын мҧздықтар
(переметные ледники).
9. Норвегия немесе Скандинавия мҧздықтарына ҧқсас мҧздықтар – таулы мҧздықтар мен жамылғы мҧздықтар
арасындағы ӛтпелі мҧздықтар (переходные ледники). Мҧздықтардың мҧндай тҥрлері ҥстірт тәрізді тегістелген
тау ӛлкесін алып жатады. Кіндік ортасынан жан-жаққа таралған мҧздық тау ӛлкесінің шетіне жеткенде жеке
мҧздықтық тілдерге (ледниковые языки) бӛлініп, тӛмен қарай жылжиды.
10. Қайта тҥзілген мҧздықтар (возрожденные лединки) – мҧздық жолында биіктеу келген жар қабақты
кертпештерге кездескен кезде мҧздықтың тҧтастығы бҧзылып, тӛменгі етегіне кесек-кесек мҧз сенгірлеріне
бӛлініп тҥседі. Егер осы мҧз кесектері еріп ҥлгермесе, олар бір-біріне жабысып, тӛмен гипсометриялық
деңгейде жаңадан мҧздықтар қҧрайды.
И.С.Шукин жоғары айтылған мҧздықтардан басқа Тянь-Шань тауларында кӛбінесе қар кӛшкіндері есебінен
ӛзен аңғарларының бастауында пайда болатын Тҥркістан мҧздықтары тектес мҧздықтарды белгілеген.
Тауда мҧздықтардың пайда болуы қар жҧрнағынан немесе фирн дақтары қалыптасу кезеңінен басталады. Қар
шекарасына сәл жоғары тау басындағы беткейлердің ойпауытты жерлерде қыстай жиналған қар жазда еріп
ҥлгермейді. Келесі жылы мҧнда тағы да жаңа қар тҥседі. Сӛйтіп қар біртіндеп фирнге, кейін мҧзға айналады.
Мҧздың тҧрақты жиналған қоры астында жатқан тау жыныстарының аяздық ҥгілуіне қолайлы жағдай туғызса,
ал қар сулары ҥгілген заттардың тӛмен қарай сырғып шығуына қамтамасыз етеді.
Мҧнда температура ауытқып, судың қату және еру процесі кезек-кезек ауысуы нәтижесінде
онымен беттескен
тҥпкі тау жыныстарының бҧзылуын нивация дейді. Соның нәтижесінде жиналған қардың астыңғы жағы
тӛмендеп бірте-бірте тау беткейінде орындық (кресло) тәріздес артқы қабырғасы қҧламалы немесе тік келген,
тҥбі жайпақ ойыңқы пайда болады. Мҧндай бедер пішінін кар (шотландша - орындық) деп атайды [Сурет-85].
Енді мҧздың ӛз дамуының жаңа сатысына (кезеңіне) кар пішіндес мҧздыққа (каровый ледник) кӛшеді.
151
Кар пішіндерінің сатылы тҥрде орналасуы палегеоморфологиялық және жаңа тектоникалық қозғалыстарды
зерттеуде ҥлкен роль атқарады, ӛйткені ол плейстоценнің әр кезеңіндегі кӛне қар шекарасының деңгейін және
биік тау бедерінің қалыптасу тарихын зерттеп білу мҥмкіншілігін қамтамасыз етеді.
Сурет-87
. Кар бедер пішіндерінің баспалдақтары (С.В.Лютцау бойынша)- 1 -мҧз, 2 - су; 3 – кӛл шӛгінділері; 4 -
беткейлер шӛгінділері; 5 - тҥпкі тау жыныстар- 6 - ірі кесекті
тау жыныстардың ауыссу бағыты; 7 - әр мҧз басу
кезеңдеріндегі қар сызығының орны; а, б, в - бҧрынғы мҧз басу кезеңдерінде қалыптасқан және сыртқы
морфологиялық белгісін жоғалтқан ежелгі карлар; г – қазіргі мҧздықтар әрекетінен қалыптасқан карлар.
Мҧздықтардың келесі даму сатысы аңғарлық мҧздықтардың қалыптасуы. Мҧздықтың кӛлемі ҥлғая келе жаңағы
кар деген бедер пішіннің шегіне сыймай беткейдің еңісімен тӛмен қарай жылжи бастайды. Жылжу жолында
мҧздық әдетте эрозиялық пішіндерді (кӛбінесе шатқалды, сайларды, немесе ӛзен аңғарларын) пайдаланып, оны
барған сайын ӛз салмағымен қопарып кеңейте береді. Мҧздықтардың бҧзушылық әрекеті әсіресе олар қозғалған
кезде орасан зор. Мысалы, қалыңдығы 100 метрдей мҧз қабаты жылжығанда, оның табанына тҥсетін қысым
мӛлшері әрбір текше метрге 92 тоннадай болады екен. Мҧздықтардың бҧзу әрекеті "экзарация" (латынша
Достарыңызбен бөлісу: