160
Олар тау жыныстарының еруінен, сумен сілтілену және шайылу арқылы, сондай-ақ суффозия, сазды карст,
абразия және т.б. процестер нәтижесінде пайда болады.
Кейбір аймақтарда ҥңгірлер, әр тҥрлі гипсометриялық деңгейде орналасып, бірнеше қабаттар қҧрайды.
Ҥңгірлердің қабаттасуы жер ҥстіндегі сулардың деңгейіне байланысты. Егер жердің тектоникалық жоғары
кӛтерілуі әсерінен беткі судың эрозия базисы тӛмен тҥссе, ҥңгірдегі жерасты сулары да соған ілесе тӛмен
ауысып, ҥңгір қҧрғап қалады. Ал тӛмен қҧлдыраған су жаңа базис деңгейінде жаңа қабатты қуыстар мен
ҥңгірлер сала бастайды. Карстық ҥңгірлердің ішіндегі ірілерінің бірі - АҚШ-тың Кентукки Штатындағы
ҧзындығы 100 км. Флинт-Ридж және Нью-Мексика штатындағы Карлсбал ҥңгірлері. Ҥлкен ҥңгірлердің тҥбінде
жерасты ӛзендері мен кӛлдері де кездеседі. Кейбір ҥңгірлерде (Орал тауындағы Кҥнгір ҥңгірі) мҧз сҥңгілері мен
кристалдары, ал карбонатты тау жыныстарындағы ҥңгірлерде ерекше карст қҧрылымдары – сталактит,
сталагмит атты табиғи бағаналары және т.б. тҥзеледі.
Сталактит (грек.
stalaktas - тамып тҧратын) - ҥңгірлердің тӛбесінен тҥтікше, шашақ, тарақтың тісі тәріздес
жоғарыдан тӛмен қарай біртіндеп ӛсетін тамшылап аққан минералданған сулардың кебуінен тҥзіледі.
Сталагмит (грек.
stalagma - тамшы) - ҥңгірле рдің тҥбіне тамшылаған минералды сулардың әсерінен тӛменнен
жоғары қарай біртіндеп ӛсетін минералдық тҥзілім. Бір мезгілде қарама-қарсы жақтан ӛскен минералдық
тҥзілімдер қосылып, біртҧтас бағаналар қҧрады. Мҧз сҥңгілері дамыған ҥңгірлерді мҧздық немесе суық
ҥңгірлер дейді. Мҧз бен қардың пайда болуы ҥшін алдымен лайықты климаттық жағдаймен ҥңгірдің ішкі бейне
қҧрылымы сәйкес болуы тиіс. Егер ҥңгірге кіретін жері жазық бағытта болмай жоғарыдан тӛмен қарай сәл
еңкіштеу болса, онда салқын ауаның, сонымен бірге қар мен мҧздың жиналуына қолайлы жағдай туады.
Карстық аймақтардың аңғарлары мен өзендері. Карстық ӛлкелердің аңғарлары мен ӛзендерінің сипаты
гидрологиялық режиміне және тау жыныстардың карстқа ҧшырау дәрежесіне байланысты. Карст дамуының ең
алғашқы мерзімінде жербеті сулары мен жерасты карстық суларын ажыратуға болады, ал карст процесінің ең
соңғы сатысында жерасты сулары мен беткей суының арасындағы шекара біртіндеп жойылады. Атмосфералық
жауыншашын суының бір бӛлігі саңылаулар мен жарықшақтар арқылы, енді бір бӛлігі карст қуысы мен
ҥңірейген жарықшақтар арқылы жер астына еркін кетеді. Мҧндай жағдайларда карстық аймақтарға тән "соқыр"
аңғарлар және қҧр аңғарлар пайда болады. Бҧлардың пайда болу себебі ӛзен бойымен ағып келе жатқан
су жолшыбай кездескен арна тҥбіндегі карстық жарықшақтарға сіңіп - "қҧлап" кетеді де әрі қарай
жерастындағы қуыстарды бойлай ағады. Кейінірек ағын жер бетіне қайтадан шығып, беттік суға айналып, ӛзен
қҧрады. Осындай "соқыр" немесе қҧр ӛзендер Қырым тҥбегінде, Кавказда, Оралда және Орта Азияда кездеседі.
Қырымдағы ӛзеннің суы кенеттен жерге сіңіп жерасты суына айналады, ал ҥстінде малта-тҥйіршік тастардан
қҧралған ӛзеннің қҧр арнасы ғана қалады. Шамасы 10 км-ге дейін су жерастымен ағады да одан соң Қарасу
деген атауымен қайтадан жер бетіне шығады. Мҧндай сулар алғашқы рет Франциядағы Воклюз жотасында
зерттелген, содан бері ондай суларды воклюз сулар деп атап кеткен. Жоғарыда айтылған карстық пішіндерден
басқа тропикалық зоналарда (Оңтҥстік Қытай, Вьетнам, Гвинея) және тағы басқа елдерде кездесетін
тропикалық карст деген ӛзгеше карстық пішіндер кең дамыған. Бедер элементтерінің морфологиялық жағынан
қарағанда тропикалық карст кҥмбезді, мҧнаралы, шоқы тәрізді және қазаншҧңқырлық (котлованный) карст
тҥрлеріне бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: